Ашық сабақ Біздің ән

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Әннің мазмұнымен таныстыра отырып, әуенімен таныстыру.Оқушылардың есте сақтау музыкалық ырғақты сезіну қабілеттіліктерін дамыту.

Көрнекілігі: Әндер жазылған текшелер, нота аттары.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

а.) амандасу, тексеру.

ә) психологиялық дайындық.

Ал,қанекей, балалар

Сәлемдесіп алайық.

Сабағымызға керекті

Кітап, дәптер алайық.

Тыныштықты сақтайық

Тазалықтан қашпайық

Дауысымызды жаттықтырып

Ән сабағын бастайық.

Мұғалім: Ал енді балалар тіл, көмекей, жақ сүйектерімізбен жұмыс жасай отырып до мажор гаммасын жоғары төмен айтып дауыс ырғағымызды келтіреміз.

-Қане енді үй тапсырмасына тоқталайық.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Жаңа сабақ

Ал енді бүгінгі күнді дәптерімізге жазайық.

Балалар музыкада неше нота дыбысы бар?

Оқушылар: 7 нота дыбысы бар.

Мұғалім: Осы ноталарды жазу үшін нота сызығы керек.

Мысалыға: Математика пәнінен сандарды жазу үшін бізге тор көз, қазақ тілінен әріптерді жазу үшін үлкен жол дәптер керек болса, нота жазу үшін бізге нота сызығы керек. Нота сызығы 5 сызықтан тұрады. Ол төменнен жоғары саналады. Нота сызығының бойыны скрипка кілті қойылады да осы 5сызықтың бойына ноталар жазылады.

Бүгінгі өтетін Ғизатовтың «Біздің ән» әні де осы ноталар жайында жазылған. Енді осы әнімізді айтып көрейік.


  1. Үйренсең нотаны әнде саласың.

Барлығын оп-оңай жаттап аласын.

Қ-сы

Сен де қосыл жасқанба

Әнің жетсін аспанға.

2. Шырқалсын әрқашан әсем ән ғана.

Шырқасын бұл әнді күнде бар бала.

Қ-сы:

Сен де қосыл жасқанба

Әнің жетсін аспанға.

Мұғалім: Ән екпіні қалай орындалады?

Оқушылар: Жылдам, шапшаң, көңілді.

Мұғалім:Әннің мазмұны не жайлы айтып тұр?

Оқушылар: Әнде нота дыбыстары, аспанымыз күлімдеп туған даламызды әсем әнмен көркейту жайлы.

Сергіту сәті:

Суда жүзіп өсеміз

Таулар көріп өсеміз

Жеміс теріп өсеміз

Жеңіскер боп өсеміз.

Талаптанып, қанаттанып өсеміз.

Балалар сендерге ойын ұнай ма?

Ендеше қазір « әнді жалғастыр» ойыны арқылы сабағымызды бекітеміз.

Бағалау.

Үйге тапсырма: сөзін жаттау.

© 2010-2022