• Преподавателю
  • Музыка
  • Открытый урок на тему «Аспапта үйрету - оқушыны жан жақты дамытудың негізгі әдісі»

Открытый урок на тему «Аспапта үйрету - оқушыны жан жақты дамытудың негізгі әдісі»

Раздел Музыка
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың такырыбы:

«Аспапта үйрету - оқушыны жан жақты дамытудың негізгі әдісі»

Хасенова Аида 4 класс

Сабақтың мақсаты:

1) Аспап тарихымен таныстыру. Баянның музыка өнерін де алатын орнын көрсету.

2) Музыка тындауды қалыптастыру музыканы көнілге қондырып,журекке жылы тигізіп,сезе тусініп оның сикырлы әлеміне бойлауын адам баласына сезіндіру.Открытый урок на тему «Аспапта үйрету - оқушыны жан жақты дамытудың негізгі әдісі»



3) Окушынын сабакка ынтасын арттыру,музыканы өнер ретінде танып,оны өмір қажетіне айналдыру.

Пайдаланатын көрнекі- құралдар;композиторлардын портреттері,шыгармалар жинагы.

Әдісі: Баяндау,музыкалык шыгармаларды орындату.

Сабақ барысы:Мұгалімнің кіріспе сөзі:-Құрметті әріптестер,бүгін 4-сынып оқушысы Хасенова Аидамен өткелі отырган ашық сабаққа қош келдініздер! Біз тамаша музыкалық аспап- баян туралы әнгіме жургізсек деп отырмыз.Сіздер осы баян қандай аспап және ол музыкада неліктен осынша маңызды орын алатындыгы жөнінде ойланып көрдініздер ме?

Әрине,сіздер баянды жақсы білесіндер.Оны концерт залдарында,мәдениет үйлерінде ,музыка мектептерінде кунделікті көріп журсіздер. Баян - орыс халқының музыкалық аспабы. Төрт қатарлы гармонның 1907 жылы П. Е.Стерлигов жетілдірген түріне баян деген атау берілді.

Аспаптың оң жақ клавиатурасында 5-6 қатар түймелерден түзілген, диапазоны 4-5 октаваны қамтитын дыбыстыққатар, ал оңжағында 3-5 қатар түймелерден тұратын, 3-4 октаваны қамтитын дыбыстық қатар және дайын аккордтық сүйемелдер бар.

XX ғасырдың басында Ресейде баян жасаудың В. П. Хегстрем, Н. З. Синицкийлер ойлап тапқан жүйелері (мәскеулік, шетелдік, т.б.) пайда болды. 1929 жылы Стерлигов баянның шартты түрдегі "дайын-таңдамалы" түрін ойлап тапты. Оның жетілдірілген соңғы үлгілері - көптембрлы "дайын-таңдамалы" баяндар.

Баян жеке орындауда, сонымен қатар ансамбль, оркестрлерде де пайдаланылады. Ол музыкалық ұжымдардың, көркемөнерпаздар үйірмелерінің, сондай-ақ, көпшілік халықтың арасында да кең таралған.


Оқушымен жұмыс барысы:

А) Гамма до мажор - ля мажор, соль мажор - ми минор. Бір бағытта

2 октавада жоғары төмен ойнау. Қарама - қарсы түрімен жүргізу.

Арпеджио дұрыс аппликатурамен ойнауын талап ету.

Аккордтарын ойнату.

Б) Техникалық шығарама Эдюд «Черни» тізбектегі ноталарды дұрыс, жинақы ойнау, динамикалық белгілерді ескеріп ойнау.

Жаңа шығарма «Көктем » шығармасын талдау.

В) Өткен шығарамаларды жақсы,таза ойнап еске түсіру.

Бүгінгі сабақты қорытындылай келе , ұлы ғалым Чарльз Дарвиннің сөзімен аяқтағым келіп тур: «Егер маған қайтадан екінші рет өмір сүруге тура келетін болса, мен белгілі мөлшерде өлеңдерді оқып,белгілі мөлшерде әрі кеткенде музыканы аптасына бір рет тыңдауды өзім үшін ереже еткен болар едім. Бұл тағылымдардан айырылу бақыттан айырылумен тепе - тең» деген екен.

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Балалардың аудандық

саз мектебі» мемлекетті коммуналдық қазыналық кәсіпорны





Бекітілді:

Аудандық балалар саз мектебі

Директорының оқу - тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары Б.С.Иманжанова

« » 20 ж.


Ашық сабақ

Тақырыбы:

Аспапта үйрету - оқушыны жан жақты дамытудың негізгі әдісі»


Өткізген: Баян класының оқытушысы: Қ.Е.Дюсекешов



2016 ж.

© 2010-2022