Квартет ашық сабақ 2 сынып

Раздел Музыка
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:







2 - сынып









Тақырып: Квартет































2015 - 2016 оқу жылы

Пән иесі: Әділжан. Әкімжан



Квартет

(Сабақ бір сағатқа жоспарланған)

Сабақтың білімділік мақсаты:

  • Ән тыңдау, ән орындау шеберлігін, музыка өнеріне қызықтыру.

  • Квартет туралы түсінік беру, композитор туралы ұғым.

  • Білімдерін сарамандық жүзінде жасай білуге дайындау.

Дамытушылық мақсаты:

  • Музыка шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдыландыру.

  • Мақсатқа өз бетінше жету үшін оқушыға мүмкіндік беру.

  • Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруде әдістемелік әдістерді басшылыққа алу.

Тәрбиелік мақсаты:

  • Мазмұнды эмоциялық сезінуге тәрбиелеу.

  • Көркемдік талғамын дамыту.

  • Музыка шығармалары арқылы білімдерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Құрал - жабдықтар: домбыра, кітап, сөздіктер, көрнекіліктер, магнитофон.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (қызығушылықты ояту) 2 мин.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, ән-күйлерден 1-2 шығарма тыңдату.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 5 мин.

Үйге берілген тапсырманы жан-жақты тексеру, оқушы жұмыстарын бағалау, көрнекі түрде көрсету, мадақтау, кемшіліктеріне тоқталу.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау (сұрақтар арқылы) 3 мин.

Өткен сабақта Хор түрлерімен танысқан болатынбыз.

  • Хор мен таныстық.

  • Хордағы дауыс түрлері.

  • Абайдың әні «Көзімнің қарасы»әнін орындау.

IV.Жаңа сабаққа кіріспе (Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру).

Бүгінгі сабақта Квартет туралы өтіледі, ансамбль туралы ұғымдар, және орындаушылар топтар, әндер мен күйлер тыңдап, бірге орындау, күйлермен сыр шерту.

V.Жаңа сабақ 20 мин (көрнекіліктерді пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру).

- «Квартет для струнных 1» үзінді. Ғ.А.Жұбанова.

- Квартет өте ертеде пайда болды.

- Ансамбль - музыкалық шығарманы бірнеше музыканттың бірігіп орындауы. Мысалы:музыканы орындаушылардың санына қарай олар әртүрлі аталады.

Бір орындаушы - соло (жеке орындау),

Екі орындаушы - дуэт,

Тш орындаушы - трио,

Төрт орындаушы квартет деп аталады.

Қазақстан елінде квартет болып ән шырқап жүргендер өте көп, мысалы: жігіттер квартеті , меломен тобы ,жебе тобы ,асыл тобы т.б

VI. Білім-білікті бекіту. 5 мин

«Квартет» тақырыбы бойынша түсініктерің.

Жауаптары: Төрт орындаушының бірігіп орындауы, төрт орындаушыдан түратынды квартет деп аталады.

VII. Сарамандық жұмыс.

  1. дауыс ашу жаттығуларын жасау.

  2. Қандай аспаптың дауысын естідің,

  • Төрт музыканттан тұратын ансамбль қалай аталады.

  • Түсінгендерін сүрау: Сұрақ - жауап.

Түсінгеніңді тексер:тапсырма қазақ музыкасындағы қандай танымал квартеттерді білесің? Ізден, сұрастыр.

VIII. Қорытынды бөлім.

Бағалау парағы бойынша оқушылардың білім деңгейі бағаланатын.

Ән - көңілдің ажары. Дегендей бүгінгі тақырыпта музыканы тыңдау ойлау. Ырғақты сезіне білу, музыка шығармалары арқылы білімдерін кеңейту.

© 2010-2022