Музыка пәнінен оқытудағы жаңа иновациялық әдістер

Раздел Музыка
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыка пәнінің оқытудағы жаңа иновациялық әдістердің тиімділігі.

Музыка пәнінің көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенімен де оқушылырдың бейімдеу қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын жақсы ұйысдастырылған саббаққа байланысты арттыру. Сондықтан оқушылырдың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, сабақты тақырыппен байланыстыру, музыка түрлерінің шығу тарихымен таныстыру, дамыған елдердің музыка түрлері, музыканың әр саласындағы белгілі композиторлар өмірі, Қазақстандағы, әлем елдеріндегі композиторлар, музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық иәліметтер беріп отыру. Сонымен қатар оқушылырға бұқаралық ақпарат құралдарынан, журналдардан әлем елдеріндегі атақты композиторлармен таныстыру және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет. Осы тұрғыда оқушылар атақты композиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен таныса отырып, өздері де сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен орындауға тырысады. Оқушылыардың қызығушылығы, белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының артатыны сөсіз. Ұлы неміс педагогы А.Дейстербергтің «Жаман мұгалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді. -дегенді. Сондықтанда оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа иновациялық әдіс тәсілдері болып табылады. Бұл мұғаліммен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, музыкаға бейім оқушылырмен белсенді жұмыс істеп қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана күрделі деңгейде тапсырмаларды орындауға көшіп отырады.


© 2010-2022