Сабақтың тақырыбы: Казақтың халық музыкасы

Қазақтың халық музыкасы Ашық сабақ  5 сынып Сабақтың  тақырыбы: Қазақтың  халық  музыкасы Сабақтың  мақсаты: Қазақ халқының музыкасы туралыәңгімелеу,аспаптар үнің таныту,олардың шығу тарихын білуге,насихаттауға ,ұрпақтан–ұрпаққажеткізу, баланың  бойынасіңіру. Білімділік  мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау ,талдау, насихаттау. Дамытушылығы:   Әндісүйемелдеуменәндетуәдісіндамыту,музыкалық сауаттылығын ашу, есту  ,есте сақтау қабылеттерін дамыту. Тәрбиелік  мәні:    Оқушыларға халық музыкасы арқ... № Сабақ барысы Уақыты Жоспары 1 Ұйымдастыру 2 минут Сәлемдесу,түгелдеу.   2 Өткен сабақты сұрау 4 минут Қазақтың  ұлттық музыкалық аспаптары (картачкамен жұмыс) 3 Жаңа сабақты түсіндіру 8 минут Қазақтың  халық  музыкасы. 4 Музыкалық тыңдау 3 минут «Көрұғлы» Дәулеткерейдің  күйі 5 Әндету 8 минут «Домбырасыз  сән қайда » әні И.Нүсіпбаев. 6 Шығармашылық жұмыс 3 минут Сөзжұмбақты  шешу. 7 Музыкалық ойындар 7  минут Викториналық  тест (Аспаптар  үні.) 8 Қорытындылау 5 минут «Қазақтың халық  музыкасы». 9 Бағалау 3 минут «5», - «4»,-  «3»- . 10 Үйге тапсырма 2 минут 27-31 бет оқу,әңгімелеу. -Сәлеметстиңдер ме  балалар  ! -Мінекей  біздің  бүгінгі  сабағымыз  үлкен  мерекеге  ұласуда.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Начало формы

Конец формы

Қазақтың халық музыкасы

Ашық сабақ 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының музыкасы туралы әңгімелеу,аспаптар үнің таныту,олардың шығу тарихын білуге,насихаттауға ,ұрпақтан - ұрпаққажеткізу, баланың бойына сіңіру.

Білімділік мәні: Халық әндерін , күйлерін тыңдау ,талдау, насихаттау.

Дамытушылығы: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,музыкалық сауаттылығын ашу, есту ,есте сақтау қабылеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларға халық музыкасы арқылыықыласын көтеругеықпал ету, сахна мәдениетін қалыптастыру , ой - өрісін кеңейту.

Сабақ типі:Жаңа сабақ, аралас сабақ.

Көрнекілігі: Аудио,видео,интерактивті тақта, магнитофон,карточкалар,таспалары,слайдтар.

Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.

Сабақ барысы

Уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 минут

Сәлемдесу,түгелдеу.

2

Өткен сабақты сұрау

4 минут

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

(картачкамен жұмыс)

3

Жаңа сабақты түсіндіру

8 минут

Қазақтың халық музыкасы.

4

Музыкалық тыңдау

3 минут

«Көрұғлы» Дәулеткерейдің күйі

5

Әндету

8 минут

«Домбырасыз сән

қайда » әні И.Нүсіпбаев.

6

Шығармашылық жұмыс

3 минут

Сөзжұмбақты шешу.

7

Музыкалық ойындар

7 минут

Викториналық тест

(Аспаптар үні.)

8

Қорытындылау

5 минут

«Қазақтың халық музыкасы».

9

Бағалау

3 минут

«5», - «4»,- «3»- .

10

Үйге тапсырма

2 минут

27-31 бет оқу,әңгімелеу.

-Сәлеметстиңдер ме балалар !

-Мінекей біздің бүгінгі сабағымыз үлкен мерекеге ұласуда.

-Сабағымызға келген қонақтарды қарсы алайық.

Сәлемдесу (оқушылар орнынын тұрып сахна мәдениетің сақтап сәлемдеседі)

-Иә, балалар біздің бүгінгі өтетің жаңа тақырыбымызды жазамыз.

«Қазақтың халық музыкасы»

«Екі ішектің бірің қатты , бірін сәл- сәл кем бұра.

Қазақ нағыз қазақ емес ,

Нағыз қазақ домбыра.» - деп ақын Қыдыр Мырзалиев ағамыз айтқандай , біз балалар өткен сабақта «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» атты тақырыбымен танысқан болатынбыз.

(Карточка таратамыз, аспаптың суреттерімен безендірілген)

- Қанекей қандай қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білесіндер?(домбыра, қобыз,шертер, жетіген,асатаяқ , дауылпаз , даңғыра , дабыл,шаңқобыз , сыбызғы , сазсырнай , мүйіз сырнай , үскірік , ұран т.б)

-Аңыз бойынша домбыры аспабы қалай пайда болған?

«Қос ішек» күйінің аңызын балалар кім айтады? ( Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын , қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап , кәсіп етсе керек.. Бірде жолы болып , теңбіл марал атып аладыда етекке түсіру үшін ішек қарнын ақтарып алып тастайды.Содан арада айлар өтеді, жігіт баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса , құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі.Ішектерді қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек , қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғаныкөреді.Ішектер жел тербесе ызыңдап , бірде сарнап , бірде сыңсып жылағандай түрлі күйге түсіреді.

Сол жерде аңшы жігіт ,ішекті үйге алып келеді де,бір аспап жасап , тартып көрсе , қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді.)

-Домбыра аспабы қандай бөліктерден тұрады? ( Домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Екі ішекті , үш ішекті болып келеді.)

-Жанрдың қандай түрлерін білесіңдер?( ән жанры, күй жанры,

би жанры)

-Ішекті аспаптарды кім атай ?

- Қанекей , қол көтеріп білетінімізді ортаға салайық..(домбыра,

қобыз, шертер , жетіген. )

-Жетіген аспабының тиегі неден жасалады.(Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалады, шанағы көн теріден қапталады,

ал күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.)

-Жарайсың , Жақсы !

-Ішекті аспаптарға жататын шертер аспабының құрылысы мен түрлері туралы кім айтып береді?(Құрылысы жөнінен домбыра , қобыз аспаптарына ұқсас келеді.Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.Ол ең көне ,көне, жаңа деп үш түрге бөлінеді.)

-Сілкімелі аспаптарға қандай аспаптар жатады?

( Асатаяқ , қоңырау, сақпан , тұяқтас , шартылдауық. Асатаяқ қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданған. )

-Балалар шаңқобызаспабы неден жасалады ? Қалай орындалады?

-Кім біледі ? ( Оның ортасында сүйір темір тілшесі болады, күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.)

-Үрмелі аспаптар жайлы кім біледі?

-Не себептен бұл аспаптарды үрмелі аспаптар дейміз?

(Орындалу әдіс- тәсіліне қарай оларды топқа бөлеміз.Атап айтатын болсақ үрмелі аспаптарға: сыбызғы , сазсырнай , мүйіз сырнай , ұран ,үскіріктер жатады.)

-Иә, балалар саз сырнай , мүйіз сырнай неден жасалады екен кім біледі? ( Саз балшықтан иленіп, отқа күйдіріліп оны оюлармен әшекейлеп, дыбысты тесіктерді жауып ашу арқылы шығарады. Ал мүйіз сырнай атының өзі айтып тұрғандай жануарлардың мүйізін тазалап , кептіріп, оған мүштік қойып ойналады.)

-Ұран аспабын халық қандай кезде пайдаланған?(Оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған ,яғни жаудың келе жатқаны туралы хабар беру үшін)

- Жарайсыңдар балалар , үй тапсырмасын барлығын орындап келіпсіңдер, жақсы игеріпсіңдер.

-Ал енді біз жаңа сабағымызға көшелік.

Енді дәптерлерінді , қаламсаптарынды алып бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып коялық..Оқулықпен жұмыс жасаймыз ,оқулықты ашатын болсаңдар тақырып бойынша мәтін тұр сол мәтінді мұқият қарап шығайық.

Оқулықта берілгендей біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы.

Өнер - халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары , адамның күйініш - сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді.

Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры ,салт - дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет - ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына айналды.Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.

Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып , тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс - тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі.

Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, азамат тіршілігіндегі оқиғалары , алуан түрлі ойларды ән - әуенмен жеткізе білген.

Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп , бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын - сауықтар барлығы да ән - күй аясында өтеді.

Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт , ұлы ғұлама ғылым әл - Фараби , бейбіт , тыныш өмірді аңсап , Желмаясын желдіріп, дүниені кезген Асанқайғы бабалармыз үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет - тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.

Сөйтіп , халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен жұптаса

жалғасып келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих тағлымы жалғаса бермек.

Музыкалық шығарма тыңдау:

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.

Дәулеткерейдің күйі « Көрұғлы»

Музыкалық сауат ашу: (ережені жаттап ал)

Музыкалық жүйе . Лад.

Кез келген әуенде негізгі дыбыс болады. Осы дыбыстың басқа дыбыстармен арақатынасы музыкалық жүйе деп аталады.

Негізгі дыбыс әр тактідегі әлді үлеспен басталып , музыкалық ойдың мағынасын білдіріп тұрса , ол негізгі тон деп аталады .

Негізгі тон әуеннің басы мен аяғында анық байқалады, ал негізгі тонға құрылған дыбыс қатарын лад деп атайды.

Дауыс ашу жаттығулары:

(Қазақ халқының мақал- мәтелдерін әуенге келтіріп әндеті, дыбыс қатары бойынша жоғарылатып әндету,және төмендету.)

Ө - нер - ді үй - рен , үй - рен -де жи - рен.

( до - ре - ми- фа - соль, соль- фа- ми -ре - до )

Әндету:

Домбырасыз сән қайда.

Өлеңін жазған .Х.Талғаров. Әнін жазған. И.Нүсіпбаев.

  1. Елдің жырын жырлаған ,

Қайғысын да толғаған .

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған.

Қайырмасы:

Домбырасыз сән қайда ,

Домбырасыз ән қайда .

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?...

  1. Құрманғазы , Тәттімбет

Домбырамен сайраған .

Жүрекке от жақсын деп ,

Елге күйін арнаған .

Қайырмасы:

3. Абай , Жамбыл , сал Біржан

Таңғалдырып ән салған .

Жүрегінді жандырған ,

Естіген жан тамсанған .

Қайырмасы:

Шығармашылық жұмыс:

Сөз жұмбақты дұрыс шешкенде, «қобыз» сөзі шығады.

1.Сілкіп ойналатын аспап түрі.

2.Қазақтың ұлттық аспабы.

3.Жауынгерлер пайдаланатын ұрмалы аспап.

4.Қурайдан жасалатын аспап.

5.Тілшелі музыкалық аспап.

Қорытындылау:

  • Халық музыкасы дегеніміз не?

  • Қандай халық сазгерлерін білесің?

  • Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.

Үйге тапсырма:

* Қазақтың халық музыкасы жайлы әңгімелеу.

* Лад дегеніміз.

* «Домбырасыз сән қайда» әнін жатқа әндету.

Бағалау:«5» - «4» - «3»



© 2010-2022