Эссе «Көксерек»

Жаңақорған ауданы № 163 орта мектептің 7 в сынып оқушысы Әсел осы мектеп кітапханасының ойлы оқырманы. 2013 – 2014 оқу жылында Әсел бізден мына кітаптармен таныс болды. 1. М. Әуезов «Көксерек». 2. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа». 3. Қобыланды батыр. 4. М.Мақатаев өлеңдері «Аманат». 5. Әдеби классика. Том Сойердің басынан кешкендері. Марк Твен. 6. Балалар энциклопедиясы. Ежелгі аңыздар. Мен Әселді байқаудың «Ойлы оқырман» номинациясына үміткер деп санаймын. Әсел әдеби кітаптарды сүйіп оқид...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңақорған ауданы № 163 орта мектептің 7 в сынып оқушысы Әсел осы мектеп кітапханасының ойлы оқырманы. 2013 - 2014 оқу жылында Әсел бізден мына кітаптармен таныс болды.

  1. М. Әуезов «Көксерек».

  2. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа».

  3. Қобыланды батыр.

  4. М.Мақатаев өлеңдері «Аманат».

  5. Әдеби классика. Том Сойердің басынан кешкендері. Марк Твен.

  6. Балалар энциклопедиясы. Ежелгі аңыздар.

Мен Әселді байқаудың «Ойлы оқырман» номинациясына үміткер деп санаймын. Әсел әдеби кітаптарды сүйіп оқиды. Әселден болашақта үлкен үмітті нық сеніммен күтемін!

№163 орта мектеп кітапхана меңгерушісі: Арынова Роза

Ең сүйіп оқыған кітабым.

Әдебиет пәні білім беру жүйесіндегі басты пәндердің бірі. Әдебиет пәнінің негізгі көркем шығарма. Шығарма халқымыздың тарихи жүріп өткен жолдары, ерлік, тұрмыс - салт дәстүрлері, өзіндік тілі тәрбиелік мәні бар өмір оқулығы.

Менің ең сүйіп оқыған кітабым жазушы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін сүйіп оқыдым. Бұл кітап бірнеше күн басыма жастық болды. Түнде оқимын, таңертең оқимын. Жазушы тентек Қожаның мінезін жан - жақты көрсеткен. Мектеп қабырғасындағы қызықты оқиғаларды, Қожаның психологиясы, балалық мінездері оқушы өміріне өте жақын. Қанша оқысаң да, киносын көрсең де, жалықпайсың. Жазушы бала жанын аса шеберлікпен қалың жұртшылыққа жеткізе білген.

Пір тұтатын ақын, жазушыларым ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлы Абай Құнанбайұлы, ХХ ғасыр әдебиетінен М.Әуезов, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Ғ.Мүсірепов т.б. әдебиет маған емес, мен оған ғашықпын.

Оқушы күнделігінен.

Анамның: - «Сабаққа әлі ерте, түскі асыңды іш», - деген сөзіне қарамастан асығып мектепке сабақ басталатын уақыттан бір сағат бұрын барып тұрамын. Сыныптас құрбы - құрдастарымда келіскендей ерте келеді. Мектеп ауласында әңгіме дүкен құрамыз. Сен үй тапсырмасын қалай орындадың? Әдебиеттен өлеңді жаттадың ба? Есепті қандай жолмен шығардың? Міне, бір - бірімізден осы тәріздес сұрақ - жауаптар аламыз.

Кезекші мұғалім тәртіпті реттеп, ішке бір қатармен кіргізеді. Сабаққа дайындық жүргіземіз. Күнделігімізге түскен бағаның көбірек болғанын қалаймыз. Сол бағамен ата - анаңды қуантасың. Сыртқа шығатын үзіліс болса, мектеп іші азан - қазан болып, шулап кетеміз. Біріміз асханаға, біріміз кітапханаға, енді бірі кезекші міндетін атқаруға асығып жүреміз. Бес минуттық үзілістен кейін барлық оқушы сыныптарына еніп, бір мезетте тым - тырыс болып қалады. Мектеп дәлізі құлақ жапқандай тып - тыныш.

Мектеп тынысы өте қызық. Бір күндік сабақтың қалай аяқталғанын сезбей қаламыз. Күнделікті жолмен үйге қайту. Ертең..... Тағы да алтын ұя мектепке жол тарту.

Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз

Қазақ батыр халық ержүрек халық, намысшыл халық. Еліміздің 1991 жылы егемендік алып, «Тәуелсіз - Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге танылды. Еліміздің төл мерекесі, ұлы мерекесі - 16 желтоқсан. Азат күн туды. Алланың нұры жауған күн, жаңа өмір басталған күн. Содан бері, міне, 22 жыл өтті. Осы жылдар ішінде Қазақстан еңселі, тамырын тереңге жайған мемлекет болып қалыптасты.

Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып та үлгерді.

Отан... Туған жер... Атамекен..... Тарих.... бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келген соң өз Отанына зор үлес қосу керек.

Қазақстан - қазық халқының ата - баба мекені, ежелгі қонысы.

Тәуелсіздік туын көре алмай қанша азаматтар мен боздақтар дүниеден өтті. Бізге отанын, жерін, атамекенін аманат етіп кетті.біз тәуелсіз елдің болашағымыз. Біз еш қиындық көрмей жарқын жайлы өмірде күн кешіп келеміз. Біздің өміріміз, болашағымыз алда.

Біз үшін Отанға адал перзент болудан артық бақыт жоқ.

© 2010-2022