«Халық мұрасын сабақта тиімді пайдалану»

Қазақтың  ауыз  шығармашылығы балалардың  музыкалық – эстетикалық тәрбиесінің  қалыптасып  дамуында үлкен  маңыз  атқарды. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа  мирас болған оның таңдаулы  үлгілері  балалар тәрбиесінің  таптырмас құралына айналды. Музыкалық - әдеби   шығармалар, ертегі – эпостар, мақал – мәтелдер, аңыз -әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаштар тәрбие беру мақсатында  кеңінен пайдаланылды. Олар  балалар сезімдеріне әсер етіп, танымдық – тәрбиелік мәнге  ие  болды.  Осы  халық  мұрасын  мұғал...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылы

№12 орта мектептің ән-күй пәні мұғалімі

Даривхан Семейхан

Стажы: 11 жыл

«Халық мұрасын сабақта тиімді пайдалану»

Мақсаты: Қазақтың ауыз шығармашылығын музыка сабағында қолданудың әдістемелік жолдары.

Міндеті: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылық деңгейін
байқау, олардың сезім байлығын, көркемдік ойын тексеру.

Сабақтың барысы: Қазақтың ауыз шығармашылығы балалардың музыкалық - эстетикалық тәрбиесінің қалыптасып дамуында үлкен маңыз атқарды. Ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа мирас болған оның таңдаулы үлгілері балалар тәрбиесінің таптырмас құралына айналды. Музыкалық - әдеби шығармалар, ертегі - эпостар, мақал - мәтелдер, аңыз -әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаштар тәрбие беру мақсатында кеңінен пайдаланылды. Олар балалар сезімдеріне әсер етіп, танымдық - тәрбиелік мәнге ие болды.

Осы халық мұрасын мұғалім оқушылардың жан - жақты тәрбиесінде орынды пайдалануы қажет. Мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды балалардың жас ерекшелігіне, сабақтардың мазмұнына байланысты таңдап, тәрбиелік мәнін оқушыларға дәлелдеп түсіндіру, мұғалімнің шығармашылық ізденуіне, методикасын жетілдіруіне көмектеседі.

1-кезең:

1-оқушы:
Халықтың үні зеңбіректердің дүмпуінен күштірек.


2-оқушы:

Халық - дана.


3-оқушы:

Су жүрген жер - береке, ел жүрген жер - мереке.

4-оқушы:

Айна айна емес, халық - айна.


5-оқушы:

Халықтың құшағы кең.


2-кезең: «Жұмбақтар әлемі»

1-оқушы:

Кішкене ғана тостаған,

Лақтырып мені тастаған.

(Үзеңгі)

2-оқушы:

Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,

Тимейді ұшы жерге таяғының.

Қос қолды хайуанға арта салып,

Салады әуезіне баяғының.

(Арба)

3-оқушы:

Қараша тауым қарлы болды,

Бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды.

(Шаштың ағаруы)

4-оқушы:

Біреудің бір ұлы бар және қызы,

Біледі ол екеуін дүниежүзі.

Ұйықтайды ұлы түнде, қызы - күндіз,

Жүргенде білінбейді басқан ізі.

(Күн мен ай)

3-кезең:

1 - оқушы:
Әй, тәкапар, дүние!
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.

2 - оқушы:
Ізетіңді ине етіп
Иманыңды түйме етіп
Инабатты күйме етіп,
Жүрші балам жамандықты күйретіп.

3-оқушы:

Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.

4-оқушы:

Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң,бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас - тозбас мүлк етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Бүкіл алаңға күлкі етер.

Қорытындылау.

© 2010-2022