• Преподавателю
  • Музыка
  • «Қобыздың қоңыр үнімен. .. Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электрондық оқулық

«Қобыздың қоңыр үнімен. .. Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электрондық оқулық

«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электрондық оқулық Авторы: Нұрымбетова Жамиля Игілікқызы   Қазақ халқының өнерінде аспаптық музыканың алатын орны ерекше. Қара домбыра мен қыл қобызға арналған күйлер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа өнерпаз орындаушы арқылы жалғасын тауып келеді. Қазақ қобызын алғаш жасаған Қорқыт ата делінеді. А.Жұбанов өзінің «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде былай деп жазады: «Үні, әуезі бай бір аспап – қобыз. Қобыз тұтас ағаштан ойып жасалады. Оған тағылатын да екі шек. Қобыз шанағының үстіңгі беті түйе терісімен қапталып, шек ретінде аттың қылы пайдаланылады. Ысқышы иілген садақ тәрізді келеді. Оң қол ысқыш арқылы қобыздан үн шығарса, сол қолдың саусақтары шекті қатты баспай, жаншымай, тырнақтың түбімен жанасып қана тартады (қобыздың мойны мен тарты... 1930 жылдары А.Жұбановтың басшылығымен қазақтың халық аспаптары оркестрі құрылып, тапсырыс бойынша музыкалық аспаптардың жаңа түрлерін, оның ішінде үш ішекті прима-қобызды жасады. Келесі өрлеу кезеңі 1944 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының ашылуымен байланысты Бізге жеткен қобыз сарыны – халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру – бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны оқытып, үйрету – білікті ұстаз-мамандардың міндеті. Ата-баба ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат – рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз – ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз. «Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» - алғашқы шығып отырған электронды оқулық. Басқа оқулықтар сияқты мазмұны, алғы сөз, кіріспеден тұрады. Оқулықтың аты айтып тұрғандай халық әндері, халық композиторларының шығармаларынан құрастырылған. Жеке-жеке қазақтың ән және домбыра дәстүрлері жайлы қысқаша мағлұмат берілген. ҚР Білім және ғылым министрлігі және Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандартында көрсетілген 050404 «Дәстүрлі музыкалық өнер», Халық аспаптары мамандықтары бойынша Жоғарғы оқу орындарында оқытудың түрлеріне базалық пән – мамандық жатқызылған. Әр оқу жылының өзінің міндетті компоненттері көрсетілген. Бітіруші түлек - кәсіби концерттік орындаушы, оқытушы мамандығын игеріп шығады. Сабақ кезінде студенттерге аспапта орындап көрсетіп, орындаушылық тәжірибесін шыңдауға практика есебінде көмектескен жөн. Жеке орындаудағы музыкалық шығармадан үзінділер, үнтаспалар, аудио-бейнетаспалар тыңдату өте пайдалы. Бұл оқытудың негізгі формасы болып табылады. Өкінішке орай біздің облысымыздың қорында осындай арнайы қобыздың үнтаспалары сабаққа пайдалану үшін жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан бұл алғашқы оқулық қобызшы оқытушылар, студенттер мен оқушылар үшін пайдасы мол деп ойлаймын. «Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электронды оқулыққа халықтың 32 әні және 16 халық композиторларының әндері  мен күйлері енген. Олар: Ақан сері Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Майра Уәлиқызы, Мәди Алшынбаев, Мұхит Мералыұлы, Үкілі Ыбырай және Арынғазы  Әбілғазизұлы, Дәулеткерей Шұғайұлы, Дина Нұрпейіскеліні, Есір Айшуақұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Сүгір Әлиұлы, Тәттімбет Қазанғ... Оқулықтағы барлық әндер, күйлер өзімнің орындауымда (Жамиля Нұрымбетова) «Өнер институтының» дыбыс жазу кабинетінде аудиотаспаға жазылды. Бұл электронды оқулық БҚМУ базасында бірінші рет жарыққа шығып отыр. Пікір жазғандар: ҚРеңбек сіңірген әртісі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының профессоры Каленбаева М.К.,ҚР Халық әртісі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының профессоры Молдакаримова Ғ.А және П.И.Чайковский атындағы саз колледжінің оқытушысы, қобызшы Сүйінтаева М.К. Қобыз музыкасы бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын көпір міндетін атқарып отыр.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электрондық оқулық

Авторы: Нұрымбетова Жамиля Игілікқызы


Қазақ халқының өнерінде аспаптық музыканың алатын орны ерекше. Қара домбыра мен қыл қобызға арналған күйлер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа өнерпаз орындаушы арқылы жалғасын тауып келеді.

Қазақ қобызын алғаш жасаған Қорқыт ата делінеді. А.Жұбанов өзінің «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде былай деп жазады: «Үні, әуезі бай бір аспап - қобыз. Қобыз тұтас ағаштан ойып жасалады. Оған тағылатын да екі шек. Қобыз шанағының үстіңгі беті түйе терісімен қапталып, шек ретінде аттың қылы пайдаланылады. Ысқышы иілген садақ тәрізді келеді. Оң қол ысқыш арқылы қобыздан үн шығарса, сол қолдың саусақтары шекті қатты баспай, жаншымай, тырнақтың түбімен жанасып қана тартады (қобыздың мойны мен тартылған шек бір-бірінен алшақ тұрады). Бұлай ойнау құлаққа жағымды ерекше үн шығарады, ол адам үніне өте ұқсас». Домбыраға қарағанда қобызда ойнау тым қиын болғандықтан, оны екінің бірі ұстай бермейді. Қыл қобыздың тылсым үнін бақсылар өз мақсаттарына пайдаланған. Дімкәстердің ауруын жазып, денсаулығына көріпкелдік жасаған қазақ қобызшылары бұл аспап үшін небір ғажайып күйлер шығарған. Ал, Қорқыттан кейін ұзақ жылдар бойына үнсіз қалған қыл-қобызды, тек ХІХ-ғасырда ұлы Ықылас жалғасын тапты.

1930 жылдары А.Жұбановтың басшылығымен қазақтың халық аспаптары оркестрі құрылып, тапсырыс бойынша музыкалық аспаптардың жаңа түрлерін, оның ішінде үш ішекті прима-қобызды жасады. Келесі өрлеу кезеңі 1944 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының ашылуымен байланысты. Өнер өрістеуі, тыңдаушылардың талғампаздық талабы, жаңаша қалыптасып келе жатқан педагогика жүйесі, репертуарлық сұраныс, қобызды әлде де жетілдіре түсу міндетін жүктеді. 1953-1954 жылдары республикаға танымал Досымжан Тезекбаевтың жасап берген чертежі бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер А.Першин мен А.Тұрдыбаев жаңа төрт ішекті прима-қобыз жасап шығарып, айтақаларлықтай жаңалық болды. Бірақ дәстүрлі көбемен орындау әдісі сақталды.

Бізге жеткен қобыз сарыны - халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру - бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны оқытып, үйрету - білікті ұстаз-мамандардың міндеті.

Ата-баба ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсат - рухани жан дүниесі биік, жеке тұлға қалыптастыру. Ал тұлғаны музыкаға тәрбиелеу дегеніміз - ол баланың бойында белгілі бір қызығушылықты ояту, қажетті құндылық бағдарын, соның ішінде пайдалы іс-әрекеттерді қалыптастыру, дарындылық көзін ашу деген сөз.

«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» - алғашқы шығып отырған электронды оқулық. Басқа оқулықтар сияқты мазмұны, алғы сөз, кіріспеден тұрады. Оқулықтың аты айтып тұрғандай халық әндері, халық композиторларының шығармаларынан құрастырылған. Жеке-жеке қазақтың ән және домбыра дәстүрлері жайлы қысқаша мағлұмат берілген.

Қазақ халқы әнге бай. Ән - қазақ өмірінің айнасы. Халық өзінің қуанышын да, қайғысын да, мұңын да әнмен жеткізіп, әнді серік еткен.

Музыкалық шығарманың, өлеңнің бабын зерттей келе оның халық тарихынан, өмірінен, дінінен, салтынан шыққанын ұмытпау керек.

Күй өнері және онымен шендес өмір сүретін күй аңыздары қазақ халқының рухани мәдениетінде елеулі орын алатыны, сондай-ақ ғасырлар қойнауынан басталатын текті дәстүр екені тарихи, археологиялық, этнографиялық, лингвистикалық, жазбаша айғақ-деректер арқылы көрініс тапқан.

ҚР Білім және ғылым министрлігі және Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандартында көрсетілген 050404 «Дәстүрлі музыкалық өнер», Халық аспаптары мамандықтары бойынша Жоғарғы оқу орындарында оқытудың түрлеріне базалық пән - мамандық жатқызылған. Әр оқу жылының өзінің міндетті компоненттері көрсетілген. Бітіруші түлек - кәсіби концерттік орындаушы, оқытушы мамандығын игеріп шығады.

Сабақ кезінде студенттерге аспапта орындап көрсетіп, орындаушылық тәжірибесін шыңдауға практика есебінде көмектескен жөн. Жеке орындаудағы музыкалық шығармадан үзінділер, үнтаспалар, аудио-бейнетаспалар тыңдату өте пайдалы. Бұл оқытудың негізгі формасы болып табылады.

Өкінішке орай біздің облысымыздың қорында осындай арнайы қобыздың үнтаспалары сабаққа пайдалану үшін жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан бұл алғашқы оқулық қобызшы оқытушылар, студенттер мен оқушылар үшін пайдасы мол деп ойлаймын.

«Қобыздың қоңыр үнімен... Қобызға арналған халық композиторларының ән-күйлері» атты электронды оқулыққа халықтың 32 әні және 16 халық композиторларының әндері мен күйлері енген. Олар: Ақан сері Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Майра Уәлиқызы, Мәди Алшынбаев, Мұхит Мералыұлы, Үкілі Ыбырай және Арынғазы Әбілғазизұлы, Дәулеткерей Шұғайұлы, Дина Нұрпейіскеліні, Есір Айшуақұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Сүгір Әлиұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы. Оқулықтың құндылығы автордың өмірбаяны, шығарманың нотасы клавирмен, фотосуреті және жанды аудиодыбысы қатар жүреді. Сонымен қатар оқулыққа әндер мен күйлерді зерттеушілердің фото мен өмірбаяндары да енген. Студент қауымы үшін бұл өте пайдасы зор көмек.

Оқулықтағы барлық әндер, күйлер өзімнің орындауымда (Жамиля Нұрымбетова) «Өнер институтының» дыбыс жазу кабинетінде аудиотаспаға жазылды. Бұл электронды оқулық БҚМУ базасында бірінші рет жарыққа шығып отыр. Пікір жазғандар: ҚРеңбек сіңірген әртісі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының профессоры Каленбаева М.К.,ҚР Халық әртісі Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының профессоры Молдакаримова Ғ.А және П.И.Чайковский атындағы саз колледжінің оқытушысы, қобызшы Сүйінтаева М.К.

Қобыз музыкасы бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын көпір міндетін атқарып отыр.


© 2010-2022