Оркестрмен тілдескен дирижер 6 класс

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Умырбаева Бибігүл Төлегенқызы

Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы , Жетібай ауылы

№3 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі

Музыка 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Оркестрмен тілдескен

дирижер

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы - Ахмет Қуанұлы Жұбановтың

өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.Композитордың шығармасын

тыңдату.

Ә) Дамытушылық:Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.

Б) Тәрбиелілік:Әнді тыңдату, айту арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап,топпен жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, өнер,бейнелеу өнері,еңбек,әдебиет

Сабақтың көрнекі-құралдары:интерактивті тақта, баян аспабы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды топқа бөлу «Нота сызығы», «Скрипка кілті», «Ноталар» топтары

2.Оқушыларды дауыс жаттығуына дайындау

3.Дауыс жаттығуы

Оқушылар: Сәлем сізге,сәлем сізге,мұғалім.

Мұғалім: Амансың ба,оқушыларым?

Оқушылар: Ән сабағы басталады,

Ән айтуға біздер дайын.

Мұғалім: Ал,кәнеки сабақ бастайық

Оқушылар: До,ре,ми,фа,соль,ля,си,до.

До,си,ля,соль,фа,ми,ре,до.

4.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, ән айту ережелерін естеріне салу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қойылатын сұрақтар:

1. Үйге қандай тапсырмалар берілді?

2. «Бақтағы бұлбұл дауыс» тақырыбында кім туралы баяндалады?

3. «Бақтағы бұлбұл дауыс» тақырыбын сұрау

4.А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін орындау (топпен,жеке)

Көгершін - көп халықтарда бейбітшіліктің рәмізі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Миға шабуыл. «Кім жылдам» ойыны. Ф дыбысын сызып тастау.

ФОфрфкфефсфтфрфмфефн

Фтфіфлфдфефсфкфефн

Фдфифрфифжфефр

Олай болса бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы- «Оркестрмен тілдескен дирижер»

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

"Оркестрмен тілдескен дирижер"

Ахмет Жұбановтың өмір баяны

Ақтөбе облысы Темір ауданы 1906жылы 29 сәуірде туған. Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы.

Ахмет Жұбанов «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» кітаптарының авторы. А.Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып,

оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Композитордың 300 - ден астам музыкалық шығармалары бар. Досы, құрдасы Евгений Григорьевич Брусиловскиймен бірге жұмыс істесе, Латиф Хамидимен бірге бірнеше өлеңдер жазған.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) - композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты. 1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтының құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды.

А.Жұбановтың ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды. Ол кәсіби музыкалық білім берудің, музыкалық шығармашылықпен музыкалық ғылымның іргетасын қалады.Академик- композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көшбасында тұр.Ол Л.Хамидимен бірлесіп, "Абай" және "Төлеген Тоқтаров" операсын, "Құрманғазы туралы естелік маршын", "Жезкиік" симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, "Саранжап", "Көрұғлы" фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, "Қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы ", "Ғасырлар пернесі", "Замана бұлбұлдары", "МұқанТөлебаев", "Құрманғазы" этнографиялық зерттеулерінжазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.

V.Жаңа ән үйрету

-Балалар өздеріміз музыка сабағында танысып жүрген күй,ән,опера,симфония -бұлар музыканың жанрлары.

Ал осы түрлі музыканы жазатын адамды кім дейміз? (композитор)

Бүгінгі сабағымызда композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен танысамыз.

Композитор Ш.Қалдаяқовпен таныстыру. «Ана туралы жыр» әнінің шығу тарихымен таныстыру.

«Ана туралы жыр» әнін үйрету

Ән үйрету жолдары.

  1. Өлшемі, сазы, екпіні, характері.

  2. Динамикалық белгілерімен жұмыс

  3. Дикциямен жұмыс.

4. Фраза бойынша үйрету

5. Әнді акапелла орындау

6. Әнді хормен орындау

VI. Сабақты бекіту сұрақтары арқылы қорытындылау.

(Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы)

-Өзімізге танымал қазақ эстрада жұлдыздарының дайындаған сұрақтарына жауап берейік.

-Ол сұрақтар мына ноталардың астына жасырынған.

1.Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген,қазақтың әйгілі күйші-композиторы. «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Жеңіс» күйлерінің авторы. (Дина Нұрпейісова)

2.Сүйінбай Аронұлының шәкірті, «Жыр алыбы» атанған ақын,жырау. (Жамбыл Жабаев)

3. «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Ән-күй сапары» атты

ғылыми -зерттеу еңбектерінің авторы кім? (Ахмет Жұбанов)

4. «Әлемнің ең үздік әйелі» атты энциклопедияға енген,ЮНЕСКО ұйымы «Әлем әртісі» деген атақ берген скрипкашы кім? (Айман Мұсаходжаева)

5. Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Карнегихолл сахнасында тұңғыш

рет жеке концертін берген қазақ опера әншісі кім? (Нұржамал Үсенбаева)

6.Қазақстанда тұңғыш оркестр құрып,оған дирижерлік еткен әйгілі

композитор кім? (Ахмет Жұбанов)

7. «Қазақ вальсінің падишасы» атанған, «Ана туралы жыр» әнінің авторы кім?

(Шәмші Қалдаяқов)

VIІ.Шығармашылық жұмыс

«Нота сызығы» тобына - «Сүйікті анашым» тақырыбынна өлең құрау

«Скрипка кілті» тобына- «Менің анам...» (сөйлемді аяқтау)

«Ноталар» тобына тапсырма. Ана туралы өздерің білетін мақал-мәтелдерді жазу.

VІІІ. Бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауын ескере отырып бағалаймын.

ІХ. Үй тапсырмасы.

Үйге тапсырма:

  1. «Оркестрмен тілдескен дирижер» тақырыбын оқу

  2. Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнінің сөзін жаттау.


© 2010-2022