Алғашқы сабақ негіздері Ашық сабақ

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ

Оқытушы: Мұзапбарова Қалия Шамшиевна

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы сабақ негіздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік; Оқушыны әдемі әуендерді тыңдап сезінуге тәрбилеу_ Оқушы болашақта жақсы да білікті маман болу үшін алғашқы сабақ негіздерін жақсылап оқып, түсініп, меңгеруі керек екендігін түсіндіру.

Дамытушылық; Оқушылардың ой өрісі мен орындаушылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік; Құдіретті қобыз аспабын құрметтеуге, өнердің маңызын түсінуге, әстетикалық тәрбиелік мәні бар ұлттық аспаптың құдіретін сезінуге тәрбиелеу.

Пән аралық байланысы; Аспапта орындау,аспап шығармаларын меңгеру қашан да тарих сабағымен ұштасып жатады.

Сабақтың көрнекілігі ; Кітаптар,Қобыз үйрену мектебі, қобыз аспабы, ысқыш, Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі», Қорқыт ата туралы деректер, аңыздар.

Сабақтың жабдығы: Бейнетаспалар. А.Жұбанов. «Ғасырлар пернесі»

Сабақтың типы: Теориялық және практикалық

Пән аралық байланысы Әдістеме тақырыптары және қобызды игеру амалдары.

Сабақтың әдісі: Мұқият тыңдап, түсініп, қайталап отыру.

Сабақтың өту барысы . Ұйымдастыру кезеңі.

Қобыз құлақтарын келтіріп, пульттарына ноталарын қою.

Оқушымен амандасу

Журналға белгі соғу

Оқу құралдарын қадағалап, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасы. Штрихтар мен позицияларға берілген шағын жаттығуларды сұрау. Ойнату. Бірге ойнау.

Жаңа сабақ: Бірінші қобыз аспабы жайлы айтып оқушының өзінен де сурап отыру. Оқушыдан колледжге түскендегі мақсаты не екенін анықтау. Қобыз аспабында шағын шығармалар ойнап, тыңдату. Әрі қарай аспап меңгеру жолындағы алға қойылған тапсырмалар мен сол тапсырмалардың орындалуы жайлы тексеру сынақтары туралы айту.

Біздің музыкалық колледжіміздің қобыз пәні класына оқушылардың арнайы дайындықсыз келуіне байланысты бірінші жарты жылдықта күзгі академиялық сынақ өткізілмейді. Оқушылар қысқы семестрлік емтиханға қатыстырылады. Шеберлік байқауы да 2-ші жарты жылдықта өткізіледі. Енді осы жарты жылдықта өтілетін тапсырмаларға тоқтаймыз.

Алғашқы сабақтардан бастап аспаптың негізгі құрылысы, оның құлақ күйін келтіру туралы түсінік беріледі. Әрі қарай ашық ішектерден бастап дыбыс шығару әдістері қалай жүргізгенде сапалы,жақсы дыбыс шығару үйретіледі.

Арко-негізгі ысқышпен дыбыс шығару әдісі. Осы әдісті пайдаланамыз. Ішек бойындағы ноталардың орналасуы үйретіледі.Осы орайда аппликатура жөнінде айтылады. Позиция туралы жалпы түсініктеме беріледі. Алғашқы жаттығуларды ашық ішекті барынша молырақ пайдаланып өткіземіз. Себебі оқушының дыбысты таза алуы ашық ішек арқылы тексеріліп отырады. Және ең маңызды мәселе -ысқышты дұрыс ұстау. Дыбыс тембрі, дыбыс сапалылығы -ысқышты дұрыс меңгеруіне байланысты болады.

Мінекей осындай шағын тапсырмалар мен жаттығуларға 2-ай уақыт беріледі.Содан соң шағын тапсырмалар ойнауға талпыныс жасалады.

Осы сәттен бастап әрі қарай оқушының табиғат берген мүмкіндігіне, шамасына қарай жүмыс жүргізіледі. Ойналатын шығармалардың көлемі де осыган байланысты беріледі.

Бүгінгі оқушы 3 жыл дайындықпен келген. Ысқыш ұстауы, дыбыс шығаруы, ысқышты түзу жүргізбеуі, саусақ буындарының дұрыс жұмыс істемеуі бұның барлығы негізгі жұмысқа кедергі келтіріп, қайта жөндеуді талап етеді. Біздер-- колледжге түскен, осындай мәселелері бар әрбір оқушының кемшіліктерін түзетіп, ілгері жетелейміз. Бүгінгі сабақ та осы мәселелерге байланысты құрылған.Бүгінгі ойнатылған шығарма А.Жұбанов «Көктем» Бұл шығарманы ойнамас бұрын композитор туралы, шығарма туралы, техникалық өрісі мен қиындықтары туралы айтылады

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.

1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.

А. К. Жұбанов - қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар.
Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.

А. Жұбанов композитор ретінде түрлі жанрда қайталанбас құнды туындыларды: аспаптық, вокалдық шығармаларды, хорлар мен музыкалық-драмалық шығармаларды (опера, драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге жазылған музыкаларды) дүниеге әкелді. А. Жұбановтың "Ария", "Романс", "Көктем" сияқты аспаптық шығармалары скрипкада, қобызда, виолончел және басқа да аспаптарда орындалады. Көптеген музыканттардың, әсіресе, жас пианистердің репертуарында міндетті түрде "Тәжік биі", "Қазақ биі" шығармалары болады. А. Жұбановтың көпшілік сүйіп тыңдайтын "Қарлығаш", "Ақ көгершін", "Ұмытпа", "Ақ Шолпан" сияқты вокалды туындылары өзінің ерекше ұлттық нақышымен, шынайылығымен, тазалығымен баурап алады.

Шығарманы әуелі оқытушы ойнап берді. Қазақ шығармаларының көбісінің әуені шығарма атына байланысты келеді. Бұл шығарма да күн шуағын мол төккен, жерге көк шыға бастап, жылғалардан су ағып құстардың көңілдірек сайрай бастаған кезі. Далада қызғалдақ шығып, адамзат көкірегін буырқанған сезім мен қуаныш кернеген сәт. Мінекей, бұл шығарманы ойнағанда осы көңіл күйді суреттеуге тырысуымыз керек екендігі түсіндіріледі. Содан соң ғана жәй ырғақта талдап, нота мәтініне қарап отырып ойнаймыз. Оқушыға қосылып отырып ойнаймыз және күйсандықпен қосыламыз.

Бекіту. Оқушының позиция туралы түсінігін ойын арқылы тексеру, бірге қосылып ойнау.

Үйге тапсырма; Бүгінгі сабақта түсінгенін оқып, келесі сабаққа айтып беру. Ысқышты дұрыс ұстаудың маңыздылығын айтып, ойнап көрсету. Аспаптың шығу тарихын тереңдете біліп келу, А.Жұбанов «Көктем» шығармасын толық жаттап келу.

Бағалау. Үй тапсырмасын айтуы, бүгінгі сабаққа қаншалықты белсенділік көрсетуіне қарай оқушы еңбегі бағаланады.

Қорытынды. Оқушы осылайша алғашқы сабақ негіздерін үйрене отырып, келешекте жақсы маман болады. Әрдайым аспап үйренудің дұрыс жолын бетке алып отырса болашақта жақсы оқытушы болады деп ойлаймын.

© 2010-2022