Презентация по музыке Аты әнге айналған Балқадиша 3 класс

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1. Сабақтың тақырыбы: Аты әнге айналған Балқадиша
Сабақтың мақсаты: Ақан сері шығармашылығымен танысу.
1. Білімділік: Ақан серінің «Балқадиша» атты әнінің шығу тарихымен танысу.
2. Дамытушылық: Ән айту, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, аспап, композитордың суреті, үнтаспа, электронды оқулық, слайдт, «Жігіттер» квартеті түсірген бейнебаянды тамашалау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Ел еркесі Ақан сері Қорамсаұлы. «Маңмаңгер» әні.
3. Жаңа сабақ мазмұны.
1. Музыка тыңдау. Ақан серінің әні «Маңмаңгер», «Балқадиша».
2. Оқулықпен жұмыс.
3. Дауыс жаттығуы.
4. Жаңа ән - «Сырда туған баламын».
Сабақтың барысы: Ақан серінің «Балқадиша» әнінің шығу тарихы жайлы әңгімелеу.
Әйгілі сері Ақан Қорамсаұлының «Балқадиша» әнін тыңдаған әрбір жан басты кейіпкер Қадиша қыздың тағдырына аяушылық білдіріп, ауыр күрсінетіні сөзсіз. Өкінішке орай, шерге толы әннің түпнұсқасы бізге толық жеткен жоқ.
Сан жылдар бойы тыңдарманның көкейінен шыққан танымал әннің туу тарихы туралы ел аузында әңгіме көп.
Ақанның сал-серілік құрып, ауыл-ауылдарды аралап жүрген кезі. Күндердің күнінде Ақан сері сол кездегі Ыбырай деген аты баршаға мәлім, танымал кісінің ауылына бас сұғып, шілдехана тойының үстінен түседі. Ауылға танымал серінің ат басын бұрғандығын естіген ауыл тұрғындары оған ілтипат білдіріп, қошемет көрсетеді. Алайда, төрде отырған Ақанның маңына ешкім отырмайды. Бұл ел аузында Ақан сері туралы алып-қашпа сөздердің кеңінен етек алған тұсы еді. Ақанның қиялға беріліп, жын-перілермен қатысы барын алға тартып, жас қыздар серіден үрейленген. Ақын да, қыздар да өздерін жайсыз сезініп, отырыстың берекесі қашқандай болады. Осы кезде Қадиша қыз «Сері-ағамның жанына мен отырайын» деп Ақанның жанына жайғасады. Мұны естіген Ақанның көңілі жай туып, іштей жібек мінезді бойжеткенге риза болады. Отырыс барысында әндер орындалып, зерделі әңгіме-аңыздар айтылады. Серінің жанында Қадишаның отырғанын оның ағалары естіген бойда, екі жеңгесін жіберіп, қызды алып шығуын тапсырады. Алайда, Қадиша орнынан қозғалмайды, Ақанның да оны жібергісі келмейді. Осы кезде таң атып, бойларында қимастық орнайды. Қадиша қайтуға жинала бастағанда, Ақан сері қолына домбырасын алып, екі ішекті қағып жіберіп әнді орындай бастайды. Бұл ұзақ толғау, үлкен жыр болды.
- Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Өзенді өрлей өскен тал Қадиша.
Бір емес, екі жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша, - деп өлеңмен қимай қоштасады.
Ақан сері Балқадишаны ұнатқанымен, оған қосыла алмайды. Себебі қызды басқа адамға айттырып қойған.
«Күйеуің сексен бесте шал, Қадиша» деген жолдарын алға тартып, кейбір аңыз деректер Қадиша, әу бастан, үлкен ақсақалға атастырылған деп айтылуда.
Алайда, Қадиша қыз үлкен кісіге емес, өз теңіне аттастырылып, кейіннен ұзатылған.
Балқадишаның ұзатылғанын естіген Ақан сері бірнеше күн нәр татпастан жатып қалады. Сөйтіп Ақан қоштасу сәтінде туған әнін әрі қарай жетілдірген. Бұл әннің соңғы өлең жолдары мынадай болған:
«Кекілін кер бестінің сылағаным,
Басынан Жыландының құлағаным.
Кетті деп Балқадиша естігенде,
Құшақтап құс жастықты жылағаным.
Тау болсаң, Жыландыдай биік тау бол,
Шапанға ширатпалы жібек бау бол.
Атадан артық туған Балқадиша,
Көргенше енді қайтіп, есен-сау бол»,- деп іштегі мұң-шерін өлеңмен шығарады. Әнді «Балқадиша» деп атайды. Ақан серінің бұл әні қазақ даласына тарап кетеді.



© 2010-2022