Сабақ жоспары Ән жүйрігі - Біржан сал (3 сынып)

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ән жүйрігі - Біржан сал»

Мақсаты: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін арттыру.

Білімділік: Қазақ елінде сазы мен өлеңін қатар шығарып, теңдесі жоқ дара шеберлікпен орындайтын өнер жұлдыздары жайлы толық теориялық мәлімет беру.

Дамытушылық: Ән өнеріне деген түсініктерін дамыту;

Тәрбиелік: Өнерсүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Аралас.

  • Үй тапсырмасы.

  • Жаңа сабақ

  • Біржан сал «Көкшетау»

  • Жаттығу

  • Ән жаттау

  • Қорытынды

  • Үйге тапсырма

I.Үй тапсырмасы: «Ер еркесі Ақан сері» туралы мағлұмат. 1. Ақан сері Қорамсаұлы кім болған? 2. Ақанның шын атты кім? 3. Ақанның қандай әндерін білесіңдер? 4 .Сері-Сал дегенді қалай түсінеміз? 5. «Балқадиша» әні не туралы айтылған? 6.Ақан қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

II. Жаңа сабақ: Біржан сал Қожағұлұлы - әнші, сазгер, талантты айтыскер - Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында туған. Орта дәулетті шаруа отбасынан шыққан. Бозбала кезінен ел арасында әншілігімен көзге түсіп, жасы жиырмаға таянған кезде ән шығара бастады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болды. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етті. Өзінен бұрынғы айтулы әнші-ақын, сал-серілердің жанына еріп жүріп, тәлім алды. Кейін өзі де айналасына халықтың небір дүлдүл ақын-әнші, өнерпаздарын топтастырды. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді сияқты Арқаның атақты әншілері - Біржан салдың мектебінен өнеге алып, өріс жайған, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне үлес қосқан өнерпаздар.

Шығармалары:

Бізге Біржан салдың 60-қа жуық әндері жеткен. «Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», «Жанбота», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Көкек», «Жонып алды», «Теміртас», «Алтын балдақ», «Көлбай-Жанбай», тағы басқа да құнды әндері бар. Біржан салдың әндері сөзінің де ұлттық бояуымен, бейнелеу құралдарының ерекше көркемдігімен бірегей тұтастық танытады. Сарамен айтысы оны дарынды, суырып салма ақын ретінде дүйім елге атын шығарды.

А.Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» атты кітабында үлкен бір тарау арнады. М.Төлебаев «Біржан - Сара» операсын жазды.

БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ АРҚЫЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ.

1834

Қазіргі Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі бас болған Көкшетаудағы сексен көлдің бірі - Жөкей көлінің маңында дүниеге келген.

25 жас

Ән шығара бастаған

1865

Ұлы Абаймен кездеседі

1871

Жетісуға келіп, Сара ақынмен айтысады.

1897

Дүниеден өтеді.

Біржан салдың шығармашылығы туралы теориялық білім беру.

Сабақ жоспары Ән жүйрігі - Біржан сал (3 сынып)

III.Ән тыңдау: Біржан сал «Көкшетау»

Әңгімелесу:

Балалар бізге дауыс жаттығулары не үшін қажет?

Қандай дауыс жаттығуларын білесіңдер?

IVДауыс жаттығулары:

1. Тыныс алу жаттығуы

2. Ли-ли-ли-ли,

3. Ма,ме ми,мо,му.

Ән жаттау: «Мектебім »

Ән талдау:

  • Әннің мазмұнымен жұмыс

1. Әннің мазмұны қандай екен?

2. Құрлысы қандай?

  • Әннің әуенімен жұмыс

  1. Әннің екпіні қандай екен?

  2. Музыкамен қосылып орындау

V. Қортынды.Сұрақ жауап арқылы қортынды жасау. VI. Үйге тапсырма: Біржан салдың бір өлеңін жаттап келу.



© 2010-2022