Баяндама Ұлтымыздың ұлы музыкасы!

"Ұлтымыздың ұлы музыкасы!" тақырыбында мақала  дайындалып, мұғалімдер арасында оқылып, оң нәтижеге ие болды.Ұстаз болу жай ғана мамандық емес.Ол адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып,талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам-бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні." Ұстаз-ұлық емес ұлы қызмет" деген  Бауыржан Момышұлы."Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек" Басты өмірлік кә...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Ұлтымыздың ұлы музыкасы.

(ғылыми-танымдық мақала)

Менің өмірдегі бақытым - жүрек қалауымен өнер жолындағы ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым - маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу - жай ғана мамандық емес. Ол - адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам - бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Міне,осындайда «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.
Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.
Менің өмір жолындағы таңдаған өнер жолы, оның ішіндегі дәстүрлі әндерді шәкірттеріме жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Қазақты қазақ етіп танытатын оның салт-дәстүрі. Бабамыздан қалған аманатымызды сақтайық, жоғалтып алып жүрмейік. Менің негізгі алға қойған мақсатым қазақтың терме-әндерін кеңінен дамыту. Болашақ жастардың халық әндерін, термелерді білуі және бойларындағы патриоттық сезімдерін ояту, сол арқылы қазақтың тарихын бүкіл әлемге танытып, салт-дәстүрімізді таныстыру. Дәстүрлі әндерімізді тыңдау арқылы ұлттық мұрамен сусындаймыз.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп дана Абай қазақтың ән мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың әні мен күйі - халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы.

Қазақ халқының рухани жәдігерліктерінің ішінде мақтаныш етер бай мұрасының бірі - дәстүрлі әндер. Музыка зерттеушілерінің айтуына қарағанда, халқымызда 5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән бар көрінеді. Бұл - қазақ әншілік өнердің сан ғасырлық даму тарихының бар екендігін бірден бір айғағы.

Киелі қара домбыра мен қарт қобыз сүйемелдеуімен айтылатын дәстүрлі ән өнері кемел құрылымымен, кең диапазон, күрделі ырғақ-иірімдерімен ерекшеленеді. Талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінге жеткен дәстүрлі ән өнерінде әуендік, орындаушылық, құрылымдық өзгешеліктері мен кең тараған мекеніне байланысты шартты түрде бірнеше мектеп қалыптасты.

Бүгінгі таңда дәстүрлі ән де, дәстүрлі әнші де өгей баланың күйін кешуде.Ал, қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндері өз тыңдаушысына жетпей, ұмыт болып барады. Қазіргі кезде дәстүрлі әншілерді саусақпен санап аларлықтай. Бұрынғы ата-бабаларымыз қазақтың кең даласын, қоңыр даусын домбыраға қосып тебіретсе, өкінішке қарай, қазіргі жастар халық ән-күйлерін тыңдап, солармен сусындаудан гөрі өзі түгілі, өзге түсінбейтін батыстың ән-күйін тыңдауға әуес болып алды. Бұндай құбылыстың жаппай белең алып, жастардың төл туынды, ұлттық өнерден ажырап бара жатқанына қарап елімнің болашағы, салт-дәстүрі алаңдатады.

Дәстүрлі әнші, сондай-ақ, осы бір болашағы бұлыңғыр өнер жолын таңдап келіп, дәстүрлі әндерді орындау шеберлігін меңгеруге машықтанып жатқан жас шәкірттердің болашағына да алаңдаймыз. Мені солардың болашағы алаңдатады. Көпшілігінің жұмыс таба алмай сандалып, әр жерді жағалап жүргенін, енді біреулерінің шарасыздықтан той жағалап, асаба болып, әртүрлі әндерді шырқап, ақша табудың, бала-шаға бағудың қамымен жүргенін көзіміз көріп те жүр. Уақыт өткен сайын дәстүрлі әнді орындаушылардың да қатары сирей береді. Тіпті, кейбір ескі әндер жоғалып, ұмытылып кетуі де мүмкін. Міне, осылайша, қамқорлықсыз қалған соң дәстүрлі әннің мектебі жоғалып барады.

Шындығында, халық әндерінің насихаты да, таралуы да бүгінгі таңда сын көтермейді. Бұндай құбылыстың жаппай белең алып, жастардың төл туынды, ұлттық өнерден ажырап бара жатқаны алаңдатып отыр. Экономикалық қиын жағдайда отырғанда бізге қазір қолда бар өнер ошақтарын сақтап қалудың өзі оңайға соқпай отыр..

Ән өнері жеке адам сезімінен бастап тұтас халық тағдырына дейін сергек үн қосуға мейлінше оңтай. Адам қоғамындағы үлкенді-кішілі барша құбылыс әнге арқау бола алады. Ұлы Абай ән өнерінің бұл қасиетін:"Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең",-деп түйіндеген.

Қазақтың ән өнері, оның көл-көсір мол нұсқалары өзінің өн-бойына айырықша қастерлі қасиеттер жинақтай отырып, шын мәнінде халық болмысының шежірелі сазы бола алған. Кейде творчество адамына замана тұлғасын сомдау керек, өлмес өнер тілімен уақыттың портретін жасау керек деген талап қойылады. Алайда, рухани үрдістердің қай-қайсысы да ең алдымен заманалық нәтиже екенін, уақыттың айғағы болатыны да қаперде бола бермейді. Көркем өнердің барша болмысы тарихи-әлеуметтік жағдайдан тыс болатын үрдіс емес. Тұтас бір тарихи кезеңдерде рухани құлдыраулардың, тіптен рухани ақтаңдақтардың болғаны өнер шежіресінен белгілі. Яғни, өнер түрлері өзінің шырқау биігінде де немесе жер бауырлап құлдыраған кезінде де тек қана өз уақытының айғағы болып қалатыны кәміл. Өнердің осынау заңдылығы қазақ әндеріне де жат емес. Қазақ ән өнерінің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай, оның тарихи тек тамырына ден қойып, халықтың қатпарлы өмір жолындағы белгі-нышандарын бажайлауға көңіл аударған абзал. Халықтың алыс кезеңдерден бастау алған тарихымен рухани мұраларды шендестіре қарау ең алдымен сол өнер түрінің даму, жетілу диалектикасын саралауға дес берсе, екіншіден - халықтың өмір жолын жалаң хронология тұрғысында емес, тарихи-әлеуметтік құбылыс ретінде өнермен де шендестіре тануға мүмкіндік береді. Конфуци айтты дейтін тұжырым бар: "Егер белгілі бір елдің ахуалын білгің келсе, сол ел адамдарының жөн-жобасын танығың келсе, алдымен әніне құлақ түр", депті. Ал, Конфуцидің ізбасары Сюнь-цзы: "Егер музыкасы салмақты да сабырлы сазымен баураса, ол халық - ұжымы жарасқан бақытты халық, егер музыкасы сырбаз да сыршыл болса, онда ол халық кісілікті сүйеді, бүлік шығармайды, егер музыкасы есіңнен айыра еліктіріп әкетсе, сонысымен қауіпті, себебі ондай музыкаға ден қойған халық кісіліктен жұрдай болып, жақсылықты жат санап, күйкілікке көңіл жұбатқыш болып алады... Музыка арқылы біз халыққа жол нұсқаймыз. Сондықтан да музыка - адамдарды басқарудың ең бір сыннан өткен құралы", дейді ( "Музыкальная эстетика...). Осынау ой жосықтары музыканың халық танытқыштық, халық тәрбиелегіштік және тарихи-шежірешілдік қасиеттеріне мән беріп отыр. Демек, қазақ әндерінің төл сипатын халықтың тарихи болмысымен сабақтастықта қараудың мәні зор. Дәстүрлі әндерімізді тыңдау арқылы ұлттық мұрамен сусындаймыз.

"Дәстүрлі ән"сыныбының 1-санатты оқытушысы А.Қ.Бултанов.

Б.Қ.О,Казталов ауданы,Жалпақтал ауылы,

К.Меңдалиев атындағы ОЖББ мектебі.



















© 2010-2022