Музыка 6 - сынып ЭССЕ

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЭССЕ

Қазақстанның скрипка

мектебі

Қазақстандағы кәсіби өнердің дамуының өзіндік тарихы бар.Алғаш рет елімізде 1932 жылы музыкалық-драмалық техникум ашылды.Техникум театр әртістері мен скрипкашы,пианист,әнші-вокалист және халық музыканттарын кәсіби тұрғыда дайындай бастайды.Бұл республикамыздың мәдени өмірі үшін үлкен жаңалық болды.Қазақ мәдениеті мен өнері жаңа қарқынмендами түсті.Белгілі композитор Ахмет Жұбанов қазақтың халық аспаптар оркестірін құрды.Одан соң алғаш рет симфониялық оркестр ұйымдастырылып,опера және балет театры мен Алматы консерваториясы ашылды.

Ұлы отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келген мұндай кезеңге қарамастан,Қазақстандағымәдени өмірөз дамуын тоқтатпады.Әрбір шығармашылық ұжымдар мен оқу орындары үлкен ынтажігермен жұмыс жасады.Тұңғыш қазақ опералары мендрамалық алғашқы симфониялық шығармалары дүниеге келді.Ал халық орындаушылары болса бір ұжымда,яғни оркестр құрамында ойнау шеберліктерін меңгере бастады.

Батыс Еуропада скрипка өнерінің тарихы 16 ғасырдан басталған еді.Еуропада скрипка аспабының даму мен оның жетілдіруіне жүз жылдан аса уақыт кетті.Еуропа музыканттары скрипкпадаорындау техникасын шыңда,бірте-бірте аспаптың репертуарын да қалыптастырды.Аспан жасаушы шеберлер,композиторлар мен орындаушылардың ондаған ұрпағы Еуропадағы скрипка өнерінің тарихына үлес қосты.

Ал біз үшін Еуропадағы сан ғасырлық тарихы бар скрипка өнерін тез арада менгеру міндеті тұрды.Қазақ халқы үшін Еуропадан келген скртпка өнерін кәсіби деңгейге көтеру оңайға соқпады.Дегенмен музыканттар аз уақыттың ішінде әлемдік мәдениеттің денгейіне жету мақсатында қарқынды жұмыс жасап,биік жетістіктерге жетті.

Осындай үлкен еңбектің нәтижесінде елімізде скрипка мектебі қалыптасты.1976 жылы Айман Мұсаходжаева Белград және Югославияда өткен халқаралық сайысқа қатысып,дипломат атанды.Айман өзінің табиғи дарыны мен қажырлы еңбегінің арқасында әлемге белгіліскрипкашы бола білді.Ол 1981 жылы Италияда,1983 жылы Жапонияда,1985 жылы Финляндияда,1986 жылы Ресейде өткен халқаралық скрипкашылар сайысында лауреат атанды.Айман өзінің жеке концертінде әлемнің ең үздік камералық және симфониялық оркестрлерімен бірге өнер көрсетіп келеді.Айман Мұсаходжаеваға халықаралық ЮНЕСКО ұйымы «Әлем әртісі» деген атақ береді.Ал 2005 жылы АҚШ-та Айман Мұсаходжаеваның есімі «Әлемнің «әлемнің ең үздік әйелі» атты энциклопедпяға енді.

Сөйтіп, аз уақыттың ішінде Қазақстандағы скрипка мектебі қалыптасып, әлемдік деңгейде өз орнын тапты.





© 2010-2022