Разработка сценария Отан деп соққан жүректер

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7


Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімінің

Балалар мен жасөспірімдер орталығы

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Разработка сценария Отан деп соққан жүректер







«Отан деп соққан жүректер»

атты патриоттық әндер байқауының сценариі





«Вокал» үйірмесінің қосымша білім беру мұғалімі: Кашкенова Л.К.



10 желтоқсан 2014 жыл


«» атты патриоттық ән байқауы

«10» желтоқсан 2014 жыл


/Фанфарлар соғылады/ ашылуы

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 - жылдығына орай «» атты мектепішілік патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер!

2. жүргізуші:

Байқаудың мақсаты:

Оқушылардың бойына еліне, Отанына деген патриоттық сезімін ұялату. Ерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу; патриоттық әндер арқылы туған тілін, халқын, салт - санасын құрметтеуге тәрбиелеу, бәсекеге қабілетті егеменді елдің жастарын қалыптастыру


  1. жүргізуші:

Ал, енді байқауға қатысатын үміткерлермен таныс болыңыздар:


  1. Байқаудың қонақтары, яғни Халықаралық байқаудың жеңімпаздары Шаһархан Аяжан мен Сәбит Жанна

  2. «Қызғалдақтар» дуэты Оралбек Ақбота мен Советбек Зарина

  3. «Айжұлдыз» дуэты Сейтқадыр Аружан мен Бекберген Ұлдана

  4. Трио 3а сынып оқушылары Асқар Дінислам, Хуженазаров Вова мен Асқар Али

  5. «Жұлдыздар» дуэты Шәкен Тоғжан мен Серікбай Жұлдызай

  6. 3 ә сыныбының квартеты Әбікен Ақжан, Достай Арай, Зейнәділ Ақмарал, Амантай Ақмаржан

  7. 2-в сыныбының квартеты Егемберді Мадина, Бекболат Аружан, Төлеген Шолпан, Тұрсын Ақерке

  8. 4-б сыныбының дуэты Дәурен Ұлданай мен Жаңабек Ақбота

  9. 3-ә сынып оқушысы Алдаберген Жангүл

  10. 4 ә сыныбының квинтеты Темур Еркежан, Кеңесхан Байсұлтан, Манас Жанна, Айтпақаев Дулат және Нұрқасым Аяжан

  11. 4-б сынып оқушысы Оңалбай Халидулла

  12. 4-б сыныбының дуэты Нұрғали Динара мен Шәкірбек Балжан

  13. 5 «ә» сынып оқушылары: Усенова Ділназ, Жұмабай Айдана, Төлегенова Нұрайым

  14. 5-б сынып оқушысы Төребай Жанерке

  15. 7-а сынып оқушысы Нұрмағанбет Дәурен

  16. 6-а сынып оқушысы Жолдасбек Аружан

  17. 6-а оқушысы Кариева Арайлым

  18. 7-а сынып оқушысы Кадірбек Томирис

  19. 8-ә сынып оқушысы Нұрғали Сұлтан

2. жүргізуші:

Абай атамыз айтқандай «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй»

дегендей осы дүлдүлдер сайысын бастамас бұрын, бүгінгі сайысының әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

  1. жүргізуші:

-------------------------------------------------------------------------------------------2. жүргізуші:

2. Мектептің оқу - ісінің меңгерушісі: ---------------------------------------------------

1. жүргізуші:

3. ------------------------------------------------------------------------------------------------

2. жүргізуші:

4. ------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:

Есеп-санақ комиссиясының құрамында

2. жүргізуші:

Құрметті әділ - қазылар бағалау критерилерімен таныстырып өтсем:

- сахналық киім;

- сахна мәдениеті;

- орындалған ән қалай айтылды,

1. жүргізуші:

Алдарыңызда бағалау парақтары таратылды, бағалау ең жоғарғы ұпай 5 ұпай, ең төменгі ұпай 3 ұпай. Әр орындаушылар әнін орындап біткеннен кейін сөз кезегі сіздерде.

2.жүргізуші:

Бүгін үлкен сайыс, үлкен концерт болады деп сеніп отырмыз!

Ендеше, құрметті көрермен қауым Сіздердің қошеметтеріңізбен байқауымызды бастайық.

1. жүргізуші:

Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде

2.жүргізуші:

Ортада байқауымыздың бірінші қонағы 26-29 мамыр 2014 жылы Алматы қаласында өткен Халықаралық «Ғұмырдария» ән байқауының жеңімпазы Шаһархан Аяжан «Қазақстан, алға» әнімен, қарсалыңыздар!

  1. жүргізуші:

Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Жаннамыздай қызымыз ән шырқаса,
Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған.

2.жүргізуші:

Ортада байқауымыздың екінші қонағы 26-27 маусым 2014 жылы

Татарстан республикасының астанасы Қазан қаласында өткен Халықаралық «Салют талантов» ән байқауының жеңімпазы Сәбит Жанна, «Атамекен-ай» әнімен, қарсалыңыздар!

  1. жүргізуші:
    Ардақты елім, кең елім,
    Құтты болсын мерекең.
    Ырыс көктеп жеріңде,
    Арта берсін берекең.

Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Калтаева Ляззат Шайдахметқызына береміз.

2.жүргізуші:

Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиып жатқан Ұлы Жеңіс,
Бүгінде 70 жасқа толды міне.

Киелі сахнаға бірінші болып

Бота Бейсенованың «Шығыстың қос жұлдызы» әнімен ортада «Қызғалдақтар» дуэты Оралбек Ақбота мен Советбек Зарина, қарсалыңыздар!

  1. жүргізуші:

келесі кезек әділ - қазыларда. Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер


  1. жүргізуші:

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

«Синий платочек» әнімен орындайтын «Айжұлдыз» дуэты Сейтқадыр Аружан мен Бекберген Ұлдана, қарсалыңыздар!

  1. жүргізуші:

келесі кезек әділ - қазыларда. Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер

2.жүргізуші:
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егеменді алғаныма қуанам.
1. жүргізуші:

ортада 3 - а сынып оқушылары Асқар Дінислам, Хуженазаров Вова мен Асқар Алидің орындауында «Три танкиста» әні

2.жүргізуші:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойлансаңшы бос қақпай елең-елең.
«Катюша» әні, орындайтын «Жұлдыздар» дуэты Шәкен Тоғжан мен Серікбай Жұлдызай

  1. жүргізуші:

Бойкүйездік жат маған,

Елім еркін, Шат заман!...

Мен: Әлемге-Тәуелсіз,

Қазақпын,-деп мақтанам!

2.жүргізуші:

«Батыр Қайрат» әні орындайтын 3 ә сыныбының квартеті Әбікен Ақжан, Достай Арай, Зейнәділ Ақмарал, Амантай Ақмаржан

  1. жүргізуші:

Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде

«Жаса, мәңгі Қазақстан» әні орындайтын 2-в сынып оқушылары Егемберді Мадина, Бекболат Аружан, Төлеген Шолпан, Тұрсын Ақерке

2.жүргізуші:

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Нұр Отан - әнімен жүрегім тербеледі.

«Нұр Отан» әні орындайтын Дәурен Ұлданай мен Жаңабек Ақбота

  1. жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпен

«Көк тудың желбірегені» әні орындайтын Алдаберген Жангүл
2.жүргізуші:

Бақытым - Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан

«Бұлқынды жүрек» әні орындайтын 4 ә сыныбының квинтеты Темур Еркежан, Кеңесхан Байсұлтан, Манас Жанна, Айтпақаев Дулат және Нұрқасым Аяжан
1.жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің

«Алға, қазақ жігіттері» әні орындайтын Оңалбай Халидулла

2.жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

«Егемен Қазақстан» әні орындайтын Нұрғали Динара мен Шәкірбек Балжан

1.жүргізуші:

Қазақстаным мекені-

Ынтымақ пенен достықтың,

Кеңдік пен кемелдіктердің.

Даламды бабам мұра еткен,

Жайқалтар соны түлек мен.

Қалалар жайып қанатын,

Ауылымды арай, нұр өпкен.

Қазақстанымды қасиетті

Сүйемін алау жүрекпен!

«Қазақстан бақытты» әні орындайтын 5 «ә» сынып оқушылары: Усенова Ділназ, Жұмабай Айдана, Төлегенова Нұрайым

2.жүргізуші:

Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан - Қазақ елім.

«Жаса, Қазақстан» әні орындайтын Төребай Жанерке

1.жүргізуші:

Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
«Қазағым елім» - әнмен жүрегім тербеледі

. «Қазағым елім» әні орындайтын Нұрмағанбет Дәурен

2.жүргізуші:

Туған жердің қандай жақсы күзі де,

Туған жердің қандай жақсы қысы да!

Туған жердің қандай жақсы көктемі!

Туған жердің қандай жақсы жазы да!

Жақсы екен туған жердің күні де,

Жақсы екен туған жердің түні де!

Жақсы екен туған жердің суы да,

Еш жаманын таба алмайсың осында!

«Туған жер» әні орындайтын Жолдасбек Аружан


1.жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,

Отанның шеті де жоқ, шегіде жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

«Отаным» әні орындайтын Кариева Арайлым

2.жүргізуші:

Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр - әнім

Самғап жүрсек бостандықта биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім

«Қазақ елім» әні орындайтын Кадірбек Томирис

1.жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан -елім менің

«Алға, Қазақстан» әні орындайтын Нұрғали Сұлтан

  1. жүргізуші:

келесі кезек әділ - қазыларда. Ұпай сандарын көрсетіп өтсеңіздер

1.жүргізуші:

Әділ-қазылар қорытындылағанша әнің кезегін

2.жүргізуші:

ортаға бүгінгі байқауға қатысқан жұптарды шақырып «Атамекен» әнің бәріміз бірге шырқайық.

1.жүргізуші:

Байқауымызды қорытындылау үшін ортаға мектептің оқу - ісінің меңгерушісі Кемалова Жұмакүл Дербесқызың шақырамыз

2.жүргізуші:

Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық тола берсін.

Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық

Әр отбасына молымен қона берсін!

Осымен «Отан деп соққан жүректер» атты патриоттық әндер байқауы аяқталды, қош сау болыңыздар.



© 2010-2022