Концерттік бағдарлама Айгөлек - ау, айгөлек!

«Айгөлек-ау,айгөлек» атты өткізілген концерттік бағдарламада балалар ән айтып,би билеп өз өнерлерін ортаға салып баршаға паш ете білді.Бағдарламаға «Балапан» және «Еркем-ай» тобы бүлдіршіндері қатысты. Осы бағдарламаға «Балдәурен» балабақшасының түлектері (Айдос Айболатұлы,Ұлту Орынбасарқызы)өздерінің мәнерлеп оқу шеберлігімен жүргізуші бола білді. Тағы бір өнерлі түлегіміз Айсәуле Шыңтасқызы би билеп сахнамызды ашты. «Ертегілер» әнін Елшат Қуанышкерейқызы таза әсерлі орындады, Сабина Жалғасқызы...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО Ақжайық ауданының білім бөлімінің

«Балдәурен» МДҰ МКҚК

музыка жетекшісі Ж.Ш.Жакенова

Айгөлек-ау,айгөлек!

1 Жүргізуші:(Айдос Кеңес Айболатұлы) Ассалаумағалейкум ,ағайын!

2 Жүргізуші: (Ұлту Орынбасарова )Қайырлы күн ардақты ұстаздар,қымбатты меймандар!

1 Жүргізуші: Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

2 Жүргізуші: Бүгінгі өткелі отырған «Балдәурен» бүлдіршіндерінің «Айгөлек-ау,айгөлек» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

1 Жүргізуші Алақай-ау, алақай

Той тойлайық балақай

Қызарғанша алақан

Қол соғайық балақай

Бүгінігі болғалы тұрған «Айгөлек -ау,айгөлек» атты мерекеміздің шымылдығын ашатын 2013 жылғы «Балдәурен аруының» жеңімпазы Айсәуле Шыңтасқызын ортаға шақырымыз.

Би: «Кукарелла»

2 Жүргізуші: Кел билейік бәріміз

Асқақтасын әніміз

Біз өмірдің гүліміз

Біз өмірдің сәніміз

1 Ортаға «Кеш жарық» әнімен Назерке Жасқайратқызын шақырамыз

2Жүргізуші:Айдос сен бидің қандай түрлерін білесің?

1Жүргізуші:Әрине өзбек,түрік,қазақ билері бар

2Жүргізуші:Ендеше ортада «­­Өзбек» биімен өнер көрсететін Ақбота Асылбекқызы

1Жүргізуші: Шуақ шашқан шақ қандай

Дүние ән сап жатқандай

Әнші болғым келеді

Розадай,Мақпалдай

келесі сахнаға шығатын бүлдіршін менде осы апаларымыздай әнші болғым келеді дейді.

2Жүргізуші:Ондай әнші болып жүргісі келіп жүрген кім болды екен

1Жүргізуші:Олай болса сахнада «Еркем-ай» тобының кішкентай бүлдіршіні Наргиза Тұрғалиқызы Ән;»Ақ көгершін»

2Жүргізуші: Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Ән де айтып көңілді

Би де билеп береміз

Олай болса мың бұралған бишілерге еліктеп жүрген «Еркем-ай» тобының кішкентай бишілерінің биін тамашалайық.

Би: «Шөжелерім»

1Жүргізуші:Ұлту сен қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап көрдіңбе?

2Жүргізуші:Мен аспаптарды көрдім, бірақ оларды ойнап көрмеппін

1Жүргізуші:Ендеше аспаптармен сүйемелдейтін Онсамбль мүшелерін қарсы алайық «Ойыншықтар» әні

Орындайтын Сабина Жалғасқызы

2 Жүргізуші: Әнші, биші балалар

Әртістердей болдыңдар.

Көрсетіп бар өнерді

Таңқалдырып тұрыңдар!

«Жігіттер» биі

1Жүргізуші: Ақылға сап ойлашы

Жоқ демеңдер пайдасы

Әнші елдің мақтаны

Әнші елдің айнасы

2Жүргізуші:Айдос сен ертегі тыңдағанды ұнатасыңба?

1Жүргізуші:Ия, ал оны неге сұрадың?

2Жүргізуші:Мен ортаға ертегілер елінен келген ханшайымды шақырғым келіп тұр Елшат Қуанышкерейқызы «Ертегілер» әнімен

1Жүргізуші: Мың бұралып билеген

Кім бар екен билегенді сүймеген

Бишілеріміз бар «Саңырауқұлақтар» биін билеген.

Би: «Саңырауқұлақтар»

2Жүргізуші:

Әсем ән ғой керегі

Жаныңа нұр себеді

Жадыратып жаныңды

Әнші болғым келеді

Ән: «Бал балалық» ортада Ақбота Асылбекқызы2Жүргізуші:

1Жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніміз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

2Жүргізуші:

Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер

Балалардың жақсылығын көріңіздер

Рахмет сіздерге ата-аналар

Ұмытпай жиі - жиі келіңіздер -

Хор «Айгөлек»

Бүгінгі мерекеге қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды айта отырып дипломдарымызды табыстаймыз.

Айгөлек-ау.айгөлек!

Мақсаты:Балаларға ән айтуды үйрету барысында оларға жеке дауыста,аспаптың сүйемелдеуімен жәнеде ансамбль құрып айтуға қызығушылығын арттыру.Сонымен қатар ән ырғағына сай би қимылдарын орындауға дағдыландыру.Үйренген әндерін есте сақтауға үйрету.

Анықтама

«Айгөлек-ау,айгөлек» атты өткізілген концерттік бағдарламада балалар ән айтып,би билеп өз өнерлерін ортаға салып баршаға паш ете білді.Бағдарламаға «Балапан» және «Еркем-ай» тобы бүлдіршіндері қатысты. Осы бағдарламаға «Балдәурен» балабақшасының түлектері (Айдос Айболатұлы,Ұлту Орынбасарқызы)өздерінің мәнерлеп оқу шеберлігімен жүргізуші бола білді. Тағы бір өнерлі түлегіміз Айсәуле Шыңтасқызы би билеп сахнамызды ашты. «Ертегілер» әнін Елшат Қуанышкерейқызы таза әсерлі орындады, Сабина Жалғасқызы ансамбльге ілесіп «Ойыншықтар» әнін өз мәнерімен орындады.Түрлі ұлттар биіне билей отырып Ақбота Асылбекқызы «Өзбек» биін биледі.Мың бүралған биші қыздарымыз «Саңырауқұлақтар» биін биледі.Осымен қатар жігіттерімізде қазіргі заман үлгісімен би билеу өнерін көрсетіп,көпшілікті қызықтыра білді.Ата-аналарда көрермендер ретінде қатысып балаларды қошеметтеп отырды.

«Айгөлек-ау,айгөлек» атты бағдарлама қызықты да, тартымды өтті.Мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Анықтама беруші: Жакенова Ж.Ш







© 2010-2022