• Преподавателю
  • Музыка
  • Музыка тыңдау арқылы оқушылардың көркемдік – эстетикалық қабілетін дамыту Музыка тыңдау арқылы оқушылардың көркемдік – эстетикалық қабілетін дамыту Музыка тыңдау арқылы оқушылардың көркемдік – эстетикалық қабілетін дамыту

Музыка тыңдау арқылы оқушылардың көркемдік – эстетикалық қабілетін дамыту Музыка тыңдау арқылы оқушылардың көркемдік – эстетикалық қабілетін дамыту Музыка тыңдау арқылы оқушылардың көркемдік – эстетикалық қабілетін дамыту

Оқушылардың көркемдік- эстетикалық қабілетін қалыптастыру үшін оларды музыкалық шығарманы тыңдауға және тыңдағанын түсіне білуге дағдыландыру керек. Музыканы тыңдау арқылы олардың ой-өрісі жетіледі, ойлау қабілеті, талғамы дамиды,эмоциялық сезімі дамиды, музыкалық есту, түйсіну қабілеті дамиды. Музыканы тыңдауда ұқыптылықты, зейінділікті, тыныштық сақтауды үйренеді. Музыка тыңдар алдында оқушылар алдына мақсат қойылып, оқушылар музыкадан не түсінгенін, музыкада не баяндалғанын өздері баяндау кер...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Музыка тыңдау арқылы оқушылардың көркемдік - эстетикалық

қабілетін дамыту.

«Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу,

өмірге ғашық болып өседі»

М. Әуезов.

Қазақтың әдеби, музыка, тұрмыстық, кәсіби фольклоры,халықтың ғасырлар бойы болашақ ұрпағын тәрбиелеудің асыл арналары болып саналады.Аталған фольклорлық мұралар, қазақтың тәлім - тәрбиелік әдет- ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін, түрлі саладағы өнерпаздығын, көркем - эстетикалық талғамын, ұлттық болмыстың қасиеттерін қамтиды. Сондықтан, ата - бабаларымыздың рухани және материалдық мәдени құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру, әрі соның негізінде оларға ұлттық мәнде тәрбие берудің маңызы зор.

Фольклорлық шығармалар тек демалыс пен психологиялық жағынан сергудің, адамдардың эстетикалық қажеттерін қанағаттандырудың құралы ғана болып қоймай, сонымен бірге табиғатпен қарым-қатынасының, көшіп-қонудың сан ғасырлық тәжірибесі де. Қазақтың дәстүрлі ән-күйлері, дастандар, тұрмыс-салт жырлары, түрлі музыкалық аспаппен сүйемелденіп айтылатын аңыз-ертегілер - халықтың ежелгі мәдениетінің осынау баға жетпес мұрасын көркемдік - эстетикалық талғамды дамыту, халықтың музыка өнерінің негіздерін игеру, моральдық-эстетикалық негіздерін бойға сіңіру үшін таптырмайтын құнды материал.

Музыкалық тәрбие беруде негізгі көрнекілік - ол музыкалық шығарманың өзі болып табылады. Музыкалық білім есту арқылы қалыптасады, сондықтан,оқушылардың есту қабілетін дамыту музыка тыңдау арқылы жүзеге асып, барлық музыкалық түсініктер қалыптаса
ды. Түсініктермен қатар оқушылар музыка жанрлары, шығармалардың құрылысы, музыканың тілі, сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар алады. Ұлттық музыкамен қатар әлемдік музыка өнерімен таныстырып жаңа заманның білімді де мәдениетті бәсекеге сай жан-жақты болашақ мамандарын дайындау әр музыка ұстазының мақсаты, сол мақсатты жүзеге асыруда музыка пәнінің басты бөлігінің бірі музыка тыңдаудың да алатын орны ерекше.

Музыка сабағындағы көркемдік талғамды қалыптастыруда ең басты бөлігінің бірі музыкалық шығармаларды тыңдау болып табылады.

Ш.Б. Шостакович өзінің бір сөзінде: «Музыканы сүю, білу сезімі адамға туа бітпейді, жүре пайда болады. Музыканы сүю үшін, оны ең алдымен тыңдау керек»-деген болатын. Музыкалық шығармаларды тыңдатқанда:

  • балаланың ішкі сезімімен қоса, музыкалық есту қабілеті дамиды:

  • көркем-эстетикалық талғамы қалыптасады:

  • ой-өрісінің, сана-сезімінің жетілуіне ықпал етеді:

  • туған халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелейді:

  • сергек, жігерлі, өз ісіне тиянақты болуына жауапкершілікті қалыптастырады:

  • баланың бойында эмоциялық әсерлену, еліктеу, қиялдау қабілеттері дамиды:

  • бір-біріне деген қарым-қатынасы, ұжымдылық сипаттарының қалыптасуына әсерін тигізеді;

Музыкалық шығармаларды тыңдап қана қоймай, оқушылар музыканың сипаттамасымен қатар, ол қай жанрға жататынын, оның өмірдің құбылыстарымен байланыстылығын, қоғамға, жалпы адамға тигізетін әсерін білуі шарт. Музыка тыңдау және оны қабылдау музыка сабағының іс-әрекеттерінің барлық түрлерінің (ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты) нәтижесінде қалыптасады. Музыка тыңдау процесі кезінде оқушылардың зейінін,эмоциялық сезімдерін, ойлау, түйсіну қабілеттерін дамытамыз. Музыканы тыңдау неден басталады десек, ол тыныштықтан басталады дер едік;өйткені музыканы қабылдай білу алдымен ұқыптылықты, зейінділікті, тыныш тыңдай білуді талап етеді. Сонда ғана әуен-саз көңілге жайлы, ақылға қонымды, адам сезімін жылытатын жүрек қылын шертетін әсер берері сөзсіз.

Қазіргі кезде музыканы естіп және тыңдап қабылдау кең тараған, ол оның көркемдік әсеріне көп мән беріле бермейді. Оның есесіне нақтылық ойлау қабілеті басым болып келеді. Сондықтан, музыка сабағында музыкалық шығармаларды тыңдатып үйреткенде, оқушылардың қызығушылықтарының дамуына, түсінігіне жеңіл болуына, ішкі сезімдерін оята алатынына, сол шығарманың көркемдік жағына мән беруіне назар аудару керек.Оқушыларға тыңдататын әр музыкалық шығарманың мазмұны музыкалық тәрбиенің мақсат-мүддесіне сай болу керек. Музыкалық шығарма әр класс оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. 1-2 класс оқушыларына тыңдатылатын музыкалық шығарма шағын, жеңіл, ойналу ұзақтығы 1-1,5 минуттан аспайтын, 3-4 класс оқушыларына 3 минуттай болуы керек. Тыңдатылатын музыкалық шығармаларды жеңіл және күрделі (байсалды) деп топтауға болады.Төменгі сынып оқушыларына музыка тыңдатуды шағын,жеңіл болса да мағыналы күрделі музыкалық шығармаларды тыңдай білуге баулып, музыка тыңдау репертуарына вокалдық, аспаптық шығармаларды, халықтық, кәсіби классикалық

( орыс,шетел) және қазіргі заман музыкаларын енгізген дұрыс.

Музыкалық шығармаларды қабылдау кезеңінде оларды игеру мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2.Алғашқы тыңдау.

3.Шығарманы талдау.

4.Шығарманы қайталап тыңдау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі оқушылардың зейінін орындалатын шығармаға аудару мақсатында болуы керек. Тыңдатылатын музыканың мазмұнын толық ашып баяндап берудің қажеті жоқ, олай ету оқушылардың өздерінің ойлау,түйсіну, елестету қабілеттерін дамытпайды, керісінше музыканы тыңдамас бұрын олардың зейінін толық әзірлеп, тыңдап отырғанда нені байқайсындар?, музыка нені баяндар екен? көз алдарыңа нені елестетер екенсіндер? деген сияқты қызықтыра, ынталандыра түсетін тапсырмалар оқушылардың бойындағы қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Әл-Фараби: "Музыканың үш түрі бар...Біріншісі жай ғана рахат сезімін туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтымақтықты білдіреді, үшіншісі біздің қиялымызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынықтырады. Музыканың өзінің байсалдылығынан айрылған адамдарды түзетуге, қызба адамды ылғи да бір қалыпты ұстауға қүдіреті әбден жетеді. Музыканың жұмыс салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиетті болады. Ол бізге жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек етеді. Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі," - деген еді.

Әдебиеттер:

1.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие. Әдістемелік нұсқау. - Алматы, 1990.

2.Ұзақбаева С.А. Эстетикалық тәрбие негіздері.13 Дәріс. ‒ Алматы, 1991.

3.Ү.Мелдебекова, Т.Әлсатов. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі. Шымкент 2001ж.

© 2010-2022