Жаңа жылдық сценариі Мерекелік іс шара

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Мешін Чита мен бірге Жаңа жылғы қызықтар » Мерекелік ертеңгілік сценариі Мекеме: А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп гимназия. Өтілетін орны : Акт залы. Өтілетін күн: 23.12.2015ж Сыныптар: 1,2,3,4. Уақыты: 9.00, 10.30, 12.30 Кейіпкерле: Аяз ата, Қаршақыз, Дәрігер Айболит,мешін Чита, Қарақшы. Көңілді музыка сүйемелдеуде. Қоңыраулар дыбысы. Жургізуші : (сахына сыртында) *** *** *** Амансың ба халайық? Жаңа жылды тойлайық

Ән салайық, би билейік Көңіл күйді көтереік

Жаңа жылдық мерекені Барша бірге өткізейік! *** *** *** Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Айналады ,би билеп ақша қарлар. **** ( Ақшакарлар биі ) Зал төріне Дәрігер Айболит пен мешін Чита кіріп келеді. (муз.суйемелд) Мешін Чита : - Сәлеметсіздерме балалар! Чита атты мешін мен боламын. Біз дәрігер Айболит екеуміз сонау ыстық Африка жерінен келдік. Естуім бойынша сіздерде қызық думан бар ,Жаңа жыл мерекесін тойлаудасыздар , біздіңде көргіміз келеді. Дәрігер Айболит : -Амансыңдар балалар! ( осы сәтте Чита маймылша қылмыңдайды) Дәрігер Айболит : Чита,Чита қой қылымыңдауыңды. Чита: - Дірігер Айболит ! Мереке ғой! Меніңде шаттана секіргім, билегім, әндеткім келеді. Ал, қазір мен баршаларыңа арнап ән шырқаймын. («Блестящие» тобының әні «Апельсиновый рай» орындалуда) Айболит: - Жарайсың , жарайсың ! Қанеки балалар Читаға шапалақтап қояйық. ( балалар қол соғып қошамет білдіреді ) Айболит: - Ол ұшқалақ болсада,ақылды, білгір мешін. Чита: - Рахмет балалар! Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған . Дәрігер Айболит бізге шырша шамдарын жарқыратуға көмек берші. Өтінеміз, өтінеміз . (Балалар бір дауыспен өтінеміз деп айтады ) Айболит: - Ия , балалар , ол үшін біз ең сиқырлы сөздерді айтумыз керкпіз. --« Шырша ,шырша таңырқат. Шамдарыңды жарқырат .» -АЛ қанекі балалар барлығымыз бірге : -« Шырша ,шырша таңырқат. Шамдарыңды жарқырат .» ( 2 рет қайталау) (АЙБОЛИТ БАЛАЛАРМЕН бірге екі рет қайталайды.ОСЫ СӘТТЕ шырша шамдары жанады. Музыка суйемелімен бірге ) Чита: Алақай , алақай айтқанымыз орындалды ( мешін қуана секіреді) Олай болса барлығымыз шыршаны айналып көңілді ән орындайық . (Барлығы қосылып , айналып жүріп « Жаңа жылға» арналған әнін орындайды. ) ( музыка суйемелдеумен ЗАЛ ОРТАСЫНА Қарақшы келеді) ЧИТА : дәрігер Айболит бұл кім ?Бұл біз ұнатпатын қарақшы ғой ? АЙБОЛИТ: ИЯ, өкінішке қарай біздің жолдарымыз тағыда кездейсоқ жолықты. Қарақшы: Кездейсоқ? Онда тыңда дәрігер , менің өте қызықты хабарламамды .Менің достарым маған Жаңа жылдық хат табыстады. ЧИТА: Саған хат? Қарақшы: Иә. Олар мені Жаңа жылмен құттықтады. Бір жағынан олар мені қатты ренжітті ,біледі ғой Африкада шыршаның өспейтінін ,(жыланқы дауыспен айтады) ренжітті, ренжітті Кешіріңіз жуйкем...... ЧИТА : Жылама Қарақшы ! Бірақ Африкамызда Пальма ағашы , кокостар ,банандар өседі . ( осы сәтте жайғана әндетіп отырды Бананы кокосы .) Қарақшы: (Читатың сөзін бөліп айтады ) : Болды, жетер ! Алайда олар мені мешін жылымен құттықтады . Менде өзімнің Чита мешінім болғанын қалаймын. Айболит : Біз Читамызды бермейміз, ешқашанда.Балалар бермейміз ғой. (Балалар: Жоқ !Бермейміз дейді) Айболит : Біз бермейміз саған , өйткені біз көпппіз , біз сенен күштіміз , алғырмыз . Қарақшы: Түсінбедім қандай ,қандай .? Мен Қарақшы емеспін бе, сондықтан мен ең күштімін да мықтымын . Айболит : Олай болса көрейік бәсекеге түсейік . Айболит : (Шырша жанында тұрған піманы алып) Айболит : Осы піманы қарақшы дан бұрын жылдам жылдам бір бірімізге беріп жеткіземіз. Балалар, алайда достық жеңеді . (Балалар Иә, деп жауабын айтады ) ЧИТА : Олай болса ,БАСТАЙМЫЗ . Балалар бір бірімізге көмек береміз , Дәрігер Айболитқа пиманы жылдам , жылдам жеткіземіз. (Балалар ойынға қатысып , шапалақтап , пиманы жылдам Дәрігерге жеткізеді ) Айболит : Рахмет балар , Қарақшыны жеңдік. Қарақшы : жарайды балалар, мешін қорғаушылар десе , ондай болса мен сендермен тағы сайысқа түспекпін. (Айболитке қарап ) келесі тапсырманы айт , мен бірден бесеуін жеңемін . Айболит : Сеніп көрейік саған, ал қазір, кім де кім шапшаң ,жылдам әуе шарларды үреді ,сол жеңіске жетеді. Кім Қарақшының өзімен жарысқа туспек.? ЧИТА : Ал біз тек балаларды қоштайық , бастаған кезде дауыстап айқалайық , ысқырып қолдап қояйық ! ( Осы сәтте Айболит сайысты ұйымдастырады Балалар Қарақшымен жарысады. Қарақшы жеңуге тырысады бірақ ЖЕҢІЛЕДІ . ) Айболит : АЛАҚАЙ ! біз жеңдік, жеңдік . Барлығы жеңіске жеткендерін шапалақ соғып қолдап қояйық . АЙ жарайсыңдар, жарайсыңдар. ( Барлығы, қол соғып шапалайқтайды) ЧИТА : Жеңдік! жеңдік ! Канеки балалар барлығымыз Алақай деп айтайық. Алақай,Алақай. (балалар бірге алақай деп айтады ) Қарақшы : Ал, мен есесіне білгірмін. Айболит : Солайма , ендеше тексерейік . Қарақшы : қалай? Айболит : Ал, балалар қанеки , Жаңа жылдың бас себепкерлерін ортаға шақырайық. Қарақшы : Шақырайық ! Айболит : Барлығымыз бірге Аяз ата ! Аяз ата! (Балалар : Аяз ата, аяз ата ) Қарақшы : Полиция ,полиция .! Айболит : Неткен полиция? Қарақшы : Кәдімгі полиция, ол сіз менің бірде бір жаңа жылым өтпейді . Айболит : Аә дұшпан! , булдіруші! Қарақшы : Мен өтірік айтпаймын, қай жерге барсамда барлығы полицияны шақырады, сондықтан мен жеңдім ал сендер жеңіліп қалдыңдар . Беріңдер маған Чита мешінді. Қарным ашып тұр. Айболит : Жоқ Қарақшы ,әдепті адамдарға Жаңа жыл мерекесінде Аяз атамен Қаршақыз келеді.Солай ма балалар. ( Ия, деп балар жауап қайтарады) ЧИТА: Ал мен тағы бір ойынды білемін, ол мен жайлы ,мен маймылша мазақтауды, бет әлпетімді тыржиюды ұнатамын . Күлкілі бет әлпет жасай аламыз ғой.? (балал... иә дейді ) Көңілді қалыпта каттып тура аламыз ғой?( балал..иә дейді ) Музыка орындалады. ЧИТА: Ендеше бастайық , көреміз қарақшы осыдан ұтылып қалады. ЧИТА: Біз көңілді маймылмыз Сауық сайран саламыз! Балаша біз шапалақтап, *** (барлығы шапалақтайды) аяғымен тарсылдатып. *** (аяқтарымен тарсылдатады) Аузымызды толтырамыз, *** (ауызды үрлейді ) секіріпте аламыз . ***( барлығы секіреді ) Тілімізді ұзартамыз,*** (тілді мазақтап көрсетеді) құлақтарды қалқайтамыз. *(құлақты қалқайтып көрсетеді) Осы бойда секіріп, биік шыңға тартылып . ***(биікке тартылады ) Аузыңдыда аша тұр, осы бейнеңде қала тұр . Үш дегенде балақа күлкілі бейнеге сен айнал . БІР,ЕКІ,ҮШ. Сол кейіпте қатып тұр. (балал... тұрып қалады) Қарақшы : Қандай тамаша мешіндер, мен олай жасай алмадым. Қымбатты Чита мен катты өкінемін(өтірік жылап тұрады) Жүр алтыным , Қаршақыз бен Аяз атаны бірінші қарсы алайық. Оларда біз ушін қуансын. Кім менімен бірге? ЧИТА: Мен ,мен ! Биілғы жыл басы мен бастағалы тұрмын. Бұл жыл ең әдемі ,суйкімді болғай тұр, сондықтан мен сенімен бірге Аяз атаны қарсы алуға барамын . Қарақшы : Барлығы балардың және дәрігер Айболитың арқасы . Кел екеуміз дос болайық, дәмдім ,тәтім менің мешінім!( Читаны жалап, жалап жегісі келіп тұр ) ЧИТА: Жылдамдатайық .Аяз ата екуміз дос болғанына қуанады. Қарақшы : (арам оймен айтады) менім қуанғанын білсеғой. Жәнеде Дәмді, дәмді..... ( Екеуі залдан кетеді) (Дәрігер Айболит олардың кеткендерін байқамай көпшілікпен ән ойынын жургізеді « Алға қарай 4 қадам» ) Айболит: (іздерінен) Менің Читамның басына қайғы түсті. Мен әндетіп ойын ойнағанымша Читамды жоғалтып алдым .Балалар Читамды қайтарыңдаршы. Шақырайық, қайтарайық. Чита, Чита... (барлығы бірге Чита деп айтады ) Айболит: Ох, сенбеймін мен қарақшыға ! Ал, сендер сенесің дерме!? ( балал... «Жоқ»дейді) Айболит: Қарақшы сондай жалған даусыменен айтты ,ал Чита болса сеніп қалды .Енді не істеіміз , бізге тек Аяз ата көмек бере алады . Ендеше балалар Аяз атаны шақырайық .Аяз ата! ,Аяз ата! ( деп балалар шақырады ) (Осы сәтте музыка дыбысымен Қаршақыз залға кіреді.) *Қаршақыз: Амансыңдар ұл ,қыздар,амансыңдар қонаңтар.Қадамдарың оң болсын! Жаңа жылым жол болсын! Дәрігер Айболит не болып қалды.? Айболит: Қазір бәрін айтып беремін. Біздің Чита атты мешінімізді зұлұм Қарақшы алып кетті. Оны алдап,арбап жеу үшін әкетті. *Қаршақыз: Мұңаймаңдар достарым, біз барлығымыз біргеміз. Қарақшыны қөрсеңдер бізге белгі білдіріңдер. Айболит: Аяқтарың тарсылдатып ,қолдарыңмен шапалақтап,ат секілді кісінеп , туйе секілді боздап ,мысық секілді мяулап тұрамыз. Ал ендеше дайындалып көрейік. (Балалар шуылдап жасайды ). Ай жарайсыңдар,Жақсы дайындалдық, белгіні дауыстап білдіруды ұмытпаңдар. *Қаршақыз: Ал біз Дәрігер екеуміз арғы беті көріп келейік. Менің ойымша ол жерде біреу бар секілді. Журіңіз Дәрігер Айболит.(ЕКЕУІ КЕТЕДІ ) ( Зал ортасына Қарақшы астарлап кіруде, балалар белгі беріп шулайды) Қарақшы: Жай тыныш, тыныш .Барлығы жоспар бойынша өтіп жатыр. Әйтеуір ойымдағы бұзылмаса болғаны.Қазір пешімді тұтатып қояйын , қазаныма суымды толтырып. Жаңа жылғы дастарханымда «Чита» атты мерекелік ас болады. Ал Чита ештекені сезіп тұрған жоқ. (Артынша Чита залға кіреді) ЧИТА: Ей Қарақшы. Сен айтқандай Аяз ата қайда? Біз әлі журміз ,журміз..... Қарақшы: Қымбатым ,ас алдындағы серуен-пайдалы іс қой. ЧИТА: Қандай ас? Қарақшы: Ой , мен өз өзіме айтып тұрмын. Басымда бір түрлі айналып тұр.. ЧИТА: Не болып калды ,Қарақшы? Ай жай әншейін .Сен Қарша қызды білесің ғой -ол өте сүйкімді. Білесің ғой ? ЧИТА: Мені қинамай не болғанын айт! Жылдам айт, Қарша қызға не болды? . Қарақшы: Қарша қызды мақтады , мақтады ,ол жайлы жақсы сөздер айтты. Бір сөзбен айтқанда ол еріп кетті. ЧИТА: Қалайша? Қарақшы: Солай ,көп мақтағанан шығар ,ал Аяз ата соған орай жаңа жылды болдыртпайтын болды. ЧИТА: Мә саған ,қандай масқара . Енді еш қашан Жаңа жыл болмайдыма ? Балалар солайма? (балалар «жоқ»деп жауа қайтарады) Қарақшы: Жоқ, боладығой әрине,бірақ кейін.Біз оны қарсы алмаймыз,ол өзі келеді,егер жолды тапса.Қарсы алуға болмайды өзің түсінесіңғой,Қарша қыз еріп кетті. ЧИТА: Ондай болса , біз қайда баражатырмыз. Қарақшы: Көп сұрақты қойып неғыласың,жүр жылдам.(күштеп Читаны тартып сүрелейді ,Чита қарсыласады) ЧИТА: Балалар көмектесіңдер, құтқарыңдар ! тарсылдатындар ,Шапалақтаңдар,шулаңдар,Айболит дәрігерді көмеке шакырыңдар,ол мені құтқарады . ( Балалар шуылдайды . Чита Қарақшының қолынан босанып қашып жөнеледі .Қарарқшы соңынан жүгіріп жете алмайды ,жолынан адасып қалады ) ЗАЛ ІШІНДЕ Айболит пен Қаршақыз келеді . *Қаршақыз : Біздің Читамыз қайда екен ? Балалар қөрдіңдерме? ( балал.... « иә көрдік» дейді ) Айболит: Қайда кетті екен?,Түсінбедім?, Қаршақыз екумізге түсініксіз ,? Канә қолымен сермеп көрсетіңдер.! (Залда Қарақшы көзге туседі, балал..... қолымен көрсетеді .) *Қаршақыз: Міне біздің бұзық жасаушы! Кәне бері кел ! ( Қарақшы тығылып қалуға әрекет жасайды .Зал ішінде жугіреді,оны қуалайды ,Айболитпен Қаршақыз әйтеуір оны ұстап алады ) Айболит: Менің Читам қайда ? Читатайым? Қане жылдам жауп бер зұлымгер!!! Сен жеп қойдың ба?!!! Қандай масқара ,жеп қойдың ба??? -Балалар ол жеп қойдыма Читаны??? (Балал.... «ЖОҚ !» деп жауп береді ) Қарақшы: МЕН кінәлі емеспін!!!!! КӨМЕКТЕСІҢДЕР меірімді адамдар! Біз бұл жердікі емеспіз , жолды білмейміз ....ҚАШЫП кеті менен Чита, мен өзімде адасып қалдым ,мумкін анау әлгі АЯЗ АТАЛАРЫҢ білетін шығар. Соны шақырып сұрап қөрейік. *Қаршақыз: Шыныменде ,Канекі менің атамды ортаға шақырайық! ОРТАҒА КӨПТЕН КҮТКЕН АЯЗ АТАМЕН ЧИТА КЕЛЕДІ. АЯЗ АТА: Амансың ба, ұлдарым,

Аппақ ару қыздарым? Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың! Қош келдіңіз бүгінгі Мерекеге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге. ЧИТА: АТА, АТА ! ОЙ қандай жаман Қарақшы ,Ол мені жемек болды !!!! Аяз ата: Қараймында,байқаймын.Өздеріңде тәртіп орнатқа секілдісіңдер. *Қаршақыз:Бізге балалар көмектесті,олар сондай ұйымшыл, сондай жақсы. Аяз ата: ЖАРАЙСЫҢДАР,ЖАРАЙСЫҢДАР ! Енді бұл бұзақымен не істемек піз , балалар ??? ( бала......шулап тілектерін айтады ) Қарақшы: ( жыларман болып) Біз ақымақпыз , мектепте оқыған жоқпыз ,бұзақылық жасадық,университеті бітірген жоқпыз,кешіріңдер ,өтінемін..н...н..н.... *Қаршақыз:Ата қарақшы жөнге тускелі тұр ,ол сені шақыруға көмектесті, солайғой балалар. ( Балал......ИӘ дейді ) Аяз ата: Кешірейін ,мерекеғой,бірақ бір шартым бар.Міне саған кітаптар, жақсы оқы,білімді бол, ,өзім тексеремін. ( Қарақшыға кітап ұсынады ) АЙБОЛИТ: Бәріде жақсы болғай,рет ретіне тусті, ендеше біз кетейік ,біздерді Лимпоподағы жануарлар кутуде. Жолға жиналайық. Аяз ата: (Айболит пен Читаға қарап ) Рахмет менің достарым, шыршаның шамдарында жақтыңдар,қөптеген ойындар ойнадыңдар. Қарақшыныда тәртіпке келтіріңдер .Мешін Чита саған да рахмет,биілғы жаңа жылдың торі сенің атыңнан болғай. Жаңа жылымыз бәрімізге құтты болсын. Сау болыңдар ,достар!!!!! Айболит пен Чита: Сау болыңдар,келесі көріскенше. (Екуі залдан шығып кетеді) *Қаршақыз: Ата менің суйікті ойынымды ойнатайық. Аяз ата :жарайды, қызым . *Қаршақыз: Атаның мұздатқыш таяғына туспеңдер, қолдарымызды жасырамыз,абай болыңдар,қолдарыңды мұздатып, қатырып алмаңдар.! (көңілді музыка ойналады) *Қаршақыз : көңілді де көтердік ,ойнадық, біздердіңде кететін уақыт жеті . Сендерге тілеріміз: Аяз ата: Жаңа жыл ,жаңа әннің тербелуі.! *Қаршақыз: Жаңа жыл ақ арманың өрленуі ! Аяз ата: Жаңа жыл! Бақшадағы бөктердің , кішкентай шәкіртердің ер жетуі.! *Қаршақыз : АЛ балалар ,балалар .Біз бармаған қала бар. Аяз ата: Соларға тез жетейік ,руқсат болса кетейік. Аяз ата ,Қаршақызбен бірге: Сау болыңдар балалар.! (көңілді музыкамен бірге барлығы залдан шығады.) . СОҢЫ !!!!!!

© 2010-2022