Ашық оқу іс-әрекеті Ұлттық аспаптар

«Балапан » тобында  ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткіздім. Балаларға түсінікті, анық болу үшін слайд қолдандым.Онда қазақтың ұлттық аспаптарын көрсете отырып, (домбыра,шаңқобыз,қылқобыз,жетіген, сыбызғы, сазсырнай,асатаяқ)олардың мазмұнымен қолдану тәсілін түсіндірдім.   Соның ішінде домбыра аспабында ойналған Дина Нүрпейісова күйші апамыздың күйін бейне баянын көрсете отырып тыңдаттым.Сергіту сәтін орындап балалардың бойын жазып алып, «Артығын тап» ойынын ойнаттым.Онда балалар қазақтың ...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО Ақжайық ауданының білім бөлімінің

«Балдәурен» МДҰ МКҚК

музыка жетекшісі Ж.Ш.Жакенова

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: 19.02.15

Тобы:Балапан

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка.

Тақырыбы: «Ұлттық аспаптар ».

Мақсаты: Балалардың музыкалық аспаптар туралы түсініктерін кеңейту,ұлттық аспаптардың қадір қасиетін бағалау, танымы мен талғамын,ой-өрісін молайту.

Қостілділік компоненті: Аспап-инструмент

Оқу

іс-әрекетінің

кезеңдері.

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті.

Балалардың

іс-әрекеті.

Мотивациялық-

қозғаушылық.

Көңілді әуенмен шеңбер бойымен жүріп өтеді,жаттығулар жасайды.

Психологиялық сәт

Балабақшам арайлы

Таң шапағы тарайды

Күннен шуақ аламыз

Қуандырып талайды

Көңілді аспаптармен

Жырға бөлеп маңайды

Қайырлы күн апайлар

Қайырлы күн,достарым.

Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін көңілді өткізу үшін бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы:

«Ұлттық аспаптар»

Жұмбақ:

Екі құлақты

Он тоғыз тұяқты

Шешуін тапшы,

Күмбірлеген күй

Төгілген сияқты. (Домбыра)

Өте дұрыс,ендеше,балалар біз қазақтың ұлттық аспаптарымен танысайық.

«Екі шектің бірін қатты,

Бірін сәл-пәл кем бұра

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра.» деп ақындар жырлағандай қазақ халқы үшін ұлттық аспаптардың орны ерекше.Атадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұрамыз сан ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді.



Балалар жауабы.

ДомбыраҚазақ халқының тұрмысында кең тараған музыкалық аспап .Екі шекті домбыра бұрынғы заманда ән,жыр,ертегі,аңызды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса,қазір жеке шығармалар орындайды.Домбыраның екі шегі.екі құлағы,тиегі және мойнында 19-22 пернелері болады.

Шаңқобыз:Шаңқобыз-көне музыкалық аспап.Оның ортасында сүйір тілше болады.Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады.Бұл аспап Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде кездеседі.Шаңқобыз әйелдер мен балалардың сүйікті аспабы.

Қылқобыз

Қылқобыз -ысқышпен ойналатын қос ішекті музыкалық аспап.Халық арасындағы аңыздарға қарағанда қылқобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың есімімен байланысты.Қобыз дөңгелек,шұңғыл, бос ыдысқа ұқсайды.Үстіңгі жағында ағаш сабы бар ,басы жүрек бейнелес.Төменгі жағы тізеге тіреу үшін ұзын таяққа бекітілген.

Жетіген:

Жетіген-жеті ішекті ,шертіп ойналатын музыкалық аспап .Бұрауы жоқ.Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгерілі -кейінді орналастыру арқылы келтіреді.

Сыбызғы:

Сыбызғы-ерекше жаттағуды талап ететін аспап.Түтігінің жоғары аузын маңдай тіске тақап, ерін мен тілдің көмегімен түтікке тербелген ауа толқыны белгілі бір қысыммен бағытталады.Осының нәтижесіндеызыңдаған үн шығады.Бұл үн тесктер арқылы музыкалық жүйеге келтіріледі.

Сазсырнай:

Сазсырнай-үрмелі аспаптардың бір түрі.Ол уілдеуіктер қатарына жатады.Уілдеуік деп үрмелі аспаптардың бір тобын атайды.Аспаптардың бұл тобына жататындары сазсырнай, қамыссырнай.Даусының үндік бояуы ұқсас болғанымен ,бұл аспаптарды сыртқы құрылысы арқылы бір-бірінен айыру қиын емес.Сазсырнай кішкентай балалардың сүйіп ойнайтын аспабы.

Асатаяқ

Асатаяқ-халық арасында ерте заманнан пайдаланып келе жатқан көне музыкалық аспап.Асатаяқты ырғақтатып сілкілеп ойнайды.Оған түрлі әшекейлі қоңыраулар,шығыршықтар іледі.

Аспап инструмент

Күй тыңдау: «Бұлбұл» күйі

(Д.Нүрпейісова.)

Күйдің шығу тарихын түсіндіремін.Ертеде күйші

(Д.Нүрпейісова.)

Сергіту сәті:

Кәне балалар тұрайық

аспапқа қол созайық,

Қобызды да ойнайық

Домбыраны да тартайық

Сыбызғыны сызылтып,

Билеп-билеп алайық.

Ойын ойнау : «Артығын тап»





Аспаптардың суретімен танысады.

Слайдтан тамашалап қарайды.











Қайталайды.



жігіт күйді жақсы көріп қолынан домбырасын тастамайды.Бір күні үйде домбырасын ұмытып шығып кетісімен оны бағып жүрген мыстан домбыраның шегін үзіп тастайды.Күйші жігіт келіп домбырасын ойната алмағасын бақсыға апарады.Ол бақсы Дина күйшіге жібереді.Сөйтіп Дина Нүрпейісова күйші әжеміз домбыраны қолға алысымен домбыра бұлбұлдай сайрайды.Содан кейін «Бұлбұл» күйі дүниеге келеді.

Сергіту сәті:

Кәне балалар тұрайық

Аспапқа қол созайық,

Қобызды да ойнайық

Домбыраны да тартайық

Сыбызғыны сызылтып,

Билеп-билеп алайық.

Ойын ойнау : «Артығын тап»

Ұлттық аспаптардың суретінің ішінен өзге ұлттың аспабын табуын сұраймын.

Күйдің шығу тарихын тыңдайды,бейнебаянға қызыға қарайды.



Қайталайды.

Бірге орындайды.

Ойынға қатысуға тырысады.

Өзге ұлт спабын тез табуға тырысады.

Рефлекялық-түзетушілік.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде немен таныстыңдар?

Қандай аспаптар?

Ұлттық аспаптарға қандай аспаптар жатады?

Жарайсыңдар балалар.

Домбыра -халқымның сыры

Қобызым- Қорқыттың үні

Жалғассын қазақтыңұлы күйі,

Ұрпақтан ұрпаққа айтылар жыры.

Қорытындылау,қоштасу.

-аспаптармен

-ұлттық аспаптар

-домбыра ,асатаяқ ,қылқобыз т.б


Балалар көңілді қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақ халқының ұлттық аспаптары туралы біледі.

Игереді: Аспаптардың шығу тарихын ,қалай пайдаланатындығын түсінді.

Меңгереді: Аспаптарды ажырата білді.



Тақырыбы: « Ұлттық аспаптар»

Мақсаты: Балалардың музыкалық аспаптар туралы түсініктерін кеңейту,ұлттық аспаптардың қадір қасиетін бағалау, танымы мен талғамын,ой-өрісін молайту.

Анықтама

«Балапан » тобында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткіздім.

Балаларға түсінікті, анық болу үшін слайд қолдандым.Онда қазақтың ұлттық аспаптарын көрсете отырып, (домбыра,шаңқобыз,қылқобыз,жетіген, сыбызғы, сазсырнай,асатаяқ)олардың мазмұнымен қолдану тәсілін түсіндірдім.

Соның ішінде домбыра аспабында ойналған Дина Нүрпейісова күйші апамыздың күйін бейне баянын көрсете отырып тыңдаттым.Сергіту сәтін орындап балалардың бойын жазып алып, «Артығын тап» ойынын ойнаттым.Онда балалар қазақтың ұлттық аспаптары арасынан өзге ұлт өкілі аспабын ажыратуын сұрадым.Балалар өзге аспапты тез тауып берді.Бүлдіршіндерге қазағымыздың ұлттық аспаптары туралы мағлұматты толықтай түсіндірдім.Алдағы уақытта балалардың аспаптарға деген қызығушылықтары нығайып, өз ынталарымен аспаптар туралы білуге құштарлықтары арта түседі деп ойлаймын.


Анықтама беруші: Жакенова Ж.Ш






© 2010-2022