Доминантсептаккорд және оның айналымдары

Раздел Музыка
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Доминантсептаккорд және оның айналымдарыДоминантсептаккорд және оның айналымдарыДоминантсептаккорд және оның айналымдарыДоминантсептаккорд және оның айналымдарыАйтмухаметова Доминантсептаккорд және оның айналымдары

Гульнур Рахатовна

Семей қаласы «№2 Балалар музыкалық мектебі»

Сабақтың тақырыбы: Доминантсептаккорд және оның айналымдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Доминантсептаккорд және айналымдарына түсінік беру. Әр түрлі тональдіктерден септаккордты құруды үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың білімділігін көтеру, өнер жолына баулу.

Тәрбиелігі: Сабақтан алған әсерін, ойын жүйелі айтуға үйрету.

Көрнекілігі: карточкалар, электронды тақта, сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың жоспары:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Үй тапсырмасын сұрау

  • Жаңа сабақ

  • Жаңа сабақты бекіту

  • Үй тапсырмасын беру

  • Бағалау

  • Кері байланыс



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Өйткені бізде бүгін қонақтар бар. Қазақ халқы қонақжай халық, бар жақсысын қонағына берген. Бізде өз білімімізді қонақтарға көрсетейік.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

- Өткен сабақта біз интервалдардың тондарын өткен болатынбыз.

Соны қайталап жіберейік.

а) Интервал дегеніміз не?

б) Гармониялық және әуендік интервалдар

в) Барлық интервалдардың тондары

3.Үй тапсырмасын қорытындылау.

Сөзжұмбақ. «Септаккорд» сөзі

1-ші сұрақ - тоқтау белгісі қалай аталады? (үзіліс)

2-ші сұрақ - жылдамдық қозғалысын қалай атайды? (екпін)

3-ші сұрақ - 5 тонға тең интервал? (септима)

4-ші сұрақ -дыбысты шексіз уақытқа немесе өз қалауы бойынша созу белгісі? (фермата)

5-ші сұрақ - B-dur, g-moll бір-біріне қандай тональдіктер? (параллель)

6-шы сұрақ - минордың қай түрінде VI, VII♯ жоғарылайды? (әуендік)

7-ші сұрақ - толық емес такт? (затакт)

8-ші сұрақ - кенеттен күшейту динамикалық белгісі? (сфорцандо)

9-шы сұрақ - диез, бемоль, бекар белгілері қалай аталады? (альтерация)

10-шы сұрақ - V басқыштан құрылатын басты үшдыбыстылық? (доминанта)

4 Жаңа сабақ.

Септаккорд

Септаккорд дегеніміз - 4 дыбыстың терция арқылы құрылуы. Септаккордтың 1-ші дыбысы - прима

2-ші дыбысы - терция

3-ші дыбысы - квинта

4-ші дыбысы - септима

Доминантсептаккорд (Д7)

V басқыштан құрылған септаккордты - доминантсептаккорд дейміз. Интервалдық құрамы - ү3, к3, к3.

Д7 шешілуі:

  1. 7, 5 - секундаға

  2. 3 - секундаға

  3. 1 - тониканың бірінші дыбысына барады.

Доминантсептаккорд айналымдары

  1. Д6/5 - доминанталық квинтсекстаккорд. Астыңғы дыбысы - 3(терция), VII басқыштан құрылады. Интервалдық құрамы - к3, к3, ү2.

  2. Д4/3 - доминанталық терцквартаккорд. Астыңғы дыбысы - 5(квинта), ІІ басқыштан құрылады. Интервалдық құрамы - к3, ү2, ү3.

  3. Д2 - доминанталық секундаккорд. Астыңғы дыбысы - 7(септима), ІV басқыштан құрылады. Интервалдық құрамы - ү2, ү3, к3.

Д7 айналымдарының шешілуі:


  1. 7, 5 - секундаға

  2. 3 - секундаға

  3. 1 - өз орнында қалады.

Доминантсептаккорд және оның айналымдары

5 Жаңа сабақты бекіту.

Мажор және минор топтарына тапсырма беріп жарыстыру

6 Үй тапсырмасын беру.

Мажор тобына -B-dur

Минор тобына - g-moll тональдіктерінен Д7 айналымдарымен құру.

7 Бағалау.

8 Кері байланыс.Кері байланыс. Оқушылардың оқытушыны бағалауы

















© 2010-2022