«Тәуелсіздік - ұлы сөздің тірегі. » 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Т

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мекеме: А. С. Пушкин атындағы № 1 мектеп гимназия. Өтілетін орны: Акт залы. Өтілетін күн : 12.12.2015 жыл Уақыты: 12.30 Сценарийді жазған және музыкалық номерлерді үйымдастырған : музыка пән мұғалімі Ақпанова.С.Т. 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған « Тәуелсіздік - ұлы сөздің тірегі.» атты концерттік бағдарламаның сценариі. Мақсаты: Ел тарихындағы маңызды мерекелердің бірі Тәуелсіздік күнін атап өте, қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу,оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу. (Зал іші мерекеге сай безендірілген , тақырыпқа сай кітап көрмесі,қол өнер ,сурет көрмесі үйымдастырылған. ) Салтанатты музыка. Мұғалім: 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған « Тәуелсіздік - ұлы сөздің тірегі.» атты концерттік бағдарламаны ашық деп жариялаймыз.

Мұғалім: Тәуелсіздік - бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік - түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Тура келіп тарихи бір орайға

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,

Не көрмеді Қазақ елі соны ойла.

Дербестігін аңсаған ел ақ, адал,

Қанын төкті қанша батыр бабалар.

Осы жолдар құрбан болды емес пе?

Халық жауы атанған көп ағалар.

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым

Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік Дербестікке кім сұрамақ басқа құн.

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл ...... жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген барша қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтаймыз.

1жургізуші: Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру - бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. 2 жургізуші: Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! (1) Би «Алтын адам» бишілер тобының орындауында 1 жургізуші: Қыттықтау сөз кезегін мектеп директорына Гулнәз Сайлауқызына беріледі. 1 жургізуші : Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш! ( 2 )Муз номер. . Құрманғазы Сағырбайұлының Куйі «Балбырауын» . орындайтын Абираев Дастан 9 сынып оқушысы. . . . . 1 жургізуші : Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың , Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан - Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып ( 3) ( Оқушы : Қайраттың өлең сөздері. ) . ( Слайд шолу «Желтоқсан -Қазақстан)

2 жургізуші : Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

( 4 )Муз номер. « Туған жер» әні .Орындайтын «Ұландар» квартеті. 2 сынып оқушылары 1 жургізуші : Қуттықтау өлең сөздеріменен 5 -6 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

( 5 )Муз.номер. «Қазақстан» орындайтын Трио 3 сынып оқушылары.

2 жургізуші : Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз - өзінен жүрегім ән салады.

(6)Муз номер. «Достық» әні орындайтын 4 сынып оқушылары. 1 жургізуші : Қазақстан - сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,

Қазақ елі - егеменді, сан ұлты бар.

(7)Муз.номер: «Достық биі» - «Танец дружбы» қабыл алыңыздар. 2 жургізуші : Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. (8) Муз.номер: «Қазақ елі» орындайтын 4 сынып оқушылар ансамбілі.

1 жургізуші : Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған. (9)Муз.номер: БИ «Жұлдызды вальс»- «Звездный вальс» орындайтын бишілер тобы. 2 жургізуші : . Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан - елім менің (10) муз.номер.«Қазақстан -қыран далам» орындайтын вокалдық топ. 1 жургізуші : Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілеміз, ағайын. Бірге: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



© 2010-2022