Халықаралық ынтымақтастық күні (Ашық сабақ)

Түпқараған ауданы бойынша Маршал Әбдіхалықов орта мектебінде ұйымдастырылған эстетикалық пәндер мұғалімдерінің олимпиадасында өткізілген ән-саз пәні мұғалімі Аманбаева Гүлбанудың  ашық  сабақ жоспары:   Сабақтың тақырыбы:       Халықаралық ынтымақтастық күні. Сабақтың мақсаты:   Білімділік     1 Мамыр- Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі мейрамы шығу тарихын түсіндіру. Халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.Әр ұлттың әуенін тыңдата білуге баулу Дамытушылық:               Музыкалық қабілеттерін ашу,есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру ,әнді       сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту. Тәрбиелік:                         Оқушыларды мейірімділікке,достық қарым- қатынасты , адамгершілікке музыкалық шығармаларды тыңдау арқылы тәрбиелеу  Сабақтың әдісі:  Диалогтық оқыту,  АКТ. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың көрнекілігі: слайдты плакаттар, бейнеролик  Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет,шешендік өнері Күтілетін нәтиже: әнді мазмұнын түсіне отырып, жатқа айтады, 1 Мамыр- Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі мейрамы жайлы түсініктері толығады.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түпқараған ауданы бойынша Маршал Әбдіхалықов орта мектебінде ұйымдастырылған эстетикалық пәндер мұғалімдерінің олимпиадасында өткізілген ән-саз пәні мұғалімі Аманбаева Гүлбанудың ашық сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы: Халықаралық ынтымақтастық күні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік 1 Мамыр- Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі мейрамы шығу тарихын түсіндіру. Халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.Әр ұлттың әуенін тыңдата білуге баулу

Дамытушылық: Музыкалық қабілеттерін ашу,есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру ,әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке,достық қарым- қатынасты , адамгершілікке музыкалық шығармаларды тыңдау арқылы тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Диалогтық оқыту, АКТ.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: слайдты плакаттар, бейнеролик

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет,шешендік өнері

Күтілетін нәтиже: әнді мазмұнын түсіне отырып, жатқа айтады, 1 Мамыр- Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі мейрамы жайлы түсініктері толығады.

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру бөлімі

«Көңіл күйің қандай?» тренингі. Әуенмен амандасу: «Саламатсыз ба!» «Көңіл күйлерің қалай?» «Ән сабағына деген дайындықтарың қалай?» «Ендеше сабағымызды бастайық»

Үй тапсырмасын сұрау.(Тақырып: Ғарышқа сапар- реферат,сурет салу )

(Ән:Космонавт боламыз )

Ән айтпастан бұрын дауыс жаттығуын жасап алайық. (аспаптың сүйемелдеуімен)

Топқа бөліну. «Достық» «Бейбітшілік» «Шаңырақ» «Ақ көгершін»

Орналасып болған соң, өз топ аттарына толық мағлұмат беру және осыған байланысты мақалдар айту.

Оқулықпен жұмыс

Тапсырма сұрақтарына жауап берген оқушыларды топ басшылары бағалап отырады .

ІІІ Жаңа сабақты меңгертуге байланысты материал:

Бұрын 1 мамыр еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні деп аталды. Өйткені ХІХ ғасырда ауыр еңбекке жегілген адамдар көп болды. Жұмысшылар өндіріс орындарында 11-12, кейбір жерлерде 15 сағаттық жұмыс жасаған. Содан 1886 жылы 1 мамырда Чикагода Американың жұмысшылары ереуілге шығып, өз құқықтарын қорғауды, жұмыс уақытын 8 сағатқа дейін азайтуды талап еткен. Ол шеру полициялармен қақтығысқа ұласып, қантөгіспен аяқталған. Кейін көтерілісті ұйымдастырушылар жазаға тартылған. Және сол кездегі билік бірнеше адамды өлім жазасына кесіп, дарға асқан. 1889 жылы ІІ Интернационалдың Париж конгресі Чикаго жұмысшыларының ереуілі болған күнді жыл сайынғы шеру болатын күн деп шешім қабылдаған. Бірінші рет 1890 жылы Австро-Венгрия, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франция, Швеция және басқа бірқатар елдерде еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні аталып өткен. Міне, осы оқиғалардан-ақ бұл күн қандай қантөгістермен, қуғын-сүргінмен келгенін көреміз.

Ал Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң, 7 қараша, 23 ақпан секілді бірқатар мейрамдарды алып тастады. Дегенмен халықтың қолдауына ие болған, елге қажетті мейрамдардың атауы өзгертілді. Соның ішінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1 мамыр халықтар бірлігі күні болып бекітілді.Шынымен де, бірлігі бар халықтың тірлігі болады. Көп ұлтты елдің келісімін сақтау мақсатында 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мемлекетімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі өз бетімен келген жоқ. Әр түрлі қоғамның саясатымен, патшалық Ресейдің жер аударуымен, одан кейін Ұлы Отан соғысы уақытында Сталиннің жарлығымен келді. Кавказдағы халықтарды бір-ақ күнде жер аударып, Қазақстанға әкеліп орналастырды. Еділ бойынан немістерді көшірді. Қиыр Шығыстан кәрістерді еріксіз қоныс аудартты. Олардың барлығы осы жерге үйреніп, өз Отаным деп санайды. Қайсысымен тілдессеңіз де, барлығы да «Қазақстаннан басқа қандай Отаным бар?!» деп айтады.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір мәдениеттің басқаға ауысып жойылуына қарсымыз. Сондықтан, біз мемлекеттік ұлттық саясат туралы айтқанда, халықтар арасындағы тұрақты бейбіт қарым-қатынастың ғана сақталуын емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттің өзін дамытуды сақтауды білдіреміз». Бірінші мамыр мейрамы ортақ тарих, дәстүрмен біріккен біздің көп ұлтты Республикамыз үшін ерекше қымбат. Біздің жерімізде әрқашан бейбітшілік пен ырыс-береке болсын.Видеоролик.

Музыка тыңдау: Әртүрлі ұлт әндерін тыңдау . Осы тақырыпқа байланысты туындаған «Дос болайық бәріміз» әні.Әннің сазгері И.Нүсіпбаев жайлы қысқаша мағлұмат беремін (Әнді аспаппен өзім айтып беремін)

Әнді хормен айтқызу.

Енді осы әнді әр топқа бөліп беремін, сол шумақты жаттай отырып, мәтінге байланысты өз ойларын постерге түсіру.

Постер қорғау

Өз өздеріне бағалату.

Қортындылау: 1.Ынтымақ күнін қай уақытта тойлаймыз?

2.Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

3.Барлық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұрады?

Үй тапсырмасы: Әнді жаттау. 1 мамыр мерекесі туралы оқып келу.

Бағалау

















Аудандық эстетикалық пәндер

мұғалімдерінің олимпиадасы





Сабақтың тақырыбы:

Халықаралық ынтымақтастық күні.

СХалықаралық ынтымақтастық күні (Ашық сабақ)ыныбы: 5г



















Мұғалім - Аманбаева Гүлбану Смагуловна

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

«Ән-саз» пәні мұғалімі











М.Әбдіхалықов орта мектебіСәуір, 2014 жыл

© 2010-2022