Қазақ музыкасындағы казіргі аукымды мәселелер

Қазақстандағы қазіргі ауқымды мәселелердің бірі - заманауи музыкалық әдістемені қолдана отырып, оқушыны музыка мәдениетіне тәрбиелеу. Қазіргі әлем музыкасының жан-жақтылығын яғни, музыка мәдениетінің рухани байлығын, беделді тұлғаларын және қолжетпес туындыларын шығарма арқылы жеткізу. Сондықтан біздің міндетіміз барлық мектептердің жүйесін бір арнаға бағыттап, келешек тұлғаларды тәрбиелеу.Музыкалық мәдениеттің бірнеше иірімдері арқылы оқушыны оқыту жолдары шексіз. 1.Жеке тұлғаның әлемдік көзқар...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:













Қазақстандағы қазіргі ауқымды мәселелердің бірі - заманауи музыкалық әдістемені қолдана отырып, оқушыны музыка мәдениетіне тәрбиелеу. Қазіргі әлем музыкасының жан-жақтылығын яғни, музыка мәдениетінің рухани байлығын, беделді тұлғаларын және қолжетпес туындыларын шығарма арқылы жеткізу. Сондықтан біздің міндетіміз барлық мектептердің жүйесін бір арнаға бағыттап, келешек тұлғаларды тәрбиелеу.

Музыкалық мәдениеттің бірнеше иірімдері арқылы оқушыны оқыту жолдары шексіз.

  1. Жеке тұлғаның әлемдік көзқарасын қалыптастыру. Әлемдік музыкалық мәдениеттің жан-жақтылығын көрсетіп қана қоймай,

сонымен қатар оқушыларымыздың алып жатқан білімдері мен музыкалық шығармашылықтарын меңгерте отырып, бір жүйеге жинақтау.



  1. Тарихи ой-сананы қалыптастыру. Қазақстан территориясында тұрып жатқан қазіргі халқы, әлем жұрты, рухани тәжірибенің таралуын, ұлттық және әлемдік мәдениетті бағалап, жетік білген жеке тұлғаның қалыптасуына өз ықпалын тигізді.



  1. Жарқын көркем өнерпаздықты дамыту. Музыкалық аспапта орындау - бұл тек өз - өзін бағалау ғана емес, көркемдік тағылымы мен сезімге бөленіп, жеке тұлға ретінде өсуі. Сахна мәдениетімен, өз - өзін ұстау мәнері, бұл бағытта кездеседі.


  1. Қазақи потриотизмді дамыту. Өз ұлтының салт - дәстүрімен, әдет - ғұрпын білуі, Қазақстан халқының мәдени жетістіктерімен мақтан тұтып, қазақ халқының азаматы болуына ықпал етеді.

Әрбір музыка мектебіндегі ұйымдастырылып отырған шаралар, оқу және тәрбиелеу жолындағы аса бір маңызды форма. Шараны ұйымдастырушылар үшін, бұл - шығармашылық қабілетін шыңдау болып табылады. Шараға қатысу кезінде жас музыкант барлық күш - жігерін жинап, барынша өз шығармашылық мүмкіндігін көрсету керек. Әрбір ұжым немесе жеке орындаушы шара атына сай, өз шығармасы арқылы тыңдаушыға жеткізе білуі тиіс, киім мен сахна мәнерін ұштастыра отырып, орындаушылық шеберлігін жоғары дәрежеде көрсете білуі керек.

Музыка - жүрек тілі, ол - сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Музыкаға деген махаббат, ол жан - дүниеңмен музыканы түсінуге мүмкіндік береді.

Мектептегі гармониялық ой - сананының дамытылуы мен оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы бір жүйеге бағытталады.

Музыканы оқушыларға түсіндіру, сездіру, көрсету ғана емес, біздің мақсатымыз одан да күрделі, яғни адамгершілік карым - катынысты ұштастыра отырып, күнделікті өмірде еңбектене білуіне үйрету.

Әрбір дарынды оқушының музыканы есту қабілеті, музыканы және музықалық тәрбиені қабылдау мәнері болуы керек, өйткені бұл барлық балалардың жетістігі.

Музыканың әрбір қатынасындағы басты бір міндет - музыкалық тапсырмаларда ғана емес, сапалы музыканы дамыту мен адами тәрбиеде.Бұл жүйе өздігінен қалыптаспайды. Қатысушылардың талғамымен музыкаға деген қызығушылығын арттырып, белгілі бір мақсатқа бағытталған жұмыс -музыка құрылымын одан әрі тереңдете түседі. Осының бәрі катысушылардың жыл бойы атқарған еңбегінің нәтижиесі.

Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Адамның мінез - құлқы және оның рухани қажеттілігі мен алға қарай ұмтылуы, моральдік мәнімен тығыз байланысты. Сондықтан, оқытушының өзі де осы музыка әлеміне деген қызығушылығы мол болуы керек. Қай оқытушы да оқушыны дұрыс бағыттай білуі керек.

Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе - оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте - бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады.



© 2010-2022