Презентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 класс

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:___________

Сыныбы: 3 Күні __________

Сабақтың тақырыбы: Үрмелі аспаптар оркестрі.

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға үрмелі музыкалық оркестр құрамындағы аспаптармен таныстыру, оларға түсінік беру;

Дамытушылық:Музыкалық аспаптармен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:Музыкалық аспаптарды қадірлей, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тыңдау, ән айту.

Көрнекілігі: үрлемелі музыкалық аспаптардың суреті, нота тақтасы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Оқушылармен амандасу;

  2. Балаларды түгелдеу;

  1. Үй тапсырмасы:

  1. Бүгінгі заман музыкасын қалай түсінесіз?

  2. Нота дегеніміз не?

  3. Ертегідегі жеті баланың аттарын атап бер?

  4. Музыканың ең бірінші нотасы?

  5. Үрмелі музыкалық аспаптарды ата?

III Жаңа сабақ

«Үрлемелі аспаптар оркестрі».

Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі - ағаштан не жезден жасалған үрлемелі және соқпалы музыка аспаптардағы орындаушылар ұжымы. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі әр қилы акустикикалық жағдайда - концерт залдарында, ашық ауада, марштарда пайдаланылады. Сондай-ақ мәдени-көпшілік, қоғамдық, спорт, салтанатты мейрам-той жиындарын өткізуде кеңінен қолданылады. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі - көпшілікке кеңінен тараған музыкалық ұжымдардың бірі.

Yрлемелі және соқпалы музыкалық аспаптар тобы б.з.б. Ежелгі Египет, Иран, Грекия, Қытай, Yндістан елдеріндесалтанаттыдінижиындарда және әскерижорықтардақолданылған. Еуропада XVII ғасырда пайда болды; ал Ресейдіңәскериполктерінетұңғышрет XVII ғасырдыңаяғы мен XVIII ғасырдың басындаенгізілді. XIX ғасырда жетілдірілгенүрлемелімузыкалықаспаптардың пайда болуы Yрлемелімузыкалықаспаптароркестрініңорындаушылық қабілетін кеңейтті. XX ғасырда Yрлемелімузыкалықаспаптароркестрінің 3 түрі (кіші, орташа, үлкен) қалыптасып, кейбірүлгілі әскериоркестрде және мемлекеттікYрлемелімузыкалықаспаптароркестріқұрамында 80 - 100 орындаушыға дейін болды. Оның құрамынаағаштан жасалған музыкалықаспаптар (флейта, гобой, кларнет, саксофон, фагот), жезден жасалған музыкалықаспаптар (валторна, труба, тромбон, корнет,баритон, бас және контрабас) және соқпалымузыкалықаспаптартобы кіреді. Кейде үлкен оркестр құрамында арфа, рояль, челеста, қоңырау, там-там, маримба, вибрафон, т.б. музыкалықаспаптар да пайдаланылады. Ол мәдениетсарайлары мен музыка насихаттаукештерінде, көркемөнерпаздарүйірмелеріндеқойылатын опера, балет, драма спектакльдер мен концерттерде, т.б. қолданылады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттікфилармониясы жанынанүрлемеліаспаптароркестріқұрылып, оның көркемдікжағынҚ.Ахметов басқарды. Бұл ұжымФранция мен Испанияда өткен үрлемелі музыка фестиваліне, ал 1998 жылы Тайваньда өткен Халықараралық музыка фестиваліне қатысты. Қазақтыңмемлекеттікүрлемеліоркестрі репертуарынан Е.Рахмадиев, Б.Баяхунов, Ә.Бестібаев, Т.Қажығалиев, Б.Қыдырбек, т.б. композиторлардыңшығармаларыелеулі орын алады.

Презентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 классПрезентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 класс

Презентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 класс

Ерте заманда адамдар құстармен, жан-жануарлармен сөйлесе білген. Олар алдымен құстың, жануардың дыбысын жақсылап тыңдап, кейін дәл сондай дыбысты өздеріайтып көруге талпынған. Түрлі дыбысты алдымен ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптармен салды. Ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптарда аттың шабысын, құстың ұшқанын жануардың жүргенін т.б. салатын болған. Аспаптар осылай «сөйлей» бастады.
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 мм немесе 700 - 800 мм болады; 3 - 4 ойықты.

Презентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 классПрезентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 классСыбызғы

Презентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 классПрезентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 класс

Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай - сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай саздан жасалған үрмелі аспап. Бұл аспапты кішкентай балалар мен жасөспірімдер ермек үшін пайдаланған, диапозоны аса үлкен емес. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның "ми-бемоль", "фа", "соль" ноталары. Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтарды саусақпен басып, ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды. Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сондай-ақ, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі ауа толқынының дұрыс жетуіне байланысты.

Аспапты сапалы саз-балшықтан жасайды. Сазды илеген соң, оны біркелкі пішінге келтіріп, кептіреді. Кептірілген саз белгілі бір температурда қызған пеш ішіне салынып, күйдіріледі. Кейін дыбыс ойығы салынып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді. 1971 жылы Отырар қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгенде табылған болатын. Қазақ жерінің көп аймақтарында кең таралған.

Презентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 классПрезентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 классПрезентация по музыке Үрмелі аспаптар оркестрі 3 класс

Шаңқобыз -қазақтың көне музыкалык аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден не күмістен жасалған. Шаңқобыз арасына бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы (тоны) тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына коңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған "Қыз зары", "Қыз ұзату", "Қыздың мұңы" әндері мен "Шаңкауыздың толғауы" секілді күй де бар. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады. Ш. тектес музыкалық аспаптар моңғол, өзбек, қырғыз, орыс, украин, т.б. халыктары арасында да кең тараған.Шаңқобыздыңсиреккездесетін түрі -ағашшаңқобыз.Үйеңкі, қайың, жемісағаштарынанжасалады. Ортаданкесілгенағашұштары екі жағынантесіліп, жіп-баутағылады. Аспапорындаушысы жіп-баудытарта отырып, босату, тербету арқылы тілшеніқозғалтады. Ағашшаңқобыздажеңіләндер мен шағынкүйлерорындалады.

Ертедешаңқобызкішкентай балалар мен әйелдераспабы болған. Шаңқобызғаарналған «Қызұзату», «Қыззары», «Қызмұңы», «Шаңқобызтолғауы» сияқтышағынкүйлершығарылған. .

Отан әнін қайталау.. (1. Сөзін оқып, мазмұнымен таныстыру, оқушылармен бірігіп орындау)

Отаным кең далам орманды, Қ-сы: Туған жер алтын таң

Болаттан соғылған қорғанды Кең далам таулы орман

Бақыттың, шаттықтың мекені Ұл мен қыз қорғаймыз

Қолдаймын, қорғаймын Отанды Бақытты ұлы Отан, Отан

  1. Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақты мына сөзжұмбақ арқылы қорытындылаймыз

Сұрақтар:

1. Бірінші сызықтың бойында орналасқан нота?

2.Үрлемелі аспаптар оркестр құрамындағы аспатардың бірі?

3. Үрлемелі музыкалық аспаптардың бірі?

4. Қазақтың ұрмалы аспаптарының бірі?

5. Қазақтың аспаптық музыкасы қалай аталады?

6. Музыкада дыбыстың жазылу белгісі қалай аталады?

д

н

т

с

а

о

р

а

б

т

м

у

з

ы

к

а

и

б

с

л

ү

а

ы

й

р

н

а

й





Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма Үрмелі аспаптар оркестрі тақырыбын оқып, мазмұнын айту.

Үрмелі аспаптар суретін салып келу





© 2010-2022