Торғай өңіріндегі күйшілік дәстүрді дамытудағы Мұздахановтардың үлесі

Бұл мақалада Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі өзін қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай лайықты жасалған туған тілі,әдебиеті, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-белі де айқындалып танылмақ. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы бар әдеби қазынасының терең бір арнасы – күй өнері. Бұл өнер заманалардың қатал сын-дауылдарынан мүдірместен өтіп, өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, көшпелілердің биік руханияты мен мәдениетінің сарқылмас бұлағына айналды. Қазақ күй өнері о бастан-ақ домбыраның  пернесі арқылы шығып, солай тарап, өз тыңдаушыларының жүрегіне биік орнығып, әр заманда сұрыпталып, сан түрлі реңі-бояуларымен, міне  XXI ғасырға да жетіп отыр. Халқымыздың рухани тынысының кеңеюі мен эстетикалық сана-түсінігінің терең қалыптасуына күй өнерінің  әсер-ықпалы орасан зор болды.  Күй  өнері халықтық тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрыпқа деген талғамын ғана өсіріп қойған жоқ, сонымен бірге біздің жан-дүниемізді сұлулық пен мейірімге, ізденіс пен махаббатқа түбегейлі іңкәр етті. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген қазақ халқы  небір әдемі әуенге өрілген, асыл сөздің мөлдіреген моншақ-кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын ізгілік пен адамгершілікке жетеледі. Осылайша буыннан-буынға жалғасып келеді.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп бағдарламасындағы «Музыка» сабағында сабақтан тыс өтілуге арналған ашық сабақ үлгісі

Авторы: Болатұлы Нұрсұлтан Ы.Алтынсарин Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенті



Сабақ тақырыбы: «Күй тілінде сөйлейтін адам...»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға қазақтың күй өнері, оның ішінде Торғай өңіріндегі күйшілік дәстүрді жалғастырушы Мұздахановтардың үлесі жайлы білгендеріне қосымша ақпарат пен тың мағлұмат беру;

2.Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыруы;

3.Тәрбиелігі: Оқушыларды елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу; Күй өнері мен мәдени мұраны сақтауға, қадірлеуге, құрметтеуге шақыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Көрнекілігі: Әкелі- балалы Мұздахановтардың портреті, кітаптары, бейнебаян, презентация.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

(Психологиялық жұмыс)

Шаттық шеңбері:

Күлімде күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін,

Қырдың көкшіл гүліндей

Қолдарына гүл алсын!

Оқушыларды түгендеу, сәлемдесу.

Сабақты бастамас бұрын оқушыларға Торғай өңірі туралы, осы өлкенің мәдениеті мен өнері жайлы мағлұмат беру.

1.Күй.Күйшілік мектеп. Күй өнері туралы оқушыларға қысқаша мәлімет беру;

2.Айтбай және Анар Мұздахановтардың өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

Қос күйші Мұздахановтардың «Бабалар үні» циклы бойынша «Аманкелді дүбірі» атты күйі сабақтың соңына дейін қойылып тұрады.

Хронологиялық кесте

Жылдар

Оқиғалар

1941

Күйшінің өмірге келуі

Атағы

ҚР Мәдениетіне Еңбек сіңірген қайраткер

Еңбегі

«Бабалар үні» күйлер мен әндер жинағы

АТорғай өңіріндегі күйшілік дәстүрді дамытудағы Мұздахановтардың үлесіТорғай өңіріндегі күйшілік дәстүрді дамытудағы Мұздахановтардың үлесіТорғай өңіріндегі күйшілік дәстүрді дамытудағы Мұздахановтардың үлесіТорғай өңіріндегі күйшілік дәстүрді дамытудағы Мұздахановтардың үлесійтбай Мұздаханов лирик күйші

Торғай өңіріндегі күйшілік дәстүрді дамытудағы Мұздахановтардың үлесіэпик күйші

композитор

әнші

ұстаз

2. «Миға шабуыл» әдісі

Оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аудартып, алдын ала жасалған қос күйші туралы бейнероликті тамашалау (7 минут)

1.Тағдырдың сынағына қалай көнген?

2. Жұмаш Сомжүректің «Күйші мен күйініш» эссесі кімге арналған?

3.Анар Мұздаханова кім?

4.Айтбай Мұздаханов қандай адам?

5.Сен күйшінің орында болсаң не істер ең..?!

Сабақты қорытындылау: Ойтолғау, жеке жұмыс

Сабақты бекіту: Сұрақтарға жауап алу.

Сабақты бағалау:

Үй тапсырмасы: Қос күйші туралы реферат дайындау









© 2010-2022