Шапшаң орамал ойындарды жүргізу және ойын шарттары

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шапшаң орамал» халық ойындарымен танысу

және ойындарды жүргізу

Мақсаты:

1. Қимыл-қозғалыс арқылы естіген музыкаларынан алған сезімдерін білдіруге ынталандыру. Балалардың ойынға деген құлшыныс-талпыныстарын мадақтау.

2. Баланың бірегей қабілеттерін ретті және жүйелі жетілдіріп отыру, ойын барысында қимылдарды мәнерлі жеткізуге дағдыландыру.

3. Балаларды ұжымдық шығармашылыққа және берілген іске үлкен жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.

Көрнекіліктер: қазақша тақия, секіргіш доптар, моншақ, үнтаспада ойналып тұратын қазақша әндер, көз байлағыш орамалдар, қамшы және т.б. ойынға қажетті заттар.

Барысы: Балалар ыңғайлы киімдер киіп залға кіреді. Балаларға ойын шарттары түсіндіріледі.

«Тақия тастамақ» ойыны

Ойын шарты: балалар шеңбер бойымен жағалай отырып, ойыншы болып сайланған бастаушы бала өлең сөздерін айта жүріп қимылмен «тақияны» бір баланың артына қояды.

Ойым бар бір ойын бастамақ

Аты оның «Тақия тастамақ»

Шеңбер боп отыра қалыңдар

Ым қағып жүрмесін қас-қабақ

Ақырын, аспаймын-саспаймын

Шеңберді айнала бастаймын

Біріңнің тұсыңа жеткенде

Сездірмей «тақия» тастаймын

Қайтадан келгенше оралып

Түк сезбей отырсаң омалып

Арқаңды осқылап қуамын

Маубасқа керегі сол анық, - деп шеңберді айналып келіп «тақия» тасталған баланы қуады. Бала жүгіріп келіп өз орнына отырып үлгермесе, бастаушы ойыншыға:

Шығасың «тақия» тастауға

Ойынды басынан бастауға

Сезімтал балаға күлкі боп

Тағы кім кім сұрар деп бас сауға!

«Қыз қуу» ойыны

Ойын шарты: Санамақ арқылы бір ұл мен қыз сайланып, екеуіне де ат орнына секіргіш доп беріледі. Балалар 1, 2, 3 деп ойынды бастап бергенде, қыз атына отыра сала ұлдан қашып кете барады, ал ұл болса қызды шауып жетіп бетінен сүю керек. Ұл мәреге дейін қызды қуып жете алмаса, қайта қайтарда қыз арқасынан қамшылап келуі тиіс. Ойынды балалардың қалауынша өткізуге болады.

«Теңге алу» ойыны

Ойын шарты: Ойынды ұлдар ойнағандықтан барлық ұлдарда секіргіш доп болады. Ортаға орамалға түйілген теңге тасталып, қыздар 1,2,3 деп ойынды бастағанда ұлдар аттарында шауып келіп кім бірінші «теңгені» алса сол ойын жеңімпазы болып аталады.

«Ақ сүйек» ойыны

Ойын шарты: Ойын залда ойналатындықтан барлық балалардың көздері орамалмен жабық немесе балалар бастаушыға қарамай теріс қарап тұрулары тиіс. Бастаушы ешкімге көрсетпестен «сүйекті» жақсылап қойып тығып қояды, ойын басталды дегенде ойыншылар сүйекті музыка әуенімен іздеп табулары керек. Музыка қаттырақ шыққанда сол жерді айналып іздеген дұрыс, музыка әуені жай, ақырын естілгенде олар ол жерде көп бөгелмегендері жөн. Ойын осылай жалғаса береді.

«Түлкінің іні» ойыны

Ойын шарты: Бала санына қарай балалар 3-4 тен қолдарын ұстап қолды жоғары біріктіріп көтеріп тұрып түлкі інін бейнелейді. Әр інде бір-бірден түлкі болады. Түлкі болып сайланған бастаушы бала қасқырдан қашып келіп басқа түлкінің ініне кіргенде, інде тұрған түлкі қашып шығып басқа інге кіреді... Ойын осылай жалғаса береді.








© 2010-2022