Дина Нүрпейсованың домбырада ойнау стилі

"Описание материала: Мен бұл сабақты 3-сынып оқушысына өткіздім.Сабақтың мақсаты оқушыларды шығармашылыққа баули отырып домбыра аспабына сүйіспеншілігін нығайту. осы домбыра аспабына деген қызығу шылығын арртыру. сабақ үш бөлімнен түрады. дайындық бөлімінде оқушымен амандасу. ұйге берген тапсырманы қайталау. жаңа сабақтың тақырыбын түсіндіру қолдар жаттықтыру домбыра тару әдістерін түсіндіру, көрсету. оқушыға шығарманы қайта-қаита тартқызу . қортынды бөлімде оқушыны бағалау домбырада жақсы ойна...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің музыка мектебі »










Ашық сабақ




Тақырыбы: Дина Нүрпейсованың домбырада ойнау стилі



Оқушы: Нұрхан Бейбарыс 3-сынып



Өткізген: Қожанова Гүлім Рамазанқызы





Арқалық, 2013

Сабақтың тақырыбы: Дина Нұрпейісованың домбырада ойнау стилі

1. М.Қойшыбаев «Қызыл құм»

2. Қ.Ахмедияров «Алтын ұя»

3. Дина «Науысқы»


Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

1.Білімділік: Күйшілік өнер туралы нақты, тиянақты әңгімелеу, күйлердің орындалу әдістерімен таныстыру, күйлерді тыңдату арқылы білімдерін жетілдіру.

2.Дамытушылық: Музыкалық қабілеттерін арттыру, домбыра тарту дағдыларын қалыптсатыру, балалардың шығармашылық белсенділіктерін түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы оятып дамыту.

3.Тәрбиелік: Балаларды өз халқының музыкасының мұрасынан эстетикалық ләззат алуға баулу, ата-баба дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту.

Көрнекілігі: Күйшінің портреті, үнтаспа, тапсырмалар.


Жоспар:


І. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Қызығушылығын ояту

ІV. Мағынаны тану.

V. Сергіту сәті.

VІ. Күй тыңдау.

VІІ. Ой толғаныс.

VІІІ. Үйге тапсырма.

ІХ. Қорытынды.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлемдесу.

- Аспаптың құлақ күйін келтіру.

- Сабаққа дайындық жаттығуларын ойнату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Сұрақтар арқылы)

1. Музыкада неше дыбыс бар? (7-дыбыс)

2. Соль нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықта)

3. Соль деп не үшін аталған? (өзіндік тональдігі болғасын)

4. Соль нотасымен қандай аспапты келтіреді (домбыраны)

5. Домбыраның дыбыс көлемі қандай? (ре 1-октавадан ре 3-октава)

ІІІ.Қызығушылығын ояту.

(Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)

-Күйші деген кім?

-Кімнің суретін көріп тұрмыз?

-Мынаның ішінде күйші кім?

-Неге «Күй анасы» деп атаймыз?

-Дина Нүрпейісова атындағы оркестр қай қалада?

-Қандай күйлерін білесіңдер?

Дина Нүрпейсованың домбырада ойнау стилі


Дина Нүрпейсованың домбырада ойнау стилі



ІV. Мағынаны тану.

Дина Нүрпейісова (1861-1955 жж) (Мәтінді 1-оқушыға оқыту)

Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламайсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90-жасында Құрманғазы

ның күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады.

1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады.

Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды.

Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған.

Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т.б.

V. Сергіту сәті.

Динаның бірнеше күйлерін, ойнау стилдерімен ойнап көрсету.

VІ. Күй тыңдау: (Нотамен жұмыс)

Енді Дина Нүрпейісова әжеміздің «Науысқы» күйінің тарихымен танысайық, тыңдайық.

-Бұл күйдің тақырыбы не жайында?

-Құрманғазы күйлерінен ерекшелігі неде?

-Қандай аспаппен орындалып тұр?

-Екпіні қандай?

VІІ. Ой толғаныс.

Дина Нүрпейісованың өмір сүрген жылдары?

1861-1953 (1861-1955)

Алматыға тұңғыш қай жылы келді?

1833ж (1937ж)

Қай жылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты?

1948ж (1944ж)

Дина жайлы С.Бақбергенов қай жылы роман жазды?

1960ж (1963ж)

VІІІ. Үйге тапсырма.

Тақырыпты, Динаның өмірбаянын толықтырып оқып келу, күйді асықпай жәймен жаттау.

ІХ. Қорытынды.

Оқушыны бағалау


© 2010-2022