Презентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетіген

Раздел Музыка
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Презентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетігенПрезентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетігенПрезентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетіген

Сабақтың тақырыбы: Аңыздан жаралған жетіген

Мақсаты
Білімділік: Оқушыларға халық аспаптары соның шінде жетіген жайында кеңірек мағлұмат беру.
Дамытушылық: Ырғақты сезіну,есту,есте сақтау қабілетін және ән айту қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ән айту.
Көрнекілігі: Слайд,техникалық құралдар,баян,ішекті, ұрмалы аспаптар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Әдебиеттік оқу,Бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аударту. Оқушыларды түгелдеу.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

"Кім жылдам"ойыны арқылы үй жұмысын пысықтау. 1.Үрмелі аспаптар дегеніміз не? 2.Сыбызғы аспабы қалай пайда болды? 3.Қазақ халқының қандай аспабын білесің? 4.Ұрмалы аспаптарды ата? 5.Ұрмалы аспап қалай пайда болды? 6.Сазсырнай қандай аспап? 7.Балаларға арналған музыкалық аспаптарды ата? Ал енді балалар, кезекті жұмбаққа берейік.

Жұмбақ

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар. Әуезінен жеті тарау мұң шығар Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар. Бұл қандай аспап? Жауабы: Жетіген

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы жетіген аспабы туралы болмақ.

III.Жаңа сабақ « Аңыздан жаралған жетіген»

Жетіген аспабының шығу тарихы

Бағзы заманда бір қарттың жеті ұлы болған екен. Ел ішінде бір жылдары қатты жұт болып, көпшілік қауым ашаршылыққа тап болады. Аштықтан жеті ұлы қайтыс болады. Қания есімді үлкен ұлы қайтыс болған кезде кепкен ағаш бөлігін ойын алып, ішек тартып, тиек тағады. Қайтқан тұңғыш ұлына арнап, «Қарағым» күйін шығарады. Қаниядан соң, екінші ұлы Төралым қайтқан кезде, екінші ішекті тартып, «Қанат сынар» күйін орындайды. Үшінші ұлы Жайкелді өмірден өткенде "Құмарым", төртінші ұлы Бекенге арнап "От сөнер", бесінші ұлы Хауасқа "Бақыт көшті", алтыншы ұлы Жүлзарға "Күн тұтылуы" күйлерін шығарады. Ең кіші ұлы Қияс қайтыс болғанда ақсақал жетінші шекті тартып, "Жеті баламнан айрылып құса болдым" атты күй шығарады. Қара жамылған қарт әр күйді орындау барысында әр баласының бейнесін әуен арқылы көрсетеді. Бұл күйлер кеңінен таралып, әрі қарай дамып «Жетігеннің жеті күйі» не «Жетігеннің жетеуі» деп танылады. Аспап атауы жеті және ән сөздерінен құралып, «жетіген» деп аталған.

Презентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетігенПрезентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетіген

Жетіген - ең көне ішекті аспаптардың бірі. Қалай пайда болғандығы жөнінде ғылыми тұжырым жасалған жоқ. Бір кездерде аты тұрмақ ,көзден таса, көңілден ада болған бұл аспаптың қайта жаңғырып, өмірге келуіне үлкен күш салып, зор еңбек еткен ғалым Болат Сарыбаев еді. Ол жетігеннің атын да, затын да тауып, оның қазақ музыка аспабы екендігін ғылыми негізде дәлелдеп берді. Көптеген аңыз-әңгімелерді жинақтап, сан алуан ғылыми деректерді жарыққа шығарды.

Қазіргі таңда елімізде Жетіген аспабын дамытуға үлес қосып жүргендер көп.Соның бірі Қарақат Әбілдина. Оның жетіген аспабын үйрететін мектебі бар.

Әлемде жетігенге ұқсас аспап көп кездеседі. Соның ішінде

Цимбало-украин халқының ішекті таяқшамен ұрып ойнайтын аспабы.

Гусли- « ішектің гуілі» деген мағынаны беретін, орыс халқының аспабы. Оқушыларға осы аспаптардың дыбысын тыңдату.

Күй тыңдау. «Аңшының зары»

Ішек тағылып орындалатын аспаптарды ішекті аспаптар дейміз.

Ән үйрету. «Домбырасыз сән қайда?»

Презентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетіген

А)Дауыс жаттығуын жасау Ә)Әнді оқушылармен бірге орындау

Домбырасыз сән қайда?
әні:И.Нүсіпбаев

1.Елдің жырын жырлаған, 2. Құрманғазы,Тәттімбет Қайғысында толғаған Домбырамен сайраған. Домбырасыз ешқашан, Жүрекке от жақсын деп, Жүрекке ем қонбаған. Елге күйін арнаған

Кайырмасы:

Домбырасыз сән қайда?! Домбырасыз ән қайда Ән мен күй бар өмірде От та лаулап жанбай ма?

IV.Қорытындылау

Құс қанаты таріздес ішекті аспап Презентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетіген

Жеті ішекті жеті тиекті аспап Презентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетіген

Ұрмалы таяқшалары бар ішекті аспап Презентация по музыкии на тему Аңыздан жаралған жетіген

V.Бағалау. Оқушыларды жауабына қарай бағалау
VI.Үй тапсырмасы.
1.Аспаптар туралы түсінік айту.
2.Аспаптардың суретін салып келу.
3.Әнді жаттау.

© 2010-2022