Конспект

Сабақтың тақырыбы: Музыка аспаптары   Сабақтың мақсаты: ежелгі музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз-барабаны, асатаяқ-ложки, қоңырау – бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка туралы түсінік беру Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа Сабақтың барысы:                                                 І. Ұйымдастыру                                     А) сәлемдесу                                     Ә) сыныпты түгендеу                                     Б) оқушыларды ынталандыру                                      ІІ. Үй тапсырмасын тексеру   А)  оқушыларды топпен тексеру   Б) дауыс жаттығуы:  гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор. 1. АААА    УУУУУУ    ИИИИИИ 2. АА-УУ*ИИ В) «Қошақаным» және «біз Отанның ұланымыз!» әнің аспапта орындап айтқызу.     ІІІ. Жаңа тақырып.      Қазақта асатаяқ, қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптарының суреттерін көрсету М..1    М...2    М....3            Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап, ол туралы қазақ ауыз әдебиетінде көп сөз болады. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады.       Даңғыра – ұрмалы – сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір сақиналар мен сылдырмақтар ілінген дөңгелек аспап. Даңғыра – шамандық әдет – ғұрыптың бөлінбес белгісі болып табылады.              Қоңырау – ерте заманда қобызшылар мен бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер қоңырауды қылқобыз бен домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап, тартқанда әрлі-берлі шайқап, шылдыратып отырған. Ал шаңқобыз тартатын әйелдер саусақтарына қоңырауды киіп алып, анда – санда қағып отырып шылдырлатқан. Музыка тыңдау. Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдау. Ән үйрену.  «Айгөлек» (Б.Байқадамов, Н.Баймұхамедов) әнін үйрену.   Сергіту сәті.  Домбырамен билеу.   ІV. Сабақты бекіту. Музыкалық – дидактикалық ойын. Ұрмалы немесе ішекті аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, қобыз, жетіген т.б.) дыбыс ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсенділігін, қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.Сабақты қорытындылау: 1. «Айгөлек» әнінің авторларын ата? 2. Әннің әуені қандай? 3. Бүгін сабақта қандай күй тыңдадық? 4. Күйдің авторын ата.     Үй тапсырмасы: ежелгі музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз-барабаны, асатаяқ-ложки, қоңырау – бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка – мазмұндау.   Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Музыка аспаптары

Сабақтың мақсаты: ежелгі музыкалық аспаптар - дабыл, дауылпаз-барабаны, асатаяқ-ложки, қоңырау - бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка туралы түсінік беру

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) сәлемдесу

Ә) сыныпты түгендеу

Б) оқушыларды ынталандыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А) оқушыларды топпен тексеру

Б) дауыс жаттығуы: гамма тектес жаттығудың баланың дауыс ырғағын ретке келтіруге әсері зор.

1. АААА УУУУУУ ИИИИИИ

2. АА-УУ*ИИ

В) «Қошақаным» және «біз Отанның ұланымыз!» әнің аспапта орындап айтқызу.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Қазақта асатаяқ, қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптарының суреттерін көрсету

М..1 М...2 М....3

Дабыл - бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап, ол туралы қазақ ауыз әдебиетінде көп сөз болады. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады.

Даңғыра - ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір сақиналар мен сылдырмақтар ілінген дөңгелек аспап. Даңғыра - шамандық әдет - ғұрыптың бөлінбес белгісі болып табылады.

Қоңырау - ерте заманда қобызшылар мен бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер қоңырауды қылқобыз бен домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап, тартқанда әрлі-берлі шайқап, шылдыратып отырған. Ал шаңқобыз тартатын әйелдер саусақтарына қоңырауды киіп алып, анда - санда қағып отырып шылдырлатқан.

Музыка тыңдау.

Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдау.

Ән үйрену.

«Айгөлек» (Б.Байқадамов, Н.Баймұхамедов) әнін үйрену.

Сергіту сәті.

Домбырамен билеу.

ІV. Сабақты бекіту.

Музыкалық - дидактикалық ойын.

Ұрмалы немесе ішекті аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, қобыз, жетіген т.б.) дыбыс ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсенділігін, қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.

Сабақты қорытындылау:

1. «Айгөлек» әнінің авторларын ата?

2. Әннің әуені қандай?

3. Бүгін сабақта қандай күй тыңдадық?

4. Күйдің авторын ата.

Үй тапсырмасы: ежелгі музыкалық аспаптар - дабыл, дауылпаз-барабаны, асатаяқ-ложки, қоңырау - бубенцы, даңғыра-дойра, сақпан-трещотка - мазмұндау.

Бағалау: оқушылардың жауабына қарай балаларды мақтап баға беру.







© 2010-2022