Сабақтың тақырыбы: «Ән патшасы-Шәмші»

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ән патшасы-Шәмші»

Сабақтың мақсаты:Қазақ вальсінің «королі» Шәмші Қалдаяқовтың творчествосымен танысу, орындау.

Білімділігі: композитордың өнер жолындағы шығармашылығы мен әндерінің шығу тарихына тоқтала отырып, ой- өрісін кеңейту.

Дамытушылығы: оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру арқылы танымдық және музыкалық есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: қазақ мәдениетінің өркендеуіне еңбегі сіңген өнер тарландарының өнегелі өмірі мен еңбек жолдарын жас ұрпақтарға таныта отырып, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, баяндау, деңгейлік тапсырма, СТО элементтері, топтық-жұптық жұмыстар.

Көрнекілігі:баян аспабы, интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы, аудио-бейне таспалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

(Психологиялық дайындық)

-Әрбір адам?-Досым, сыныптастасым.

-Әрбір сабақ?-Үйрену, оқу, іздену.

-Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық.

-Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Сұрақ-жауап әдісімен үй тапсырмасын тексеру.

Хор, кантата, оратория жанры.

Музыкалық сауат бойынша «Нотасын тап!» ойыны

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ш.Қалдаяқов-аса көрнекті композитор, ән жанрын дамытушы, қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның халық әртісі, қазақ вальсінің королі.

Ш.Қалдаяқов (1930-1992)-Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. Эстрадалық ән жанрында өзіндік қолтаңбасын жасаған талантты композитор. Оның «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Ақ ерке-Ақ Жайық», «Ақ бантик» т.б. көптеген әндері кеңінен танымал. Әсіресе, Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әні халықтың жүрегінен орын алып, Мемлекетіміздің «Гимніне» айналды. Шәмші әндерін қазақтың әйгілі әншілері Бибігүл Төлегенова, Роза Жаманова, Роза Бағлановалар және қазіргі таңда көптеген жас буын эстрада әншілері орындап келеді.

Шәмші Қалдаяқов шығармашылығы

1950 жыл

Шығармашылық жұмыспен айналысты.

1953 жылы 23 жасында

«Вальс королі» атанды

1956-1962 жылдары

Алматы консерваториясында В.Великановтың класында оқыды

1964-1972 жылдары

Тума талантын көрсете білді

1965 жыл

Қазақстан Жастар Одағы сыйлығын алды

1989 жылы

Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген «Мәдениет қайраткері» атағын алды

1991 жылы

Қазақстанның «Халық әртісі» атағын алды

«Менің Қазақстаным» және «Ана туралы жыр» әндерінің шығу тарихымен танысу, орындау.

Шәмші Қалдаяқов атында көшелер, мәдени орталықтар, оқу орындары, музыкалық мектептер бар. 2000 жылдан бастап Шымкетте жыл сайын «Шәмші әндері» байқауы өтеді.

IV.Сергіту.

1,2,3-өнерлі бала біз,

4,5,6-жалқаулық артта қалды.

7,8-білім мен өнер-егіз,

9,10-тапсырманы орындаған жөн.

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей «Ана туралы жыр» әніне талдау «6 w»-cебеп

Неге? Аналарды әлемге паш ету үшін.

Не үшін? Ана алдындағы борышын өтеу үшін.

Не себептен? Анасына деген құрметпен.

Не мақсатпен? Бала алдындағы ана ролін арттыру.

Неліктен? Балалық махаббатын жырлау үшін.

Неден? Анаға деген сүйіспеншіліктен.

2-деңгей Семантикалық карта

Тапсырмалар

«Менің Қазақстаным»

Шәмші

23 жас

Роза Бағланова

«Ана туралы жыр»

1930

жыл

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...







Вальс «королі»







«Ақ маңдайлым»







Жәмшид







Гимн







Шәмшінің туған жылы







3-деңгей«Ана туралы жар» әні бастамасын фланелеграфқа түсіру.

4-деңгейШәмші туралы толғау. (РАФТ стратегиясы)

V.Бекіту (ИНСЕРТ стратегиясын қолдану)

V-білемін - Композитор екенін

+-жаңа ақпарат - Ән, романс жанрын дамытқандығын

_-келіспеймін - Композитор атағын кешіктіріп бергеніне

?-түсініксіз - Композиторлар Одағына мүше болмағаны

VI. Қорытынды

Еліне деген шексіз махаббаты халқының ой-арманын жырлап, сол еңбектеріне еш уақытта ақы сұрамаған Шәмшінің ең үлкен ұлылығы да осы еді:

Творчестводағы тектілігі;

Өнердегі тазалығы;

Өмірдегі білімділігі;

Сезім тереңдігі-оның даналығы,-деп білеміз.

VII. Бағалау

Бүтін нота-«5» (қызыл түс)

Жартылық нота-«4» (жасыл түс)

Ширек нота-«3» (сары түс)

VIII. Үйге тапсырма

Қызыл-қиын тапсырма-«Шәмші-сазгер» тақырыбына өлең құрастыру.

Жасыл-орташа тапсырма-«Ана туралы жыр» әнінің ырғақтық суреті.

Сары-жеңіл тапсырма-«Анама сыйлық»-өз қалауы бойынша ашық хат дайындау.



© 2010-2022