Музыка Төрт түлік мал

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:03.03.2011

Сынып: Мектеп алды даярлық сыныбы

Пәні: Музыка

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік

Сабақтың мақсаты: музыкалық шығарманың жанрын ажырата білуге, ән-

дерді нақышына келтіріп орындай білуге үйрету. Музы-

ка әуенмен әр жанурларға тән қимыл-қозғалыстар жа-

сай білуге дағдыландыру. Балалардың ойындағы музы-

калық танымдарын кеңейту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі жан-жануарлардың және олардың төлдерінің

суреттері.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрсету.

Сабақтың барысы:

Кезеңдері:

Мазмұны:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:





Ән тыңдау:




Сергіту сәті

Ән айту:






Музыкалақ аспапта ойнау:

Қорытынды

  • Амандасу.

  • Сабаққа дайындығын тексеремін.

  • Төрт түлік мал туралы жұмбақтар шешіліп, өлеңдер оқылады.

Ащыдан басқа жемейтін,

Ыстық шөлде отаны.

Шөлдесе де «су» демейтін

Ол қай жануар? (Түйе)

Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең қанат, сүті дәрі,

Еті тамақ

Бұл не? (Жылқы)

Екі айнасы бар, Екі найзасы бар.

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

Бұл не? (Ешкі)

  • «Ақсақ құлан» Құрманғазы. «Қара жорға» халық күйі, өңдеген Л. Хамиди.

  • «Қара жорға » - жылқы малына арнап шығарған күй. Қазақ халқы жылқыны қаситетті мал деп, ерекше көңіл бөлген. Халық арасындағы той-думандарда ат-жарыс, көкпар тарту, қыз қуу секілді жарыстар өткізіліп тұрған. Қуаныш кернеген сәтте шыққан күй болуы керек. Күйді мұқият тыңдап, аттың шабысына құлақ түріңдер.

  • Қазір біз сендермен «Қара жорға» биін билейміз.

  • «Құлыншақ» Ө. Байділдаев, «Ботақан» К. Қуатбаев, «Лағым» К. Қуатбаев.

1. Қандай үй жануарларын білесіңдер?

2. Олардың төлдері қалай аталады?

3. Қай жануарлардың қалай дыбыс шығаратынын білесіңдер ме?

4. Қай жануар қалай шақырады?

5. Олардың пайдалары қандай?

- Әнді үйренгенде әр әннің мазмұнына мән беріп, сол бойынша орындау қажет. «Құлыншақ» әнін айтқанда жеңіл, ойнақы, яғни құлындай жүйткіген жануардың бейнесін бере білуіміз қажет. «Ботақан» әнінде салмақтырақ кейіпке енуіміз қажет. Секендеген лақты елестететін шығарма - «Лағым» әні.

- Балалармен танысқан ұрмалы аспаптарымызбен қосылып, таныс әуенді орындау.

- Бүгін қандай әндерді айттық?

- Қандай би биледік?


  • Сабақ аяқталды!




© 2010-2022