Шеберлік сабақ Күмбірлетіп күй шерткен

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыға Батыс Қазақстан күйшілерінің ішіндегі Қаршыға Ахмедияров күйлерінің сипатын түсіндіре отырып, күйшінің орындаушылық ерекшеліктері өзіне ғана тән саздық өзгешелігі жөнінде толық мағлұмат беру. Оқушыға Қаршыға күйлерінің иірімдерін түсіндіре отырып,орындалу ерекшелігін көрсету. Қ.Ахмедияров күйлерінің шығу тарихын білу, характерін жеткізе ойнау шеберлік деңгейін дамыту. Музыканы сүюге тәрбиелеу. Сабаққа жауапкершілікпен қарауға және ұқыпты болуға үйрету.

Сабақтың түрі : Шеберлік сабақ.

Күй атасы Құрманғазыны, күй бабасы Дәулеткерейді, күй анасы Динаны, күй әлемінде қиқу салған Махамбетті, Маңғыстаудың мыңғырған мың мектебі Абыл, Есір,Құлшар, Өскенбай,Мұратты, Арқаның сырлы сазы Тәттімбетті, Ақжеленнің атасы Қазанғапты, Тазбала атанып есті күй қалдырған Еспайды, Шығыстың шуағын шілтерлеген Сүгірді, күні кеше арамызда мөлдіретіп күй төккен Төлегенді, Нұрғисаны, Мағауияны Қаршығаны пір тұтпайтын иісі қазақ жоқ. Күйлердің қазіргі оқытудағы аймақтарға қарай ұялық бөліністері жеті мектепті құрайды:
1)Алтай күйшілік ұясы, аймағы -Шығыс Қазақстан ;
2)Арқа күйшілік ұясы, аймағы -Орталық Қазақстан ;
3)Жетісу күйшілік ұясы, аймағы -Оңтүстік Шығыс Қазақстан;
4)Қаратау күйшілік ұясы, аймағы -Оңтүстік Қазақстан;
5)Жиделі Байсын күйшілік ұясы, аймағы -Сырдария, Арал өңірі;
6)Орда күйшілік ұясы, аймағы -Батыс Қазақстан;
7)Түбек күйшілік ұясы, аймағы -Маңғыстау.

Мысалы, Құрманғазы мектебі дауылды, оң қолының ауқымы кең және динамикалық күшінің болуы, Дәулеткерей мектебі биязы, лирикаға әсемдікке жақын, оң қолдың қағыс шеңбері «тар» болады. Қазанғап өзінің саздылығымен, күйдегі ұзақтықтың (размер), қағысымен ерекшеленсе, Дина мектебінде де өзіндік ерекшелігі бар: өзгеріп кететін ырғағы, оң қолдың бес саусағының бірінен соң бірін кезектестіре ойнау, Маңғыстау мектебі сүйрете қағуы (триольді тез алуы), шалыс қағыс алынуы, күй тарту кезінде қағыстармен оң қолдың түрліше ойнату. Арқа мектебінің басты айырмашылығы шертіп тартылуы, сол қолдарының аппликатурасы, сондай - ақ ол дәстүр күйлерін «текстсіз ән» деуге болады, Жетісу күйлерінде қағыс қағу, перне басу амалдары және саздық ерекшеліктері,эпикалық тұрғыдағы аңыз - әңгімеге лайық ежелгі күй сазын байқатады. Қаратау мектебі шертпе және төкпе қағыстар аралас болып келсе, Алтай - Тарбағатай мектебі де ән тектес, ойнақы, бір сазды ән регистрде қайталау.

Халық арасында күй өнерінің саз-сарындары бойынша айырып тану үшін «төкпе күй» және «шертпе күй» деген атаулар қолданып жүр. Ақселеу Сейдімбектің айтуынша, «төкпе», «шертпе» сөздері жеке күйлердің табиғатына қатысты анықтауыш бола алар. Ал, тұтас бір күйшілік мектептің қасиет - болмысына анықтауыш бола алмайды. Себебі, тұтас бір өңір - аймақта қалыптасқан күйшілік мектептер былай тұрсын, бір ғана күйші-композитор туындыларында шертіп тартылатын күй де, дауылдата төгіп тартылатын күй де кездеседі. ,

Төкпе күйдің тағы бір майталман өкілі осы Батыс өңірінің күйшісі Құрманғазы, Динаның ізін жалғастырушы күйшілердің бірі Қаршыға Ахмедияров .Бүгінгі сабағымызда Қ.Ахмедияровты,оның күйлерінің ерекшелігі туралы айтамыз.

« Күмбірлетіп күй шерткен»

Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.Қазақстанның халық артисі (1991). 1967 - 1991 жылы Құрманғазы атындағы қазақ академия халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедиярұлының репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ, шетел композиторларының шығармалары бар. Қ.Ахмедияров тек шебер орындаушы ғана емес, ол зерделі зерттеуші, 60-тан астам күй шығарған талантты композитор ретінде де танылған тұлға. Оның «Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя» және т.б. күйлері елге кеңінен танымал. «Атырау», «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы
Талантты музыкант гастрольді сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты. Оның өнерін АҚШ, Жапония, Франция, Куба, Швеция, Италия, Финляндия, Үндістан, Швейцария, Норвегия, Польша, Португалия, Швеция, Мажарстан, Йемен, Ангола және тағы да басқа елдердің көрермендері жоғары бағалаған болатын.

Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Бойында Сейтектің сынығы, Махаббеттің өрлігі бар Қаршыға ағаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. Ахмедиярұлы - "Шашақты найза, шалқар күй" (Махамбет), "Әсемқоңыр" (Дина), "Сарыарқа" (Құрманғазы), "Жігер" (Дәулеткерей), "Атырау" күйлер жинағы кітаптарын жарыққа шығарды. Оның "Нарын", "Қуаныш", « Алтын ұя» , «Жібек жетісу»"Сағыныш", "Аққайың", "Желдірме" т.б көптеген күйлері бар.Соның ішінде бүгін Қаршыға атамыздың «Алтын ұя» күйін ойнап көрсетемін.

«Алтын ұя» - Қоғамдағы әрбір адамның жанұясы- туған елімен қатар,тарыдай боп кіріп таудай боп шыққан алтын ұя мектебі, ат жалын тартып азамат болып жоғары білім алып, саналы да салауатты өмірге аттандырған алтын ордасы бары анық. Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясының жарты ғасырлық тойына тарту-күй шашу. Күй вальс ырғағында, жан-сезімін ғанибетке бөлейтін әсем әуен. Тақырып сазды, қарапайым, көңілге тез қонады. Күй бұлағынан сусындаған, заңғар көкке күй қанатын қатайтып самғатқан оқу орны, өнердің қасиетті қара шаңырағының жарты ғасырлық тойында дүниеге келді. Жайма шуақ, ұлпа әуезді, секірмелі мінезі жоқ, бір қалыпты, құлаққа сіңімді , жан тербетер сазды күй.Алтын ұяға сай алтын әуез.

Төкпе күймен қатар шертпе күйдіде шебер орындап ,

«Жібек -Жетісу»- Жақсы сөз жарым ырыс дейді қазақ Қытайға жүрер сапарымның алдында Алматы қаласының әкімінің орынбасары жылы сөзімен мені шығарып салғандағы толғанысы

«Күй ұран» - Махамбет бабамыздың 200 жылдығына арнау күй

Қорытындылау : Домбыра өнері бұл күнде де өз жалғасын тауып, дамып, өркендеп отыр. Өмірдің, тұрмыс- тіршіліктің жаңғыруына байланысты орындаушылық дәстүр мен оның функциялары да қазіргі уақытта өзгеріске ұшырады.
Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина ,Қаршыға сияқты ұлы күйшілеріміз кейінгі ұрпаққа сарқылмас қазына, мәңгі өлмес рухани мұра қалдырды. Сол мұраны сақтап, жас ұрпаққа күй орындаудың шеберлігін үйрету арқылы жалғастыру - біздің басты міндеттіміз.



Осы дәулескер күйшілеріміздің күйлерін оқушыларға үйретіп, оларды түрлі сахналарда орындауын, байқауларға қатысуын біздің төкпе дәстүріне қосып келе жатқан үлесіміз деп білеміз.
Сөзімнің соңын күй құдіретін тамаша суреттеген І.Жансүгіровтың «Күй» поэмасының үзіндісімен аяқтағым келіп тұр:

Кейде күй талмаураған, толықсыған,
Кейде өжет, кейде долы, албыртсынған.
Кейде паң, кейде дархан, кейде сергек,
Шаршы өрге кейде шаншып шауып тынған.

Күй күшті тауды, тасты бұзатұғын,
Орнына өз өрнегін сызатұғын.
Талқандап тас кереңді үн оятып,
Дүкені дүниенің қызатұғын.









Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі









Аудандық тамыз кеңесінде өткізілген

шеберлік сабақ

«Күмбірлетіп күй шерткен»









Өткізген : Төремұратова Н.Т











2014 оқу жылы





© 2010-2022