Поурочный план по музыке на тему Мектебім - алтын бесігім

Раздел Музыка
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план по музыке на тему Мектебім - алтын бесігімПоурочный план по музыке на тему Мектебім - алтын бесігімПоурочный план по музыке на тему Мектебім - алтын бесігімПоурочный план по музыке на тему Мектебім - алтын бесігімСабақтың тақырыбы: Мектебім - алтын бесігім.

Мақсаты: 1. «Мектеп», «махаббат» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретніндегі мәнін ашу. 2.Мектепке деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін арттыру. 3.Мектепті құрметтеуге, ұлтжандылыққа, патриоттылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал жабдықтар: Кітап-дәптер, тақырыптық суреттер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен амандасу, түгендеу; ә) құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа назарын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. ҚР рәміздерін ата.

  2. Әнұранды орындау.

  3. «Менің Отаным» әнін орындау.

  4. Отан туралы мақал - мәтел айтқызу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Оқушының назарын музыка сабағына аудару мақсатында оқулықпен жұмыс жүргізу. (9 бет) Әңгіме жүргізу

- Балалар, суретте кімдерді көріп тұрмыз? - Олар қайда келе жатыр? - Мектепке не үшін келеміз?

2. Сергіту сәті: Сыңғыр - сыңғыр қоңырау,

Сыңғырлаған көңіл - ау.

Алып - ұшып жүректер,

Гүлге толды омырау.

  • Музыка - ғажап әлем. Оның сиқырлы есігін ашатын музыка сабағы ия, балалар.

  • Музыка сабағын кім береді? Осы сұраққа жауап беру үшін оқулықта берілген суреттердің басқы әріптерінен сөз құрасақ, музыка сабағынан кім беретіні белгілі болады екен.

Музыка сабағында оқушылар қандай әрекет жасайды?

Ән айтады Сабақта ұйықтайды? Ойнайды Зейін қойып

тыңдайды

Дұрыс емес жауапты оқушылар тауып, неге ол жауап дұрыс еместігін түсіндіреді.

3.«Менің Отаным» әнін орындау

4.Сабақты бекіту. Рәміздердің авторларын біз міндетті түрде білуіміз керек, балалар. Әнұранның авторы: Сөзін жазған: Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев.

Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов.

5.Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сұрақтар қою:

- Отан деген не?

- Музыка сабағында оқушылар не істейді?

- Рәміздерді атаңдар?

6.. Оқушыларды бағалау.

7.Үйге тапсырма беру: 1. «Менің Отаным» әнін қайталап жаттау.




© 2010-2022