Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балабақшаға арналған

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталар

«Жұлдыз» II-сәбилер тобы 06.01.2016

Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 11.01.2016

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ақ тиін»

Мақсаты: сюжетті-рөлді ойындарға қатысуға қабілеттерін әрі қарай дамыту, әуенді есту, сезіну, әнді бірге бастап, бірге аяқтап хормен айтуға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қоңыраулар ілінген кішкентай шырша, ойыншық тиін, шығыршық, жаңғақтар, себеттер.

Сөздік жұмыс: қоңырау, тиін, жаңғақ.

Оқу іс-

әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

«Көңілді би» ойналып, балаларды көңілді қарсы алады. Зал ортасындағы қоңыраулар ілінген кішкентай шыршаны көрсетіп жетекші:

-Міне, біздің шыршамыз қандай әдемі!

Қоңыраулар жылтырап сәнге бөледі,-деп, балаларға қоңырауларды алуды ұсынады.

Қоңырауды алайық,

Сыңғырлатып қағайық.

Қоңырауды қозғап ойнап көрсетеді.

Қайталауларын сұрайды.

Балалар шеңбер бойымен көңілді жүреді.

Шыршаға жақын келіп қызықтайды, айналып жүреді.

Қоңырауларды қызыға алып қарап, қозғап, сыңғырлата ойнайды.

Ырғақпен бірге қоңырауларды қозғайды.

Ұйымдастырушылық-ізденеістік

«Қоңыраулар биі» ойналып, 1-бөлімде қоңырауларды сыңғырлата жүгірулерін сұрайды,

2- бөлімінде шеңбер бойымен тұрып, әуен ырғағымен қоңырауларды сыңғырлатуды ұсынады. Би аяқталысымен.

-Біз жасыл шыршаға жақын келейік,

Қоңырауды шыршаға сәндеп ілейік,-деп, қоңырауларды ілгізеді.

Көңілді әуен ойналып, ортаға тиін келеді.

-сәлеметсіңдер ме,балалар, мен қоңыраудың дауысын естіп, асығып келдім.

Музыка жетекшісі: Балалар бізге қонаққа келген бұл қандай жануар, танисыңдар ма?

Тиін: Балалар, мен көңілді әуен әлемінен келдім, сендерге өзім туралы ән айтып берейін.

«Ақ тиін» әнін музыка жетекшісі және педагог орындап береді.

-Балалар, ақ тиіннің әні әдемі екен, рақмет айтайық.

Балалар қоңырауды сыңғырлатып жеңіл жүгіреді.

Бір орында тұрып қоңырауда ойнайды.

Шыршаға қоңырауды іледі.

Тиінге жақындап келіп, ұстап, сипап көре бастайды.

Балалар тиін екенін айтады.Тиін туралы әңімелейді.



Әнді зейін қойып тыңдайды, түсінуге талпынады.

Балалар қол шапалақтап шаттанады.

Рефлексиялық -

түзетушілік

Тиінмен қоштасып, балаларды шығарып салады.

Тиінмен қол бұлғап қоштасып шығады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенді, әнді естіп, есте сақтауды, ырғақты сезінуді, ойынға белсене қатысуы.

Игереді: тиіннің қимылын көрсетуді, сюжетті-рөлді ойынды көппен ойнауды, ән мазмұнын түсіне, әндете айтуды.

Меңгереді: қоңырауды ырғақты сезіне қозғауды, жеңіл жүгіріп, би қимылдарын бірге жасауды.



© 2010-2022