Сценарий на тему Золотой граммофон

Раздел Музыка
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепова Жайнагул Ермековна

Музыка пәні мұғалімі

50 орта мектеп

Ақтөбе қаласы

Қазақстан

«Алтын граммофоны» сценарийі (қалалық семинар)

«Қазақ биі» - орындайтын 3 класс қыздары.

Алтын граммофон әуені ойналады.

Айзада: Қайырлы күн , құрметті қонақтар!

- «Алтын граммофонына» қош келдіңіздер!

- Нұржан, қайдасың, шықсаңшы бол.Сені күтіп тұрмын.

Нұржан: Қазір, қазір шашымды сәндеп жатыр. (Сәл кідіріп)

- Ассалаумағалеукум қадірменді мырзалар мен ханымдар!

Айзада: Нұржан қайда жүрсің, сен менен бұрын дайын едің ғо.

Нұржан: Ия, ана жақта қыздар шашымды сәндеп жібермей жатырғаны.

Айзада : Жарайды, қонақтар күтіп қалды, кешімізді бастайық.

- Нұржан, өзің білесің «Мектеп - кеме, білім - теңіз» дегендей мектебіміз сан жылдар бойы мыңдаған ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді.

Нұржан: Ия, дұрыс айтасың . Сонымен қатар, мектеп оқушылары әр түрлі іс- шараларға да қатысып келеді.

Айзада: Өзің білесің біздің мектебімізде талай семинарлар болып тұрады. Бүгінгі міне, сондай семинардың бірі эстетикалық пәндерге арналады.

Нұржан: Ия, біздің концерттік бағдарламаларымыз тіпті көрермендердің сүйікті әншісі Қайрат Нұртастың концертінен кем емес ғой.

Айзада: Ту, сен де мақтанып кетесің - ау.

Нұржан: Неге мақтанбасқа . Мысалы өзіміздің мектебіміздің мақтанышы болған бірнеше оқушыларымыз бар. Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың нағыз чемпиондарын бүгін марапаттайтын боламыз.

Айзада: Себебі олар халықтың құлағына кіріп, жүрегіне жол тапқан өнерпаздар.

Нұржан: Оларды жеңіс тұғырына көтерген сіздер құрметті көрермендер.Тура қазір мектеп өнерпаздарын «Алтын граммофонымен» марапатталу басталады.

Айзада: «Алтын граммофон» байқауының әрбір жеңімпаздарына қазақтың киелі қара домбырасы мен татулық, бірліктің символы - шаңырақ бейнеленген статуэткасы табыс етіледі.

Нұржан: Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашатын өзіміздің ұлттық аспапбымызды мақтанышпен жырлайтын , ең жас әншіміз Байменова Назгүлді «Қобыз» әнімен қарсы алайық!

1. Ән: «Қобыз» -Назгүл

Нұржан: Бәрекелді , кіп-кішкентай болып алып мынадай дауыс қайдан шығады.

Байменова Назгүлге «Алтын граммофонын» ұсыну үшін ортаға №50 орта мектеп директоры Мирамгүл Аяғанқызын шақырамыз.(Домбыра статуэткасы ұсынылады)

Нұржан: Үшқоңыр алатаудың етегінде. А,капелла .Не дейді мынау. А үтір капелла деген несі.

Айзада: Нұржан сен не айтып кеттің. Біріншіден Үшқоңыр алатаудың қойнауында, етегінде емес. Екіншіден а,капелла деген, музыка тілімен айтқанда ешқандай сүйемелсіз орындалатын ән.

Нұржан: А-а-а солай ма.

Айзада: Солай Нұржан. Сахнаға, мектебіміздің сүйікті әнші тобына айналған «Нәр» тобын «Үш қоңыр» әнімен қарсы алайық..

2.Ән: «Үшқоңыр» -трио

Нұржан: Не деген керемет. Не деген дауыс. Үш түрлі дауыс бір-біріне үндесіп жатыр. Рахмет жігіттер.

Айзада: «Нәр» тобына «Алтын граммофонын» табыстау үшін Ақтөбе қалалық ғылыми әдістемелік орталығы директорының орынбасары Мұратбек Санақұлын шақырамыз.

Нұржан: Айзада қазір сахнаға кім шығатынын білесің бе?

Айзада: Байқап тұрмын, дегенмен кім екен?

Нұржан: Автовокзал, пятый, дск, стадион, океан, акимат, областная больница, автопарк, пош, алатау , шанхай. деп баяғыда «Ау, күлкі жол болсын» КВН командасының басшысы Өркен айтатын еді.

Айзада: Ия, біздің ол командымыз, небір қалаларға барып, өз өнерлерін көрсетіп жүлделі орындарды алып келді. Ал, қазір кім айтайын деп тұр?

Нұржан: Кім дейсің бе. Оны өздері айтсын. Олар бүгін өнерпаздарымызды құттықтап келгелі тұр. Қарсы алыңыздар.

3.Сахнада «Мектеп аялдамасы» КВН командасы.

Айзада:Рахмет жігіттер.

Нұржан: Айзада келесі әншіні өзің хабарла.

Айзада: Жарайды, бірақ ол әнші емес.

Нұржан: Қалай сонда.

Айзада: Білем, бүгінгі кешіміздің көрермендері жаңа ән күтеді, жаңа жаңалық күтеді, сонымен қатар жаңа сән үлгілерін де күтеді.

Нұржан: Олай болса сахнада 2013 жылдың сән үлгілерін тамашалайық.

4.Сән үлгісі.

Нұржан: Айзада, мен тағы да бір жұлдызды топты хабарлағым келіп тұрғаны. Бірақ орындайтын әнін сен хабарла.

Ақнұр: Неге?

Нұржан: Өйткені ол орыс тілінде орындалады. Сен менен гөрі орысша жақсы сөйлейсің ғо.

Айзада: Сахнада жаңа құрылған топты қарсы алыңыздар. «Отговорила роща золотая».

5 .Ән: «Отговорила роща золотая» - трио

«Алтын граммофонын» марапаттау үшін сахнаға Облыстық білім басқармасының құрмет грамотасының, Облыстық әдістемеліктің алғыс хатының, «Бастауыш мектеп» журналының құрмет грамотасының иегері , жоғары санатты ұстаз Мамбетова Раушан Рысмағанбетқызы шақырылады.

Нұржан: Айзада, соңғы кезде топтың мүшелері жеке ән айту сәнге айналып бара жатқан сияқты. Неге?

Айзада: Ол бизнес шығар , қайдам.

Нұржан: Сонда қалай . Әр қайсысы жан-жақта жүргенде көп ақша таба ма?

Айзада: Білмеймін, солай шығар.

Нұржан: Сонда Ерлан көп ақша тауып жүрген болып тұр ғо.

Айзада: Міндетті түрде ақша табу керек пе?. Онысын білмеймін бірақ, Ерланның орындауындағы ән көрермендерге көңілінен шығады деп ойлаймын. . Өйткені ол бүгін өзін басқа қырынан көрсетеді. Қарсы алыңыздар.

6. Сахнада Құлжаев Ерлан . «Дариға-ай дәурен».

Нұржан: Ерлан, қашаннан бері домбыра тартатын болдың? Менің өзім таңқалып тұрмында.

Ерлан: Соңғы кезде эстрадалық әндерге көп көңіл бөлініп кеткен сияқтымыз. Ұлтымыз қазақ болған соң, қазақтың қара домбырасына ештеңе де жетпейді деп, өнердегі тәрбиешім Жайнагүл апайым айтқан болатын. Сен бір өзіңді басқа қырынан көрсетсең қайтеді дегесін , осы әнді шабыттана орындағым келді.

Нұржан: Бәрекелді, ендеше ойың іске асты деп ойлаймын. Рахмет саған.

«Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі атты әдістемелік құралдың, «Сөз айнасы - шебер тіл» бағдарламаларының авторы, Ақтөбе облысының «Үздік мұғалімі» сертификатының және Ақтөбе облысы әкімінің гранты иегері, жоғары санатты қадірлі ұстазымыз Қалия Бердімұратқызына беріледі.

Айзада: Тал бесіктен жер бе­сікке дейін әнмен, жырмен көмкерілер, адам ғұмыры және бұл тағдырдың қазақ баласына қатысы туралы данышпан Абай қандай сөздерді қалдырып кеткен десеңші.

Нұржан: Ия, «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп толғайды.

Айзада: Әнді осынша сүйген, әнге осынша мән берген халық, шын мәнінде, ұрпақтың ұрпағына кетер, тозбас, өшпес ән қазынасын жасады.

Нұржан: Халық әндерін сүйіп орындайтын әншілеріміз де баршылық. Ендеше сахнаға Медеуова Іңкәрді қарсы алайық.

7. «Халық әндерінен попури» Іңкәр

Айзада:

«Алтын граммофонын» табыстау үшін Педагогикалық жетістіктердің конкурс марафонында облыстық «Алғыс хат» ,облыс акиматының «Елім Ақтөбе» компаниясының алғыс хатының иегері, жоғары санатты қадірлі ұстаз Ойнарова Ғафужамал апайға ұсынылады.

Нұржан: Ақ сиса, қызыл сиса ,сиса, сиса.

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.

Айзада, аржағын жалғастыра аласың ба?

Айзада: Жоқ , Нұржан, одан да бұл әнді мәнеріне келтіріп орындайтын Жәнібек айтып берсін. Қарсы алыңыздар! Сахнада Болатов Жәнібек «Ақ сиса» әнімен.

8.Ән «Ақ сиса»

Болатов Жәнібекті марапаттау үшін сахнаға жоғары санатты ұстаз

«Алтын граммофонымен» марапаттау үшін өткен оқу жылында жоғары санатты мұғалімдер арасында «Ең үздік ұстаз» байқауының 3 орын иегері, және осы оқу жылында Қазақстан республикасының білім министрлігі және ғылыми академиясының алғыс хатымен марапатталған жоғары санатты ұстаз Нұрманова Гүлнар Сәлімкерейқызына беріледі.

Айзада: Нұржан байқасың ба, соңғы кезде біздің Берік ән айтуды қойып кеткен сияқты.

Нұржан: Ия, менде байқадым. Бірақ бүгін оның дауысын естімей мына қонақтар кетпейтін шығар. Өйткені оның «Джамайка» әні ұшін көрермендер көп дауыс беріпті , әсіресе ұстаздар қауымы.

Айзада: Олай болса сахна төріне Берікті қарсы алыңыздар. «Джамайка»

9. Ән «Джамайка»

«Алтын граммофонын» табыстау үшін , өткен оқу жылының қорытындысы бойынша мектепішілік пән кабинеттері байқауында «Үздік кабинет» номинациясына ие болса, «Русский медвежонок» интелектуалдық сайыста оқушылары 1, 2 орынды иеленді. Жоғары санатты ұстаз орыс тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі, сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Борантаева Балғаным Қызметовнаға беріледі.

Айзада: Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де.

Нұржан: Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Айзада: Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Нұржан: Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

Нұржан: Тух, не деген керемет өлең десеңші.

Айзада: Нұржан, біздің талантты , өнерлі оқушыларымыз он саусағы майысқан шеберлер деп айтуға болады. Өйткені өнер бірлестігінінің ұйымдастыруымен келген қонақтарымызға оқушылардың жасаған бұйымдарын ескерткіш ретінде ұсынғалы отырмыз. Орамал тон болмайды, жол болады демекші, оқушылардың сіздерге дайындағын сыйлығын қабыл алыңыздар. (Сыйлықтар таратылады)

Айзада:

Тыңдап өскен жасынан дала сырын,

Ізгі жолын жалғаған бабасының.

«Өнерді өмірім» деп мұрат тұтқан

Өнерге ғашық қазақтың баласымын.

Біз бүгінгі кеште баршаңызға әннен маржан сыйладық.

Нұржан: Ән менен күй - халқымның бар асылы,

Тапқан содан жүректер жарасымын.

Басты мақсат өнермен биіктету

Ұлы рухын қасиетті Алашымның.

Халықтың жүрегіне жол тартқан әрбір өнер халықпен бірге өмір сүріп, ғұмыр кешері ақиқат. Ендеше, халайық өмірдің өзенінде өнермен жүзе берелік.

Екеуі бірге: 50 ші мектеп сахнасында , ел аманда жүздесейік!

Соңында барлығы шығып «Өнер толқыны» әнін орындайды.

Өнер толқыны

Қол бұлғап арман алыс қырдан,

Біз едік қиял жарыстырған.

Еңселі елдің батасымен,

Өнер ғой бізді табыстырған.

Қайырмасы:

Досым - ау менің жанымыз бір,

Арналған елге әніміз бір.

Қазақтай қайсар ел аман бол,

Арайлап атсын таңымыз бір.

Өнер жолында қанат қақтық,

Қол созып біздер армандарға.

Әннен шашуды біз шашайық,

Өнер сүйетін тыңдарманға.

Өлеңмен өтсін бар күніміз,

Жайқалып өссін жас гүліміз.

Баулып өсірген ұстаздарға,

Тарту болсыншы өнеріміз.

© 2010-2022