- Преподавателю
- Музыка
- Ақылың болса жыр тыңда (6 класс)
Ақылың болса жыр тыңда (6 класс)
Раздел | Музыка |
Класс | 6 класс |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Құлмурзин Ұ.К. |
Дата | 08.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Ақтөбе облысы
Ойыл ауданы
Ақшатау орта мектептің музыка пәні мұғалімі
Құлмурзин Ұлан Кәкиұлы
Сабақтың тақырыбы: «Ақылың болса жыр тыңда»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыр мен терменің мәнін түсіндіру.Түрлеріне мысал келтіру.Ой-өрісін музыкаға қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі: Топпен коллективті.
Сабақтың көрнекілігі: Сырнай,үнтаспа,суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Саламатсыздарма балалар отырыңыздар.
Ендігі кезек балалар бүгінгі жаңа сабағымызға көшейік.
Ең алдымен балалар мен сендерге жыр мен терме деген не екенін түсіндіріп берейін.
-
Жыр қазақ поэзиясының көне жанрларының бірі. Жырдың мазмұны мен тақырыбы тұрмыс салтқа,оқиғаға байланысты айтылады.
-
Жыр екпінді әуенмен тақпақ терме түрінде және аспаптардың көмегімен топ алдында жеке орындалады.
-
Жыр деп оқиғасы ел өмірінен алынған кейіпкерлері ірі әрі көлемді түрде жасалып батырлық немесе ғашықтық мазмұнға құрылған үлкен жырларды айтамыз.
-
Жыр қазақ поэзиясында негізінен шумаққа бөлінбей шұбатылып айтылады. Әр жолы 7-8 буын болып келетін өлең түрі.
-
Жырлар үшке бөлінеді.
-
Тұрмыс-салт жырлары.
-
Батырлар жыры.
-
Лироэпостық жырлар.
-
Балалар,жырды шығаратын адамды жырау, ал оны орындайтын адамды жыршы дейміз.
-
Қандай жырауларды білесіңдер?
-
Жырауларға Базар,Бұқар, Доспанбет, Шалкиіз т.б
-
Ал енді термеге тоқталатын болсақ.
-
Терме-үлгі насихат ретінде белгілі бір әуен ырғақпен орындалатын түрі.
-
Терменің сазыда әртүрлі болады.
-
Терменің екі түрі бар:
-
Кіріспесі бар терме. Мұнда ахау,ей деп басталады.
-
Кіріспесі жоқ терме. Мұнда бірден сөзбен басталып кетеді.
Қазір түсінікті болу үшін екі түрлі терме тыңдатамын. Мұқият тыңдайық. Бұл тыңдаған термелерің Махамбеттің «Мен мен едім» термесі.
-
Бұл шығарманы қалай атаймыз?
-
Дұрыс, терме. Сонда Махамбет Өтемісұлы әрі ақын, әрі батыр, әрі композитор болған. Яғни музыка өнеріне қосқан үлесі зор.
-
Ал осы өлеңі арқылы қандай өнері байқалады.
-
Дұрыс. Ақындығы.
-
Балалар енді бүгінгі сабағымызға байланысты ән үйренеміз әннің аты: «Домбыраның күмбірі»
-
Ән үйренбес бұрын өткен сабағымызда өткен әнге дауысымызды жаттықтырып алайықшы.
-
Әннің сөзін жаттату.
-
Мұғалім орындап көрсетеді.
-
Жол-жолға бөліп оындау
-
Қатарға бөліп айтқызу.
-
Хормен орындау.
Қортындылау: Сұрақ -жауап арқылы. Екі түрлі терме тыңдату арқылы терменің түрлерін ажырату.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Түсінгендерін айту,әнді жаттау.
Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.