Біз бәріміз біргеміз! (5-6 сыныптарға арналған байқаудың сценарийі)

Байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар: 1 шарты: «Біз бәріміз біргеміз!» ұжым өзін сахнада таныстырады. Таныстыруды сахнада,электронды презентация  түрінде көрсетуге болады. Уақыты-2 минут 2 шарты:  «Ел үмітін ақтаймыз, салт-дәстүрін сақтаймыз! » Ұжым болып қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрін көрсету. Уақыты-2 минут. 3 шарты:  «Кәне бізбен билеңіз!» Би өнерінің түрлерінен сайыс. Уақыты-2 минут. 4 шарты: «Тапқыр болсаң тауып көр» Жасырылған суреттің бір бөлшегі арқылы бейнеленген затты та...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Біз бәріміз біргеміз!

(5-6 сыныптарға арналған байқаудың сценарийі)

1-жүргізуші: Достық- әдеп сыйласым,

Дос өмірлік қимасың

Дос -арыңдай қымбатты

Достық сезім тым тәтті.

2-жүргізуші: Я, достық сезім расында тым тәтті. «Біз» деп бірге соққан жүрекке, «бәріміз» деп бірге қосқан үндерге ,біргеміз деген қол ұстасқан күндерге не жетсін.

1-жүргізуші: Осы « Біз бәріміз біргеміз» деген сөзді сынып ұжымына айтып, бірлік пен татулық орнаса- игі жақсылыққа апарары сөзсіз, солай емес пе?! Әрине, ол бізде орнаған. Бізде оқушы мен ұстаз бірлігі қалыптасқан.

2-жүргізуші: Я,олар бірлесе отырып жұмыс істеумен қатар, бірлесе отырып, сайысқа да түспекші. Ендеше, «Біз бәріміз біргеміз» сынып ұжымының бірлескен байқауына

Бірге: Қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын, құрбы-құрдас!

Бармысыздар,жанкүйерлер әз-қауымдас

Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық

Сайыста көңілменен қол соғалық.

2-жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады,

Тамаша күй тартылып ән салады,

Қошеметтеп қол соғып отыралық

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды

1-жүргізуші: Байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар:

1 шарты: «Біз бәріміз біргеміз!» ұжым өзін сахнада таныстырады.

Таныстыруды сахнада,электронды презентация түрінде көрсетуге болады. Уақыты-2 минут

2 шарты: «Ел үмітін ақтаймыз, салт-дәстүрін сақтаймыз! »

Ұжым болып қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрін көрсету. Уақыты-2 минут.

3 шарты: «Кәне бізбен билеңіз!»

Би өнерінің түрлерінен сайыс. Уақыты-2 минут.

4 шарты: «Тапқыр болсаң тауып көр»

Жасырылған суреттің бір бөлшегі арқылы бейнеленген затты табу. Уақыты-1 минут.

5 шарты «Өлең сөздің патшасы»

Берілген өлең қатары бойынша өлең шумағын құрастыру. Уақыты-1 минут.

2-жүргізуші: Осындай байқау шарттарында сайыскерлерді сарапқа салып, бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.Тикеева М- қосымша білім беру маманы.

1-жүргізуші:

2.Қожахметова А - мектеп психологы

3.Байзақова Ш- мектеп психологы.

2-жүргізуші: Жарысайық, сайысайық, ойнайық

Бойдағы өнерді біз жоймайық

Көрерменді тәнті етіп,таңдатып

Байқаудың белсендісі болайық.

1-жүргізуші: Я,жеңу -мақсат емес, жеңсек те,жеңілсек те ренішсіз болып,өнеріміз бен білімімізді көрсетіп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлайық.

2-жүргізуші: Байқауымыздың бірінші кезеңі: «Біз бәріміз біргеміз» атты таныстыру турын тамашалайық.

1-жүргізуші: Сонымен сахнада 5 «А» сыныбы қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: 5 «Ә» сыныбы өздерін қалай таныстырған екен, тамашалайық.

1-жүргізуші: 5 «Б» сыныбының таныстыру кезеңіне де келіп жеттік.

2-жүргізуші: 5 «В» сыныбының таныстыруы қалай болар екен?назар аударайық!

1-жүргізуші: 6 «А» сыныбының таныстыру кезеңі назарларыңызда.

2-жүргізуші: 6 «Ә» сыныбы да өздерін қалай таныстырмақшы.

1-жүргізуші: 6 «Б» сыныбының таныстыру кезеңін тамашалайық.

2-жүргізуші: 6 «В» сыныбының таныстыру кезеңіне қарайықшы.

1-жүргізуші: 6 «Г» сыныбының таныстыру кезеңі сіздердің алдарыңызда

Барлық сыныптар бірінші кезеңге жақсы дайындықпен келген екен, ендеше сіздердің қошеметтеріңіз!

Байқауымыздың екінші кезеңі: «Ел үмітін ақтаймыз, салт-дәстүрін сақтаймыз!».

2-жүргізуші: Қазақтың салт-дәстүрі дегеніміз не? Білесіңбе?

1-жүргізуші: Неге білмеске,Әрбір халықтың салт - дәстүрі ұлттық рухани құндылығы болып саналады. Ал біздің қазақ салт -дәстүрге бай халық.

2-жүргізуші: Ал сен салт-дәстүрдің түрлерін білесіңбе?

1-жүргізуші: Неге білмеске, Олар: тәрбие дәстүрлері, отбасы дәстүрлері, діни дәстүрлер, наурыз дәстүрлері, еңбек дәстүрлері болып бөлінеді.

2-жүргізуші: Ал бүгінгі біздің талапкерлер ұмытылып бара жатқан қазақтың салт-дәстүрлері бойынша сынға түспек.

1-жүргізуші: Ендеше, 5 «А» сыныбын сахна төріне шақырамыз.Қандай салт-дәстүр көрсетеді екен бірге тамашалайық.

2-жүргізуші:Ортаға 5 «Ә» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 5 «Б» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 5 «В» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 6 «А» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 6 «Ә» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 6 «Б» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 6 «В» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 6 «Г» сыныбын шақырамыз.

5 «а»-деңгене,5 «ә»-тобық жұту ,5 «б»-қой басты, 5«в»-бастаңғы, 6 «а»-аққұла, 6 «ә»-бел көтерер,6 «б»- ,6 «в»-қазан шегелеу, 6 «г»-.

1-жүргізуші: Бұл сыныптар салт-дәстүрден де жаңылысқан жоқ! Жарайсыңдар.

Би өнері - халықтың жан дүниесi, оның таным түсiнiгi, табиғатпен байланысы, оның философиясы.

2-жүргізуші: Мiне, осының бәрi кез келген бидiң құрылымынан, болмысынан айшықты көрiнiс тауып жатады.

1-жүргізуші: Әрине, бұны былайғы қарапайым жұрт аңғара бермейдi. Қай өнер саласы болсын, оның бiз бiлмейтiн жақтары, өзiндiк сырлары, әдiс-тәсiлдерi болады.

2-жүргізуші: Билер де жақсылыққа, iзгiлiкке, әсемдiкке құрылатынын бiлемiз. Олар адамның бойындағы асыл қасиеттердi мадақтаудан тұрады десем қателесе қоймаспын.

1-жүргізуші: Олай болса, байқауымыздың келесі кезегі «Кәне ,бізбен билеңіз »-деп аталады.

2-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым Кәне бізбен бірге билеңіздер.

1-жүргізуші: 5 «а»- сыныбының қытай биін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: 5 «ә»- сыныбының грек биін тамашалаңыздар.

2-жүргізуші: 5 «б»- сыныбының үнді биін

2-жүргізуші: 5«в»- сыныбының достық биі

1-жүргізуші: 6 «а»- сыныбының орыс биі

2-жүргізуші: 6 «ә»- сыныбының танго биі

1-жүргізуші: 6 «б»-сыныбының үнді биі

2-жүргізуші: 6 «в»-сыныбының қара жорға биі

1-жүргізуші: 6 «г»- сыныбының орыс биі.

2-жүргізуші: Міне керемет біздің сыныптар керемет билей алады екен.Бишілерімізге сіздердің қошеметтеріңіз.Сен білесіңбе? Тапқырлық дегеніміз не?

1-жүргізуші: Тапқырлық дегеніміз- шапшаңдық, дарындылық, зейінділік, есте сақтау қабілеттерін шыңдау.

2-жүргізуші: Олай болса бүгінгі байқауымыздың төртінші шарты «Тапқыр болсаң тауып көр» деп аталады. Сіздер бұл байқауда жасырылған суреттің бір бөлшегі арқылы бейнеленген затты табасыздар.Заттың бөлшектері сан арқылы көрсетілген, бірак сіздер бір санды ғана таңдап, затты тауып алуларыңыз керек.

1-жүргізуші: Кәне кім тапқыр екен? Соған назар аударайық.

2-жүргізуші: Олай болса 5 «А» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 5 «Ә» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 5 «Б» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 5 «В» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 6 «А» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 6 «Ә» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 6 «Б» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 6 «В» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 6 «Г» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Тапқыр болсаң тауып көр байқауы да көңілден шықты.Сіздердің қошеметтеріңіз.

2-жүргізуші: Осы сен Импровизация не екенін білесіңбе?

1-жүргізуші: Импровизация дегеніміз өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Қазақ халқының ақын-жыраулары, шешендері, күйшілері, әншілері импровизацияның озық үлгісін көрсеткен.

1 -жүргізуші: Ал бүгін сіздер сол ақындардың ізін қуған талапкерлердің «Өлең сөздің-патшасы » атты байқауының куәсі боласыздар.

2-жүргізуші: Олай болса, 5 «А» сыныбын сахна төріне шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 5 «Ә» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші:Ортаға 5 «Б» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 5 «В» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 6 «А» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 6 «Ә» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 6 «Б» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Ортаға 6 «В» сыныбын шақырамыз.

2-жүргізуші: Ортаға 6 «Г» сыныбын шақырамыз.

1-жүргізуші: Біздің талапкерлеріміз ақында болып шықты.Сіздердің қошеметтеріңіз.

Қымбатты көрермендер! Міне «Біз бәріміз біргеміз» байқауы өз мәресіне жетті, енді қазылар алқасы шешімін шығарамын дегенше кезекті жанкүйер,өнерпаздарға берейік.

«Ән»-орындалады.

2-жүргізуші: Достық пен ерлікті етіп тұлға,

Жеңімпазды табу бар біздің ойда

Қара қылды қақ жарған әділ-қазым

Өнерін сайыскрдің әділ сына.

1-жүргізуші: Бүгінгі байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау үшін әділ қазы алқасына беріледі.

2-жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Бірге: Мың рахмет,мың рахмет! дей келе бүгінгі «Біз бәріміз біргеміз» атты байқаудың ұйымдастыру құрамымен таныстырып өтсек:

Идея авторы: Аяп Гүлнар апай

Сценарийін жазушы: Аяп Гүлнар апай

Электронды презентациясын дайындаған: Ермекбаева Жадыра

Кештің демеушілері: 5-6 сыныптардың сынып жетекшілері мен ата-аналарына құрметпен қол соғып қоялық.

Жүргізушілер:

1-жүргізуші: Біз сіздермен қоштаспаймыз.Өнер көгінде қалықтай жүріңіздер өнерпаздар.Келесі кездескенше аман-сау болайық!



© 2010-2022