Ойнайық та, ойлайық

Қызылорда облысы Шиелі аудандық Әуез мектебінің 1 сыныптарарасында өтілетін «Ойнайық та,ойлайық» атты музыкалық ойын-сайыс. Шиеліаудандық әуез мектебінің мұғалімі Томаева Балхаш.Бұл ойындыкез келген музыка пәнінің мұғалімі жүргізуге болады. Мұғалімнің шеберлігінебайланысты тақырыбын өзгертіп, сайыс ережелерін байытуға болады.Безендіру: шар ілу,сайыстыңшарттарына дайындалған плакаттарды ілу.Алдын аладайындық жүргізіліп,хабарландыру беріу керек.Ойынның
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы Шиелі аудандық Әуез мектебінің 1 сыныптар арасында өтілетін «Ойнайық та,ойлайық» атты музыкалық ойын-сайыс. Шиелі аудандық әуез мектебінің мұғалімі Томаева Балхаш.

Бұл ойынды кез келген музыка пәнінің мұғалімі жүргізуге болады. Мұғалімнің шеберлігіне байланысты тақырыбын өзгертіп, сайыс ережелерін байытуға болады.

Безендіру: шар ілу,сайыстың шарттарына дайындалған плакаттарды ілу.

Алдын ала дайындық жүргізіліп,хабарландыру беріу керек.

Ойынның тақырыбы: до, ре, ми...............

Мақсаты: Музыкаға үйрету, қызықтыру, ептілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру, іс әрекет арқылы дамыту.

Көрнекілігі: плакат, баян, фортепиано, барабан, скотч, фламастер, шар.

Ойын ережесі: 8 оқушы қатысады. Жас ерекшеліктеріне қарай жалпы мектепте

3-4 сыныптың оқушылары болуы керек. Қазылар алқасы 4 адам. Алқа құрамын өз қалауынша қоюға болады. Баға 5 балдық жүйе.

Армысыздыр құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Аудандық Әуез мектебіндегі 1-сыныптар арасындағы өтілетін «Ойнайық та,ойлайық» атты музыкалық ойынсайысқа қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойынымыздың тақырыбы:

До, ре,ми деп аталады

Ойынымызды бастамас бұрын қазылар алқасымен танысып қояйық.

  1. Аудандық білім бөлімінің ғылыми әдіскері Бауыржан Әбишев мырза!

  2. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жібек Баймуратова ханым!

  3. Әуез мектебінің тәрбие ісі меігерушісі Мақсұт Досжанов мырза!

  4. Сольфеджио пәні мұғалімі Клара Елмұратова ханым!

Енді сайыскерлерді ортаға шақырайық!

Сайыскерлер шығады!

Ортаға 8 шар үрленіп тасталады. Балалар, мына шарлардың ішінде нота жазылған шиыршықталған қағаз бар. Шарды бір біреуден алып, жарып, ішіндегі қағазды алып, оқып болған соң, нота ретімен орындарыңа тұрыңдар.

Төс белгі қадау рәсімі өтеді.

Төс белгі 8 болады. Әр төс белгіге 1 нота жазылады.

Мінеки, балалар жеребе бойынша алынған ноталарды әр ойыншыға төс белгі етіп қадау рәсімі аяқталды. Енді танысайық. Кәне, до нотасы Айбану, ре нотасы Жазира, ми нотасы Бибінұр, фа нотасы Индира, соль нотасы Ұлдана, ля нотасы Айдана, си нотасы Мағжан, до нотасы Шолпан.Мінеки танысып болдық,ойынымыздың 1-ші туры-ретімен орындарына тұрып, өз ноталарын айтып шығу, қәзір фортепиано аспабымен до дыбысы беріледі, сосын өздерің дұрыс айтуларың керек. 8 нота айтылады. Енді қазылар алқасының бағасын тыңдайық. Мысалы : до нотасының бағасы-5.

Бұдан соң ойынның 2-ші туры басталады. Өз өнерін көрсету.

Енді өз өнерлеріңді до нотасынан бастап ретімен көрсетесіңдер. Алдан ала ескертілгендей өнер: қолөнер, спорт, ән, би, гимнастика бұлардың барлығы өнер саласына жатады. Оқушылар өнерлерін көрсетіп болған соң, қазылар бағасы тыңдалады.

Кезекті 3-ші турға берейк. Ол музыка характерін ажырату.

Әр сайыскерге жеке-жеке музыка ойналады.Кез келген марш түріндегі музыка ойналады. До нотасының сайыскері мұның музыка екенін, бұл музыканы тыңдап тұрып онымен не істей алар еді, немесе қандай қимыл жасайтынын сұраймыз. Әр сайыскерлерге марш, вальс, польк шығармаларынан үзінділер ойнау. Маршпен нақ жүруге, вальспен билеуге, полькамен секіріп билеуге болатынын ұстаздары дайындау керек.

Ойыншылар кезек пен кезек айтып болған соң, қазылар шешімін тыңдау.

Енді 4-ші турымыз Ритм ұру.

Алдын ала 8 кішкене қағазға әр түрлі ритмді жазып, дайындап алу керек.

Ал, балалар, мына қолдарыңдағы ритм жазылған қағаздарыңды маған бере қойыңдар. Кәне, до нотасының сайыскері барабан қасына жақындап, тыңдап ал, мен мына ритмді ұрамын, сен қайталайсың, жақсылап тыңдап ал. Осылайша сайыскерлер аяқталғанша ойналады.

Қазылар алдында да ритм ұру үлгілері беріледі.

Мысалы: 1

Бұдан соң қазылар шешімін тыңдау.

Ал, балалар, кезекті 5-ші турымыз эстафета деп аталады.

Нота сызықтары жазылған 8 қағаз тақтаға немесе қабырғаға ілінеді. Қәзір, до және ре нотасының сайыскерлері ортаға шығады, қолға фламастер беріледі. Сағатпен уақыт белгіленеді.

2


© 2010-2022