Қара қобызды сарнатқан - Жаппас Қаламбаев. музыка 4-сынып

Раздел Музыка
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Қара қобызды сарнатқан -Жаппас Қаламбаев.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні : Әншінің шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

Дамытушылығы: Оқушылардың ұлттық музыкаға деген ықыласын дамыту.

Тәрбиелік мәні : Қара қобыз шеберінің өмірі мен шеберлігі арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу,

Сабақ жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,сынып оқушыларын түгендеу,сабақтың мақсатын түсіндіру.

II.Үй тапсырмасын.

Сыныпты 3 топқа бөлу арқылы сұрақтарға жауап беру.

I топ «Әншілер» II топ «күйшілер» III топ «қобызшылар»

«Әншілер» тобына

Жүсіпбек Елебековтің ұстаздары кімдер?

Жүсіпбек кімдердің әндерін сақтап жеткізді?

«Күйшілер» тобына

Жүсіпбектің шәкірттері кімдер?

Не себепті Қақабай Мәдиді түрмеге жабады?

«Қобызшылар» тобына

Осы оқиғаға байланысты қандай қандай ән дүниеге келді?

Мәдидің бас қа қандай әндерін білесің?

III. Жаңа сабақ:

Қара қобызды сарнатқан -Жаппас Қаламбаев.

Қазақтың көне тарихымен бірге жалғасып келе жатқан қасиетті қобыз аспабының ел арасында кеңінен таралуына өлшеусіз үлес қосқан, Қорқыт пен Ықыластың өнерін ілгері жалғастыруға бүкіл саналы ғұмырын арнаған Жаппас Қаламбаев 1909 жылы наурыз айында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында өмірге келген. Ол 7-8 жасынан бастап әкесі Қасымбектен домбыра тартуды үйренеді. Домбыра тартумен қатар ,Жаппас қобыз аспабын да жетік меңгереді. Жаппас қобыз күйлерін атақты күйші Сүгірден үйренеді.Ұстазы Сүгір -Қаратау өңіріне жайылған қобызшылық пен домбырашылық дәстүрдің қалыптасуына зор ықпал еткен ірі күйші - композитор.

Жаппас Қаламбаев 1934 жылы Республикалық халық аспаптарында орындаушылардың I слетінде қатысып , өз өнерін көпшілікке танытады. Слеттен кейін жаңадан ұйымдастырылып жатқан қазақтың ұлт аспаптар оркестіріне шақырылып, осы оркестірде 30 жылдай жұмыс жасайды. Көптеген республикаға белгілі қобызшылар алғашқы сабақты Жаппас Қаламбаевтан алған. Жаппас Қаламбаев шәкірттері Гүлнәфис Баязитов, Фатима Балғаева және Болат Сарыбаев.

Күи тыңдау: Жаппас Қаламбаевтың орындауында Ықыластың күйі «Қасқыр».

IV. Қорытындылау.

а) Жаппас Қаламбаев қай жерде дүниеге келді?

ә)Жаппас кімдердің күйлерін орындады?

б)Жаппасқа қобыз сыйлаған кім?

в)Қобыз күйлерін Жаппас кімнен үйренген?

г) Жаппас кандай қобызда ойнады?

Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту. Реферат жасау.

Бағалау.


© 2010-2022