Сабақтың тақырыбы: Ән «Желсіз түнде жарық ай», ән тарихымен танысу

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ән «Желсіз түнде жарық ай»,ән тарихымен танысу

Сабақтың мақсаты: Домбыра тарту ережелерін үйрену

Сабақтың көрнекілігі:Домбыра,ноутбук,нота

Сабақтың барысы:

Домбыра сыныбы

1

Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгендеп жоқ оқушыны журналға белгі қою

2

Үй тапсырмасын сұрау.

3

Жаңа сабақ

«Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді», - деген Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын ұғуға болады. Балалардың жалпы музыканы қабылдау ерекшелігі, өмірге деген көзқарасы, мінез-құлқы, білімі, жалпы мәдениеті, музыкалық қабілеті, ой-өрісі бірдей болып келе бермейді. Желсіз түнде жарық ай Абайдың әні

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың жаны - терең сай

Тасыған өзен күрілдеп

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Сөз айта алмай бөгеліп

Дүрсіл қағып жүрегі

Тұрмап па еді сүйеніп

Тамаққа кіріп иегі?

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі

Көрінбей жердің топырағы

Құлпыраған жасыл жер жүзі

Таймаңдамай тымылжып

Бір суынып, бір ысып

Дем ала алмай дамыл қып

Елең қағып, бос шошып

Бейне оқуды тамашалау

Бекітуге арналған тапсырмалар:

4

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма



© 2010-2022