Төл сөз бен төлеу сөз

Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз     Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: төл сөз және төлеу сөз туралы түсінік                                    беру;                                   2) Дамытушылық: түрлі тапсырмаларды орындау                                   негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;                                   3) Тәрбиелік: отаншылдыққа, адамгершілік, ізгі                                  қасиеттерге баулу.     Сабақтың түрі: Аралас сабақ     Қолданылған технология: инновациялық технология     Сабақтың әдісі: талдау, түсіндіру, топтастыру, эвристикалық, сұрақ-                                   жауап.     Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті     Сабақтың барысы: І кезең                         А) Ұйымдастыру;                        Ә) Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин).
Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Төл сөз бен төлеу сөз

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: төл сөз және төлеу сөз туралы түсінік

беру;

2) Дамытушылық: түрлі тапсырмаларды орындау

негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;

3) Тәрбиелік: отаншылдыққа, адамгершілік, ізгі

қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Қолданылған технология: инновациялық технология

Сабақтың әдісі: талдау, түсіндіру, топтастыру, эвристикалық, сұрақ-

жауап.

Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: І кезең

А) Ұйымдастыру;

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (5-7 мин)

Венн диаграммасы бойынша үй тапсырмасын қорыту.

Төл сөз бен төлеу сөзТөл сөз бен төлеу сөзТөл сөз бен төлеу сөз

Салалас құрмалас

Аралас құрмалас

Сабақтас құрмалас

(тиянақты, тиянақты) (тиянақты, тиянақсыз) (тиянақты, тиянақсыз,

тиянақты)

ІІ кезең. Синектикалық бөлім (20 - 25 мин)

А) Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту (5 - 7 мин)

Миға шабуыл әдісі бойынша

Қайрат, ақыл, жүрек-үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Жүрек айтыпты: «Мен-адамның денесінің патшасымын»,-депті. 1) « Мен адамның денесінің патшасымын»,- деді жүрек

«____________________»,-

2. Жүрек былай деді: «Мен адамның денесінің патшасымын», - деді

« »: «_______________»

3.Жүрек: «Адамның денесінің патшасымын» , - деді

« »: «_______________», -

4. Жүрек адамның денесінің патшасы екендігін айтты.

Ә) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау (5 - 7 мин)

Төл сөз - сөйлеуші өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруі.

Төлеу сөз - сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізуі.

Автор сөзі - төл сөзді болсын, төлеу сөзді болсын жеткізуде оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі.

Б) Алған теориялық білімді практикада қолдану (8 - 10 мин)

156 - жаттығу

ІІІ кезең. Деңгейлік тапсырмалар (10 - 12 мин)

І деңгей.

  1. Төл сөз дегеніміз не ?

  2. Төмендегі сөйлемдерден төл сөздің астын бір, автор сөзінің астын ирек сызықпен сыз.

Абай өз ішінен: «Сүйіндік ауылы сыртқа кетіп қалады, жеткізбей ұзап кетеді- ау», - деп тынышсызданып еді (М.Әуезов)

«Менің ойлайтыным бәрінен бұрын өз жайым, өз жұмысымның жайы» , - деп жазды Хемингуэй, - содан соң семьямның қамы. (З.Қабдлов)

ІІ деңгей

  1. Төлеу сөз туралы айт және төмендегі төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жаз.

Керісінше, Хемингуэйден жүз жыл бұрын айтылған Белинскийдің «Ақын бәрінен бұрын адам, содан соң өз жерінің азаматы, өз дәуірінің перзенті» деген қағидалы сөзі - әлгіден гөрі әлдеқайда әділ, дұрыс, әлгіден гөрі әлде қайда прогресшіл пікір. (З.Қабдолов)

  • Ал кім барады? Кеттік, - деді есікке қарай беттеп.(Ғ.Мүсірепов)

  1. Сүйіп оқйтын газет журналың туралы пікіріңді жаз.

ІІІ деңгей

  1. Төлеу сөзді төл сөзге айналдырып мысал жаз.

Сәбит оған әдейі амандасқалы келгенін айтты. Жауынгерлер енді кері қайтуға болатынын, болмайтынын сұрады.

  1. Ұлы тұлғалардың бір - біріне айтқан сыни пікірлерін айт

Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма беру

1.Ереже жаттау

2.Деңгейлік тапсырмаларды толықтыру

3.157 - жаттығу





© 2010-2022