- Преподавателю
- Музыка
- Қазақтың халық музыкасы (5 класс)
Қазақтың халық музыкасы (5 класс)
Раздел | Музыка |
Класс | 5 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Юсупова З.А. |
Дата | 16.02.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты
Ашық сабақ 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Халық әндерін , күйлерін тыңдау ,талдау, насихаттау.
Дамытушылық: Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту, музыкалық сауаттылығын ашу, есту , есте сақтау қабылеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға халық музыкасы арқылыықыласын көтеругеықпал ету, сахна мәдениетін қалыптастыру, ой - өрісін кеңейту.
Сабақ типі: Жаңа сабақ, аралас сабақ.
Көрнекілігі: Аудио, видео, интерактивтітақта, магнитофон, карточкалар, таспалары, слайдтар.
Пәнаралық байланысы: Әдебиет , тарих , жаратылыстану , т. б.
№
Сабақ барысы
Уақыты
Жоспары
1
Ұйымдастыру
2 минут
Сәлемдесу,түгелдеу.
2
Өткен сабақты сұрау
4 минут
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
(картачкамен жұмыс)
3
Жаңа сабақты түсіндіру
8 минут
Қазақтың халық музыкасы.
4
Музыкалық тыңдау
3 минут
«Көрұғлы» Дәулеткерейдің күйі
5
Әндету
8 минут
«Домбырасыз сән
қайда » әні И.Нүсіпбаев.
6
Шығармашылық жұмыс
3 минут
Сөзжұмбақты шешу.
7
Музыкалық ойындар
7 минут
Викториналық тест
(Аспаптар үні.)
8
Қорытындылау
5 минут
«Қазақтың халық музыкасы».
9
Бағалау
3 минут
«5», - «4»,- «3»- .
10
Үйге тапсырма
2 минут
27-31 бет оқу,әңгімелеу.
-Сәлеметстиңдер ме балалар !
-Мінекей біздің бүгінгі сабағымыз үлкен мерекеге ұласуда.
-Сабағымызға келген қонақтарды қарсы алайық.
Сәлемдесу (оқушылар орнынын тұрып сахна мәдениетің сақтап сәлемдеседі)
-Иә, балалар біздің бүгінгі өтетің жаңа тақырыбымызды жазамыз.
«Қазақтың халық музыкасы»
«Екі ішектің бірің қатты , бірін сәл- сәл кем бұра.
Қазақ нағыз қазақ емес ,
Нағыз қазақ домбыра.» - деп ақын Қыдыр Мырзалиев ағамыз айтқандай , біз балалар өткен сабақта «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» атты тақырыбымен танысқан болатынбыз.
(Карточка таратамыз, аспаптың суреттерімен безендірілген)
- Қанекей қандай қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білесіндер?(домбыра, қобыз,шертер, жетіген,асатаяқ , дауылпаз , даңғыра , дабыл,шаңқобыз , сыбызғы , сазсырнай , мүйіз сырнай , үскірік , ұран т.б)
-Аңыз бойынша домбыры аспабы қалай пайда болған?
«Қос ішек» күйінің аңызын балалар кім айтады? ( Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын , қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап , кәсіп етсе керек.. Бірде жолы болып , теңбіл марал атып аладыда етекке түсіру үшін ішек қарнын ақтарып алып тастайды.Содан арада айлар өтеді, жігіт баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса , құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі.Ішектерді қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек , қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғаныкөреді.Ішектер жел тербесе ызыңдап , бірде сарнап , бірде сыңсып жылағандай түрлі күйге түсіреді.
Сол жерде аңшы жігіт ,ішекті үйге алып келеді де,бір аспап жасап , тартып көрсе , қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді.)
-Домбыра аспабы қандай бөліктерден тұрады? ( Домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Екі ішекті , үш ішекті болып келеді.)
-Жанрдың қандай түрлерін білесіңдер?( ән жанры, күй жанры,
би жанры)
-Ішекті аспаптарды кім атай ?
- Қанекей , қол көтеріп білетінімізді ортаға салайық..(домбыра,
қобыз, шертер , жетіген. )
-Жетіген аспабының тиегі неден жасалады.(Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалады, шанағы көн теріден қапталады,
ал күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.)
-Жарайсың , Жақсы !
-Ішекті аспаптарға жататын шертер аспабының құрылысы мен түрлері туралы кім айтып береді?(Құрылысы жөнінен домбыра , қобыз аспаптарына ұқсас келеді.Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.Ол ең көне ,көне, жаңа деп үш түрге бөлінеді.)
-Сілкімелі аспаптарға қандай аспаптар жатады?
( Асатаяқ , қоңырау, сақпан , тұяқтас , шартылдауық. Асатаяқ қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданған. )
-Балалар шаңқобызаспабы неден жасалады ? Қалай орындалады?
-Кім біледі ? ( Оның ортасында сүйір темір тілшесі болады, күйге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.)
-Үрмелі аспаптар жайлы кім біледі?
-Не себептен бұл аспаптарды үрмелі аспаптар дейміз?
(Орындалу әдіс- тәсіліне қарай оларды топқа бөлеміз.Атап айтатын болсақ үрмелі аспаптарға: сыбызғы , сазсырнай , мүйіз сырнай , ұран ,үскіріктер жатады.)
-Иә, балалар саз сырнай , мүйіз сырнай неден жасалады екен кім біледі? ( Саз балшықтан иленіп, отқа күйдіріліп оны оюлармен әшекейлеп, дыбысты тесіктерді жауып ашу арқылы шығарады. Ал мүйіз сырнай атының өзі айтып тұрғандай жануарлардың мүйізін тазалап , кептіріп, оған мүштік қойып ойналады.)
-Ұран аспабын халық қандай кезде пайдаланған?(Оны бұрын жауынгерлер көп пайдаланатын болған ,яғни жаудың келе жатқаны туралы хабар беру үшін)
- Жарайсыңдар балалар , үй тапсырмасын барлығын орындап келіпсіңдер, жақсы игеріпсіңдер.
-Ал енді біз жаңа сабағымызға көшелік.
Енді дәптерлерінді , қаламсаптарынды алып бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын жазып коялық..Оқулықпен жұмыс жасаймыз ,оқулықты ашатын болсаңдар тақырып бойынша мәтін тұр сол мәтінді мұқият қарап шығайық.
Оқулықта берілгендей біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың халық музыкасы.
Өнер - халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір , тіршілік құбылыстары , адамның күйініш - сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді.
Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры ,салт - дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет - ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына айналды.Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.
Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып , тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс - тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы ән мен күйі.
Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, азамат тіршілігіндегі оқиғалары , алуан түрлі ойларды ән - әуенмен жеткізе білген.
Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп , бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын - сауықтар барлығы да ән - күй аясында өтеді.
Өлімге қарсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқыт , ұлы ғұлама ғылым әл - Фараби , бейбіт , тыныш өмірді аңсап , Желмаясын желдіріп, дүниені кезген Асанқайғы бабалармыз үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы басқа дарын иелері халқының бастан кешкен тауқымет - тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.
Сөйтіп , халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен жұптаса
жалғасып келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих тағлымы жалғаса бермек.
Музыкалық шығарма тыңдау:
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Дәулеткерейдің күйі « Көрұғлы»
Музыкалық сауат ашу: (ережені жаттап ал)
Музыкалық жүйе . Лад.
Кез келген әуенде негізгі дыбыс болады. Осы дыбыстың басқа дыбыстармен арақатынасы музыкалық жүйе деп аталады.
Негізгі дыбыс әр тактідегі әлді үлеспен басталып , музыкалық ойдың мағынасын білдіріп тұрса , ол негізгі тон деп аталады .
Негізгі тон әуеннің басы мен аяғында анық байқалады, ал негізгі тонға құрылған дыбыс қатарын лад деп атайды.
Дауыс ашу жаттығулары:
(Қазақ халқының мақал- мәтелдерін әуенге келтіріп әндеті, дыбыс қатары бойынша жоғарылатып әндету,және төмендету.)
Ө - нер - ді үй - рен , үй - рен -де жи - рен.
( до - ре - ми- фа - соль, соль- фа- ми -ре - до )
Әндету:
Домбырасыз сән қайда.
Өлеңін жазған .Х.Талғаров. Әнін жазған. И.Нүсіпбаев.
-
Елдің жырын жырлаған ,
Қайғысын да толғаған .
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
Қайырмасы:
Домбырасыз сән қайда ,
Домбырасыз ән қайда .
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма?...
-
Құрманғазы , Тәттімбет
Домбырамен сайраған .
Жүрекке от жақсын деп ,
Елге күйін арнаған .
Қайырмасы:
3. Абай , Жамбыл , сал Біржан
Таңғалдырып ән салған .
Жүрегінді жандырған ,
Естіген жан тамсанған .
Қайырмасы:
Шығармашылық жұмыс:
Сөз жұмбақты дұрыс шешкенде, «қобыз» сөзі шығады.
1.Сілкіп ойналатын аспап түрі.
2.Қазақтың ұлттық аспабы.
3.Жауынгерлер пайдаланатын ұрмалы аспап.
4.Қурайдан жасалатын аспап.
5.Тілшелі музыкалық аспап.
Қорытындылау:
-
Халық музыкасы дегеніміз не?
-
Қандай халық сазгерлерін білесің?
-
Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.
Үйге тапсырма:
* Қазақтың халық музыкасы жайлы әңгімелеу.
* Лад дегеніміз.
* «Домбырасыз сән қайда» әнін жатқа әндету.
Бағалау:«5» - «4» - «3»