Қазағымның үні сенсің, домбыра

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазағымның үні сенсің, домбыра



Мақсаты: домбыраның шығу тарихы, алтын домбыра туралы аңызбен таныстыру, асыл домбыраны қастерлеуге баулу; кеш қонағы - домбырашы ұстаздың өнер саласына келу жолымен танысу, көкейдегі көп сауалға жауап алу.
Домбырам, досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді киям саған.
Шағымда шабыттанған, қиялдаған,
Шапағын, бар шаттығын құяр маған, - деп ақын М. Мақатаев жырлағандай, бүгінгі «Қазағымның үні сенсің, домбыра» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

«Домбыра туралы баллада» әні (жеке орындауда)

Алтын домбыра жайлы аңыз.
Қасиетті «домбыра» атауының шығу тарихы. (Оқушылар Ө. Жәнібековтің «Уақыт керуені» кітабында берілген дерек бойынша түсіндіреді).
Күй халықтың ұлттық сазына жата ма, күй деген ұлттық ұғымды қалай түсінеміз?
Күй - адам сезімін, психологиялық күйін түрлі аспаптар арқылы сыртқа шығаратын халық мұрасы. Оны шығарушыны күйші, композитор, ал жеткізушіні орындаушы дейді. Күй - омонимдес сөз: күй - заттық ұғым, күй - қимыл ұғымы мағынасын атқаратын сөз.

Самал қағып сыңғырлап шертілгендей,
Дүбірді естіп боз тарлан желпінгендей.
Күмбірлеп қоңыр үнің естілгенде,
Көңілдің қара бұлты серпілгендей.

Халық күйі «Кеңес». Орындайтын -
Сыры бар Қаратаудай қатпарланған,
Алаулап жалын күйден тастар жанған.
«Өрт шалып дүниені кетпесін!» деп
Ежелден домбыра ғой сақтандырған.

Енді менің жолдасым - жалғыз қобыз,
Сарна, қобыз, мұң - зарлы шығар лебіз.
Сен жыласаң, жылармын мен де бірге
Жан жыласа, жыламай қала ма көз?!

Күй белгілі бір оқиғаға немесе адамның көңіл күйіне байланысты қазақ даласын шарлайды. Ендігі сәтте «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихына құлақ түрейік. (Оқушы)
«Домбырасыз сән қайда?» әні (хормен айтылады).
Шертеді бұл домбыра дала сырын,
Айтады жүректегі баба жырын.
Күмбірлеп күй төгеді шанағынан,
Аяулы анамыздай - жанашырым.

Заман - ай» күйі. Орындайтын:
Біздің ата - бабамыз сөзшең болып, өзгенің де ұтқыр және өткір ойын ризашылықпен қабылдап, сөз қадірін білген халық.
Ендеше, ортаға бүгінгі қонағымызды шақырайық.
Домбыра қайда барсам тастамаймын,
Әнменен сенсіз өлең бастамаймын.
Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен,
Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын, -
дегендей, осы домбырашылық өнер сіздің мамандығыңыз, жүрегіңіздің қалауы деп айтсақ, қателеспейміз бе? Өзіңіз бұл туралы не айтар едіңіз?
Жауап:
Енді көкейдегі көп сауалға кезек берейік.
(Оқушылар тарапынан қонаққа сұрақтар қойылады).
Жан жолдас жас күнімнен қайда барсам,
Жаныма жүре алмаймын байламасам.
Дауысыма дауыс қосып әсер береді,
Жаңғыртып тау мен тасты айқайласам.
Сізден «Дариға, домбырамды берші маған» әнін орындап беруіңізді сұраймыз.
Тұңғыш аспап - қобыз, күйші Қорқыт екен.
Біз білетін күй атасы, оның күйлері туралы не білеміз?
1 - оқушы. Күй атасы - Құрманғазы, «Кішкентай» күйі туралы мәлімет,
4 - оқушы. «Кісен ашқан» күйінің шығу тарихы
2 - оқушы. «Қайран шешем» күйінің шығу тарихы
3 - оқушы. «Балдырған» күйінің шығу тарихы
5 - оқушы. «Сарыарқа» күйінің шығу тарихымен таныстырады.

Құрманғазының «Ертең кетем» күйі.
Орындайтын________________

Өзінен әсем әуен қалықтаған,
Қос ішектен аққу күй шарықтаған.
Ескі көзден қалған сен мұра едің,
Аялап ертеңдерге алып барам, - дей отыра, кешімізді аяқтаймыз.
( Қонаққа ескерткіш сыйлық ұсынылады).





© 2010-2022