Урок по музыка на тему Ел еркесі Ақан сері

1.Ақан серінің «Маңмаңгер» әнінің шығу тарихы жайлы әңгемелеу.Қазақ халқының музыкалық дәстүрінде сал-серілердіңорны ерекше. 19 ғасырда кеңінен етек алған сал-серілік өнермузыкалық мәдениетімізде елеулі із қалдырған өнер қайраткерлері: Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ , Жаяу Муса т.б айтуымызға болады.Ақан сері (1843-1913)- ақын,әнші,композитор. Ол Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ақынның үш жүзге аты шыққан Құлагер деген жүйрік аты, Қараторғай деген қыран бүркіті, соңына еріткен тазы...
Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Күні:________

Сыныбы: 3 а,ә,б,в,г

Сабақтың тақырыбы: Ел еркесі Ақан сері. «Маңмаңгер»

Сабақтың мақсаты: Ақан сері шығармашылығымен танысу.

Сабақтың міндеттері:

а)білімділігі: Қазақ өміріндегі сал-серілердің алатын орны туралы білімдерін арттыру.

ә)дамытушылығы: Оқушылардың ән айту қабілеттерін дамыту.

б)тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Ақан сері суреті

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,сыныпты түгендеу

ІІ. Жаңа сабақ

1.Ақан серінің «Маңмаңгер» әнінің шығу тарихы жайлы әңгемелеу.

Қазақ халқының музыкалық дәстүрінде сал-серілердің орны ерекше. 19 ғасырда кеңінен етек алған сал-серілік өнер музыкалық мәдениетімізде елеулі із қалдырған өнер қайраткерлері: Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Балуан Шолақ , Жаяу Муса т.б айтуымызға болады.

Ақан сері (1843-1913)- ақын,әнші,композитор. Ол Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ақынның үш жүзге аты шыққан Құлагер деген жүйрік аты, Қараторғай деген қыран бүркіті, соңына еріткен тазысы болған.

Ақан серінің шын аты - Ақжігіт. Оның: «Құлагер,Маңмаңгер, Сырғақты, Сырымбет, Балқадиша», т .б көптеген әндері бар.

2.Ақан серінің-қазақ ән өнерінің алтын көмбесіне қалдырған қайталанбас туынды болып табылады. Оның Құлагерге арнап шығарған әні «Маңмаңгер».

3. Ән орындайық: «Балалық шақ»

Әнін жазған: А.Маханбетова, Өлеңін жазған: Ә.Асылбек.

Ән көңілді, жігерлі орындалады.

4.Сұрақтарға жауап беру:

1. Ақан серінің шын аты кім?

2. Ақан серінің жүйрік атын қалай атаған?

3. Қандай әндерін білесіңдер?

5.Қорытындылау

6.Бағалау

7.Үйге тапсырма: Ел еркесі Ақан сері. «Маңмаңгер» оқып келу.



© 2010-2022