Ашық сабақ Музыкадағы табиғат бейнесі. (6 сынып)

Раздел Музыка
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 44 ЖОББМ, БҚО, Орал, музыка пәні мұғалімі Калиев Коблан Балтаевич

Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат бейнесі.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға ән күйлерді тыңдату арқылы музыканы сезінуге баулу.

  • Тақырыпты өз мәнінде әңгімелеп, музыкамен байланыстырып жеткізу.

  • Айналамыздағы қоршаған ғажап табиғатты бейнелей отырып, олардың көзқарасын,ұғымын табиғатты аялауға, тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.

Жоқ оқушыларды түгендеу.

Жаңа сабақ:

Балалар мына суретке назар аударайық.

Бізді қоршаған табиғат қандай тамаша. Дала көкорай көк шалғын,жайқалған гүлдер, көгілдір аспан. Осы бір көріністі суретшілер немен бейнелеген.Түрлі түсті бояумен. Ал ақындар ше ? Өлеңмен. Ал әншілер осы көріністі қалай суреттейді? Әнмен, музыкамен.

Олай болса біз бүгін табиғат аясына саяхатқа шығайық.

Табиғат көрінісі. Күй «Көңіл толқыны»

Саяхатқа шықпас бұрын ,біз үш топқа бөлініп алайық.

  1. Суретшілер тобы . Бұлар бүгінгі саяхаттан көрген білгендерін суреттеп салып отырады.

  2. Ақындар тобы. Табиғат туралы өлең шығарады

  3. Әншілер тобы. Ән орындайды

Ал, ендеше, кеттік. Міне алдымызда жайқалып өскен қызғалдақ. Қане қызғалдақ теріп көрейік, бұларда не сыр бар екен.

Қызғалдақтардан сұрақтар шығады.

Оқушылар әне алыстан бір ауыл көрінді. Кімнің ауылы екен?

Бұл Құрманғазы бабамыздың ауылы болды ғой.

Ал қане кім айтады Құрманғазы деген кім? Оқушылар жауап береді.

Оның қандай күйлері бар? Олай болса Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдап көрелік. Слайд көрсетіледі.

Балалар, күн кеш болып бара жатыр , анау өзеннің жағасына барып демалайық . Слайд көрсету. Оқушылар қандай тамаша көрініс десеңші. Күн тып тымық, ай сәулесі көлдің бетіне түсіп тұр. Ал оындай көріністі әсем әнге қосқан қай ақын?

Абай Құнанбаев .

Оның қандай өлеңдері бар? «Көзімнің қарасы» , «Айттым сәлем, Қаламқас» , «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай»

Ән тыңдау.

Міне балалар таңда атты. Сапарымызды ары қарай жалғастырайық.

Енді біраз жүрсек Жайлауға да жетеміз. Бізді жайлауда күйші Мағауия Хамзин ағамыз күтіп отыр екен.

Күйші туралы айту.

Мағауия Хамзин (29.12.1927 жылы туылған қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат ауылы) - домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі.Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды. Қазақстанның халық артисі (1979). Күйшілік өнерге баулыған әкесі Хамза және Сатан, Хамит, Әшірбек сияқты әнші-күйшілер болды. Ұстазы Аққыздан үйренген Тәттімбеттің "Сары жайлау","Сылқылдақ" күйлерін көркем өнерпаздар үйірмесінде шебер орындап, көзге түсті.

«Жайлау» күйін тыңдау.

Демалып болсақ сапарымызды жалғастырайық. Алатау бөктеріне де келіп жеттік. Қандай тамаша көрініс десеңші. Ал осындай табиғат сұлулығын бейнелеген суретші кім? Әбілхан Қастеев. Енді, осындай табиғат аясында отырып неге ән салмасқа.

«Алатау» әні.

Ал енді бізің үш топ бүгінгі саяхаттан не түйді екен?

Әншілер әнін айтты. Табиғат сұлулығы ақындарға қандай шабыт берді екен?

Енді суретшілер әсем табиғатты ақ қағаз бетіне қалай түсірер екен көрелік.

Табиғат көрінісі. Күй ойнап тұрады .

Міне, балалар, Музыкадағы табиғат бейнесі - осы.

Бізбен бірге саяхатқа шыққандарыңызға рахмет.





«2030-шы жыл екен»

2030-шы жыл екен,

Оқу орнын бітіріп,

Өзім оқыған мектепте,

Ұстаз болып жүр екем.

Бұрынғымен бүгіннен,

Бір өзгеріс бар ма деп,

Ойға батып тұр екем.

Ел басшымыз Нұрекең,

Барыс боп өзі тұр екен.

Оқушыларға үйден-ақ,

Телефонмен звондап.

Сабақ беріп жүр екем.

Қазақ тілім тіл екен,

Басқа тілге пір екен.

Үзіліске шыққанда,

Орысша айтқан оқушылар

Қазақтың жалпақ тілінде,

Әңгімелесіп тұр екен.

Бұрынғыдай алысып жұлысуды

Бұлар тіпті білмейді екен.

Кезекшіге қарамай ,

Бір-біріне ізетпен,

Сабақтарыңа кір дейді екен.

Сабаққа таңмен келгенде,

Кешігуді білмейді екен.

Бұрынғы мектеп киімін,

Бір-біріне таңданып,

Қандай әдемі шіркін деп,

Үйлесіп ақ тұр дейді екен.

Сыныпқа біреу кірсе де,

Абдырап еш саспайды екен.

Шуламай қол көтеріп,

Сабақты айта бастайды екен.

Тазалықтан бастасақ,

Жерге қағаз шашпайды екен.

Тіпті жетінші сабақ болса да,

Сабақтан еш біреуі қашпайды екен.

Мектепті өздері сыпырып,

Өздері жинайды екен.

Өсіп тұрған гүлдерді

Өліп кетсе де жұлмайды екен.

Мұғалім келе жатқанда,

Жол беріп тұрады екен.

Қоятындары тек қана

Сабаққа байланысты сұрақ екен.

2030-шы жыл екен,

Терең ұйқыда жүр екем.

Көзімді ашып қарасам,

Сол баяғы қалпымда.

«Жүгірме, ойбай, жайла» деп,

Айқайға басып тұр екем.

© 2010-2022