Күй атасы-Құрманғазы 2 сынып

Раздел Музыка
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

2

Уақыты:

Тоқсанның тақырыбы:

Күйші композиторлар

Сабақтың тақырыбы:

Күй атасы Құрманғазы.

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Күй , күйші жайлы түсінік беру. Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге үйрету.

Б)Коммуникативтік

Музыка арқылы өз халқының салт дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Музыкалық қабілеттерін халық әндері мен күйлерін орындап, тыңдау барысында одан әрі дамыту.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Сөздік, көрнекілік, түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа .домбыра, күйші суреті

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ? - ұстазымыз,

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

«Қызықты каникул кезінде» шағын әңгіме құрастырып, демалыста қалай демалғандары туралы өз ойларын айтады.

Оқушылар өз өміріндегі қуанышты кезеңдерімен бөлісе білуі.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Күй атасы- Құрманғазы 2 сыныпКүй атасы- Құрманғазы 2 сынып

Қазақ халқының аспаптық музыкасы күй деп аталады. Күйді халық музыка аспаптарында орындаушы адам күйші деп аталады.

Күйші сөзі екі мағынада қолданылады, біріншісі - күй шығаратын композитор, екіншісі күйді шебер орындайтын адам. Осындай күйді өз жанынан шығарып, шебер орындаушы күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлымен танысатын боламыз.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) қазақтың күйші композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың (күйдің) классигі. Қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданындағы тЖиделіде дүниеге келіп, Астрахань (Ресей) облысындағы «Шайтан батаға деген жерде қайтыс болған. Кедей шаруаның баласы. Жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түсті. Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтік әділетсіздік пен қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Жалпы Құрманғазы-күйшілік өнердегі жаңашылдығымен халық музыкасына жаңа бағыт тудырып, өзіндік орындаушылық дәстүрін қалыптастырып кеткен 19 ғасырдағы аспаптық музыканың алыбы.

Күйлері: «Балбырауын», «Адай», «Кішкентай», «Серпер», «Аман бол шешем, аман бол!», «Қайран шешем», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Сарыарқа», т.б.

Құрманғазының ойнаған аспабы-Домбыра.

Домбыра-қазақ халқының арасында кең тараған екі ішекті музыкалық аспап. Ағаштан жасалады, екі ішек, екі құлақ, тиек, 19 перне болады.

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Ән үйрену:

Әні: Ж. Еңсепов,

Сөзі:Н. Нұрқабылов "Алғашқы қоңырау"

Мұғалім домбырамен әнді орындап көрсетеді.

1 Балалар тынықты,

Серуендеп, шынықты.

Жан-жағын бақылап,

Әлемнен мол сыр ұқты

Қайырмасы:

Ахау, ахау, күлкісі бар күмістей,

Бұл алғашқы қоңырау.

2 Құлындай ойнайды,

Жүздері де жайнайды.

Жігері бойында,

Тасқындайды, қайнайды.

Оқушылар әннің сөзін қайталап үйренеді,

Әуенімен қосып орындайды.

Ән әуенін үйрену,

.

Музыка тыңдау:

Құрманғазы «Аман бол, шешем, аман бол!».

Тыңдайды.

Тыңдаған күйдің мазмұнын түсініп, ұғынады..

Жаңа сабақты бекіту

  • Күй дегеніміз не?

  • Күйші деп кімді айтамыз?

  • Құрманғазы кім?

  • Қандай күйлерін білесің?

  • Қай аспапта ойнаған?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы бойында проблеманы шешу құзыреттілігі шыңдалады, жаңа материалды қорытындылайды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

Үй тапсырмасы

Күйші өмірінің мазмұнын айту, Жаңа әнді жаттау

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.



© 2010-2022