Урок Абай салған сырлы әндер

Раздел Музыка
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Астана қаласы

№16 мектебінің музыка мұғалімі

Пирмаханова Жазира Сериковна


Сабақтың тақырыбы: Абай салған сырлы әндер.

Сабақтың мақсаты: Қазақ музыка өнерінің сал-серілерінің шығармаларымен салыстыра орындап, классик композитор Абай шығармаларына деген сүйіспеншілікті ояту.

Міндеті: Оқушының музыкалық сауаттылығын арттыру, рухани бай,шығармашыл болуға баулу.Әндердің ырғақтық суретін, әуендік бояуын келтіре орындауға машықтандыру, талпындыру, түсіндіру. Халық композиторларына деген ерекше көзқарастарын қалыптастырып, олардың шығармаларын тыңдауда рухани ләззат алуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты көркемсуреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру сәті: Оқушылармен амандасу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын дайындауын ескерту. Дауыс жаттығуына «Дыбыс қатарын» орындайды.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып Жаяу Мұса «Ақ сиса» туралы сұрау.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Абай салған сырлы әндер.

Бүгінгі біздің сабағымыз Абай әндеріне арналады. (Оқулықтағы мәтінді оқытып, оқушылардың түсінігін кеңейту)

Сабақты аудиожазбада ойнатылған «Желсіз түнде жарық ай» әдемі әнімен бастау.

-Бұл кімнің әні?Қалай аталады? Абай кім? (Оқушылардың жауабына қарай төмендегі сызбаны тақтаға жазу)

Абай Құнанбаев-ақын, композитор, орындаушы, аудармашы,ағартушы.

Абай құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды.Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды.Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетіне үлкен үлес қосқан.Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.

Табиғат - «Желсіз түнде жарық ай», Махаббат -«Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», Үлгі,өнегелік әндер - «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Аударма әндер - «Қараңғы түнде тау қалғып», Сыншыл әндер - «Сегіз аяқ».

Музыка тыңдау: Абайдың әні «Көзімнің қарасы»

Әннің әуені қалай орындалады?Ән сипаты жағынан қандай әндердің қатарына жатады?

Ән үйрену: Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай».

Шығармашылық жұмыс: «Ақын болу» ойыны.Абайға арнап өлең шығару.

(Ақын Абай)..........дана,

(Қазағымда)...........ғана.

(Өлеңімен)........сусындатып,

(Болған әркез)........пана.

4.Сабақты қорытындылау: Жаңа тақырыпты оқушылармен сұрақ-жауап арқылы бекіту.Қандай музыкалар тыңдалғаны,қандай ән үйренгендері туралы сұрау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

5.Үйге тапсырма: Жаңа тақырыпты оқып келу, әнді жаттап келу.

© 2010-2022