Батыр ата! атты салтанатты шеру

  9 мамыр мерекесіне арналған «Батыр ата» атты салтанатты жиын (Музыка әуенімен балалар саппен қолдарына шар, гүл, жалау ұстап алаңға келіп тұрады) Музыка жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер мен бүлдіршіндер! Бүгінгі 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Батыр ата» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын. ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!  Музыка жетекшісі: Бүгін біз Ұлы Жеңістің 70 - жылдығын  тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! Енді, сөз кезегі біздің бөбекжайымыз...    
Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 мамыр мерекесіне арналған «Батыр ата» атты салтанатты жиын

(Музыка әуенімен балалар саппен қолдарына шар, гүл, жалау ұстап алаңға келіп тұрады)

Музыка жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер мен бүлдіршіндер! Бүгінгі

9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Батыр ата» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

Музыка жетекшісі: Бүгін біз Ұлы Жеңістің 70 - жылдығын тойлағалы отырмыз.

Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
Енді, сөз кезегі біздің бөбекжайымыздың меңгерушісі Ровда Любовь Ивановнаға беріледі.

Музыка жетекшісі: Балалар, біз өзімізге бейбітшілік сыйлаған ата - бабаларымыздың ерліктерін мәңгі ұмытпаймыз, солардың арқасында біз шаттықты, бақытты өмір сүрудеміз, оқимыз және жұмыс жасаймыз.

Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер, яғни сендерсіндер.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «Катюша»

Музыка жетекшісі: Енді, келесі кезекті ересек «Раушан» тобының білдіршіндерінің құттықтауларына береміз.

Тақпақ Раушан тобы

Музыка жетекшісі: Соғыс болмас үшін ел үшін, жер үшін жанын берген ата - бабаларымызға арнап біз тамаша ән орындап берейік.

Ән: «Жеңіс күні»

Музыка жетекшісі: Енді, келесі кезекті ортаңғы «Ақбота» тобының білдіршіндерінің құттықтауларына береміз.

Тақпақ Ақбота тобы

Музыка жетекшісі:

Тас жаратын семсердей тілімдесің
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің.
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан
Ойым да, түнім де, күнімдесің, - дей келе, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Музыка жетекшісі: Енді, келесі кезекті ортаңғы «Жемчужинка» тобының білдіршіндерінің құттықтауларына береміз.

Тақпақ Жемчужинка тобы

Музыка жетекшісі:

Туған жерім, теңдесі жоқ мекенім!
Қазір де мен қадіріңе жетемін.
Қуанамын әр гүлденген гүліңе,
Сен тұрғанда керек емес өзге елдің, - дей отырып, «Қазақстан» әнін орындайық.

Ән: «Қазақстан»
Музыка жетекшісі: Осымен бүгінгі 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Батыр ата» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймын.

Оңға бұрыл! Алға бас!

(Балалар саппен алаңнан шығып кетеді)

Музыка жетекшісі: Рахмет сіздерге! Сау болыңыздар!



© 2010-2022