Доклад на тему Қазақ хор музыкасының даму трихы

Раздел Музыка
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ хор музыкасының даму тарихы.

Көптеген ғасырлар бойы қазақтардың музыкылық өнері ән мәдениетінің айналасында дамыған. Әндер адамның тұлға ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды, ата - бабадан тараған әндер жастарды адамгершілікке үйретті, өмірде керек эмоцияларды қалыптастырды. Әндердің тақырыбы әр алуан болды, олар келесі жанрлар бойынша бөлінеді:

  1. Тұрмыс - салт әндер (күнтізбелік әндер). « Наурыз әндері» - жаңа - жылдық құттықтау әндері, сәттілік тілеу әндері - «Жарапазан», «Жарамазан», «Бәдік», ал бақташылар әні пәле - жаладан аластау үшін қолданылған.

  2. Отбасылық - салт әндер (үйлену тойы және кісі қазасына арналған әндер). «Той бастар», «Жар - жар», «Сыңсу» ( қалындықтын өз жұртымен қоштасу әні), «Беташар», «Жоқтау» (марқұмды жоқтау әні), « Қоштасу» (қайғыру әні).

  3. Отбасылық - тұрмыстық әндер (ақыл әндер) - мұнда еңбекқорлық, шыншылдық, Отанына, халқына деген махаббат әндетіледі, бесік жырлары, табиғат туралы лирикалық әндер жатады.

  4. Еңбек және тарихи әндері.

Қазақ халық унисонды ән айту хор ұжымдық ән айтуға жатпайды. Бірдауысты ән айту хормен ән айтуға жатпайды. Белгілі бір уақытқа дейін қазақ тілінде « хор» немесе «хормен ән айту» сияқты сөздер болмаған, оның орнына «қосылып айту», яғни, бірге, топпен ән айту деген мағынаны білдіретін сөз болды.

1917 жылдағы көтерілістен кейін ғана Қазақстанда хор өнері белсенді қарқынын ала бастайды. Хор өнері халықтың көңілі мен ойлау қабілетіне ықпалын тигізетін құралға айнала бастады. Совет үкіметі хормен ән айту өнерін көтерілістік - массалық әндер арқылы коммунистік ойларды насихаттаушы құрал ретінде қолданды. Әндер көтерілістерде, жиналыстарда, яғни, көп адам жиналатын жерлерде естілетін болған. Ол әндерде көтерілістің батырлары, олардың ерлігі әндетілді.

Қазақстандағы хор өнерінің ұзақ жолын үш кезеңге бөлуге болады:

  1. XX ғасырдың 30 - 40 жж. - қазақ халық әндерінің хорға арнап өндеуі басым болды.

  2. XX ғасырдың 50 - 60 жж. - хор музыкасының жанрлар көлемінің ұлғайу кезеңі: бірегей хор шығармалары пайда болды, хор поэмасы, хор сюита жанрлары белсенді дами бастады.

  3. XX ғасырдың 70 - 80 жж. - кантата - ораториялық, хор әндері, хор миниатюралары жанрларының даму кезеңі.

М. М. Ахметова айтқандай: «Қазақстанның хор өнерінің дамуына орыс композиторлары мен музыканттары зор үлестерін қосты - И. В. Коцык, Д. Д. Ковалев, Б. А. Орлов, Е. Г. Брусиловский, Д. Д. Мацуцын, Б. Г. Ерзакович».

Қазақ музыкасында қалыптасып кеткен бір дауысты унисонды орындаудан кейін орындаушылық тәжірибеге жаңаша көп дауысты ән айту мәнерін орнату оңайға соқпады. Сонда да көптеген композиторлар жаңа пайда болған мәнерді қалыптастыруға үлестерін көптен коса бастады.

30 - шы жылдарындағы қазақ халық әндерінің жазу үлгілері:

  1. Өңдеулерде шағын кіріспелер қолданылды.

  2. Өңдеудің негізгі көлемі - шумақты - вариациялық.

  3. Хор педалін қолдану, хор топтарымен олардың тембірін ұштастыру.

У. Джумакова мен Н. Кетегенованың айтуларынша, «Опералық шығармашылық Қазақстан композиторлар арасында айрықша құбылыс. Мұнда өзара қазақ халқының ұлттық дәстіру мен еуропалық, орыс өнерлері байланысқан».

Қазақстанның опера жанырын да үш кезеңге бөлуге болады:

1 - ші кезең - 1934 жылдан - 1947 жылға дейін. Бұл кезең қазақ операсының қалыптасу кезеңі болып есептеледі. Сол кезеңге « Қыз Жібек», « Жалбыр»,

« Ер Тарғын» опералары жатады, осы кезеңнің опера жанырының тұңғыш майталманы Е.Брусиловский, жоғарыда аталып өткен барлық опералар осы композитордың қаламынан пайда болды. Осы опералардағы хор көріністер бір - екі дауысты болса, келесі «Айман - Шолпан», « Алтын астық», «Тұтқын қыз», «Гвардия алға» операларында хор үндеуі едәуір күрделенген, үйреншікті бір - екі дауыс фактурасы енді күрделенген түрде жазыла бастады. Мысалы «Ер Тарғын» операсында көп дауысты полифония байқалады. Мысалы 1934 жылы жазылған «Қыз Жібек» операсы және 1940 жылы жазылған « Алтын астық» операсын алып салыстыратын болсақ, хор фактурасында үлкен айырмашылық бар екенін көруге болады. Осы кезеңдегі опералардың көбі ұлттық стильде жазылған.

2 - ші кезең - XX ғғ. 40 жылдың аяғы мен 60 жылдың басы. Совет Одығындағы жаңа кезеңнің пайда болуымен тепе - тең болды. Осы уақытта опера жанырына деген қызығушылық аса үлкен болмады. Болған операларға екінші басылымдар пайда бола бастады. Бірақ халыққа жағынып қалған бұл жанр өз серпінін жоя қойған жоқ. Содан болар, 1953 жылы Е. Брусиловскидің кезекті операсы «Дударай» пайда болды. Одан кейін де басқа композиторлардың опералары белсенді қарқынмен пайда бола бастады.

3 - ші кезең 70 - ші жылдың басы. Бұл кезең опера жанырының күрделену кезеңі болып саналады. Кантата, оратория, хор сюитасы, хор және вокалды музыка жанырларында өз тәжірибелерін жинап, шыңдап алған композиторлар енді бар білгендерін операның одан бетер шыңдалуына салып, дамуына үлестерін қоса бастайды. Осы кезеңде Қазақстан композиторларының «Садыр Палван», «Алпамыс», « Еңлік - Кебек», « Құрманғазы», « Махамбет», « Жиырма сегіз» сияқты опералары пайда бола бастады.

Хордың операдағы рөлі, Қазақстан композиторлары үшін үлкен өзгеріске ұшырады. Енді кезінде қазақтың « қосылып айту» деген сөзі « хормен ән айту» деген атқа ие болды, бұл деген, опера жанырындағы хордың орны ерекше бөлек дегенді білдіреді, хор - ол осы жанырдың таптырмас бөлігі, басты кейіпкерлердің қатарына еңген ұжым болып калыптасты. Осыдан,хор өнерінің қандай қарқынмен дамығанын көруге болады. Хордың профессионалды деңгейі композиторлар үщін талай, әр алуан хор стилін қолдануға болатынын анық көрсетті.











Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Г. Арикайнен «Қазақстандағы хор өнері» - Алма - Ата, 1965 ж. - 274 б.

  2. М. Ахметова «Қазақ ән мәдениетінің дәстүрлері» - Алма - Ата, 1984 ж. - 128б.

  3. У. Джумакова, Н. Кетегенова « Қазақ музыка әдебиеті» - Алматы, 1995 ж. - 256б.



© 2010-2022