Оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар сабақ жоспары (4-класс)

Сабақтың тақырыбы:  Оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар         Сабақтың мақсаты:  Орыс халқының музыкалық аспаптарымен таныстыру                                  - Әннің ырғағын таза алуға үйрету;                                                                                                          - Аспаптар туралы ұғымдарын кеңейту;                                                                                                 - Музыка аспаптарын күтуге тәрбиелеу;                            ...
Раздел Музыка
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Оркестрдегі үрмелі ағаш аспаптар Сабақтың мақсаты: Орыс халқының музыкалық аспаптарымен таныстыру

- Әннің ырғағын таза алуға үйрету;

- Аспаптар туралы ұғымдарын кеңейту;

- Музыка аспаптарын күтуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: аспаптардың суреттері,оқулық, дәптер,үнтаспа.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу

- Сабаққа зейіндерін аудару

- Үй тапсырмасын тексеру

II. Негізгі бөлім. -Түсіндіру

-Оркестрдегі үрлемелі ағаш асапаптар қатарына: флейта, гобой, кларнет, фагот аспаптары жатады.

-Флейта-үрмелі музыкалық аспап. Флейтаның пайда болған жері Азия деп саналады. Ол көбіне ағаштан жасалады.15-17 ғасырларда флейта аспабы әбден жетілдірілді.қазіргі кезде үш бөліктен тұратын флейтаны пайдаланады; ұзындығы 72 см-ге дейін, 16-18 ойығы бар. Флейта симфониялық оркестрде, джаз оркестрінде, әскери үрмелі оркестрдеқолданылады.сондай-ақ жеке (соло) шығармалар да орындайды. Флейтаға арнап И.С.Бах.,Г.Ф.Гендель,В.А.Моцерт,Л.В.Бетховен,А.А.Альябев сияқты композиторлар шығармалар жазды.

-Гобой -үрмелі музыкалық аспап. Бас жағы керней тәрізді кеңейтілген қысқа түтікке жалғанған, ұзындығы 59-61 мм-дей ағаш түтікшеден жасалады. Симфониялық оркестрдің құрамында және ансамбльдерде жетілдірілген тілшелі (клапонды) гобойлар пайданылады. Қазақстанда 1934 жылы музыкалық оқу орындарынды гобой кластары ашылды.

-Кларнет-көп тілді музыкалық аспап.Кларнет ағаштан және пластмассадан жасалады. Ол сыбызғының негізінде 17-ғасырдың аяғында пайда болды. Ұзындығы 680 мм, шамамен 20 тілі, 7-ойығы бар. Кларнеттің кіші кларнет, альт- кларнет, бас-кларнет, контрабас-кларнет сияқты түрлері бар.

-Фагот- үрмелі музыкалық аспап. Сыртқы түрі қосақтасып байластырылған бір буда ағаш тәрізді. Ол ағаштан, кейде пластмассадан жасалады. Ұзындығы 1350мм-ге жуық;дыбыс шығаратын басқыштары (клапондар) мен үрлейтін тілшесі бар, дыбысы жұмсақ.фаготтың алғашқы түрін 16-ғасырда Италия музыканты А.Альбонези ойлап тапты. Неміс өнертапқыштары ойлап тапқан фаготты қазіргі кезге дейін дүниежүзі елдерінің орындаушылары жоғары бағалап, қолданып келеді. Фагот тұрақты тұрде симфониялық оркестр құрамында.

- Музыка тыңдау

В.А.Моцерт «Сиқырлы флейта» үзінді тыңдау.

-Музыка сауаты

Оркестрдегі үрмелі аспаптар: флейта, гобой, кларнет, фагот.

Флейташы - флейта аспабында ойнайтын кәсіби музыкант.

-Дауыс жаттығуы

-Ән үйрену: Б.Дәлденбаев. «Балдырғандар әні»

III. Қорытынды

- Бекіту сұрақтары:

1.Флейта аспабының құрылысы қандай?

2.Фагот аспабының даму тарихы туралы әңгімеле.

3.Гобой аспабының құрылысын сипаттап бер.

4.Кларнет қандай аспап? Оның түрлерін ата.

-Үйге: Тақырыпты оқу, кестені толтыру

Симфониялық оркестр құрамы

Аспаптар атауы

Ішекті-ыспалы аспаптар

Үрмелі ағаш аспаптар



© 2010-2022